жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Кішкентай ханзада" байқауы
«Кішкентай ханзада мен ханшайым-2018» сайысы
1
- жүргізуші Қайырлы күн, құрметті
ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Асыл
тастан, өнер жастан шығады деп
дарынды,
Халық
айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.
Сол
өнердің жолын қуған ««Кішкентай ханзада
мен ханшайым 2018»» сайысына қатысатын
бүлдіршіндеріміздің
жолы
ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп
сайысымызды ашық деп
жариялаймыз.
Бүгінгі
сайысымызда бүлдіршіндеріміз өз
өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт -
дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін,
шеберліктерін көрсетеді.
2-жүргізуші:
Ата жолын жалғамақ,
Ел
дәстүрін қолдамақ
Ел
намысын қорғамақ.
Жігіттер
шықсын ортаға,
Бүгін
сұлтан атанбақ.
Құрметті
көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп
«Кішкентай ханзада мен ханшайым 2018»
атағына үміткер ханзадаларымызды
ортаға шақырайық.
1–
жүргізуші:Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз
қайсар жігітті,
Нағыз
бұлбұл жігітті,
Нағыз
дүлдүл жігітті,
Анықтайтын
кез келді-деп ханзадаларымызға әділ
бағасын берер әділқазы алқаларымен
танысып өтейік.
1. ____________________________________________________________
2._____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4._____________________________________________________________
2-жүргізуші: Ханзадалар мен ханшайымдар байқаудың кезеңдері таныс болар. Сондықтан әділқазы алқаларының алдынан жеребе алып, реттік нөмірлеріңізді анықтап алыңыздар. Реттік нөмірімді алған болсақ сахна артына барып дайындалуларыңызға рұқсат.
Ән. _______________________________________________________
2-жүргізуші: Ендеше алғашқы кезеңнің шартымен таныс болыңыздар. Бұл кезең «Тегімді менің сұрасаң...» деп аталады.
1 - бөлім: «Тегімді менің сұрасаң...» (өзін таныстыру)
Шарты: Ханзада мен ханшайым өздерін бірге таныстырады. Әнмен, қойылыммен, өз фантазияларына байланысты таныстырады.
Бағалау критерийі:
Сахналық мәдениеті;
Таныстырудың ерекшелігі;
Ханзада мен ханшайымға сай жүріс-тұрыстары мен өз-өздерін көрсетуі.
1–
жүргізуші:
Уа,
халайық, халайық,
Мұнда
назар салайық!
Ата
жолын жалғамақ
Ел
дәстүрін қолдамақ
Ел
намысын қорғамақ.
Ханзада
шықсын ортаға,
Бүгін
сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға
«Кішкентай ханзада мен ханшайым 2018»
байқауына қатысушы сайыпқырандарымыздың
алғашқы үміткерін таныстыру кезеңіне
шақырайық! Қарсы алыңыздар!
(Қатысушылар кезекпен сахнаға шыға береді.)
2-жүргізуші: Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той-думан,
Ханзадалар қасында,- дей келе, құрметті әділқазы мүшелері таныстыру кезеңі бойынша ханзадаларымызға бағаларыңызды беріп өтсеңіздер. Бірінші болып таныстырған...
1-жүргізуші:
Ат
өнері білінбес,
Бәйгеге
түсіп жарыспай
Ер
өнері білінбес,
Қоян
- қолтық алыспай.
2-жүргізуші: Ендеше екінші кезеңімізді бастайтын сәтте келді. 2 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
Шарты: Ханзада мен ханшайым жұптасып өнер көрсетеді. Билеуге, дуэт болып ән айтуға, монолог оқуға, қойылым көрсетуге болады.
Бағалау критерийі:
Сахналық мәдениеті;
Өз жастарына сай өнер көрсетуі;
Актерлық шеберліктері (Ән орындау шеберліктері, өздерін сахнада еркін ұстауы)
1-жүргізуші:
Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр
кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік
жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа
бөлеңдерші қазақ халқын.
2-жүргізуші3
- бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)Шарты:
Ханзада мен ханшайымға лайықты киім
үлгісін көрсету. Киімді қолдан тігу
міндетті. Газеттен, целлофаннан, т.б.
заттардан тігілуі міндетті. Сән үлгісін
көрсету барысындағы музыканы өздері
дайындап келеді.
Бағалау
критерийі:
Киімнің ханзада мен ханшайымға лайық болуы тиіс;
Тігілу үлгісі мен формасы;
Сахнада көрсетіп, көпшілікке таныстыруы,
Музыкамен үйлесімділігі.
1-жүргізуші. Ендеше, ханзадаларымыз дайын болса сахна төріне сән салтанаты жарасқан киім үлгісімен шақырамыз.
(Ханзадалар өздерінің реттік нөмірі бойынша киімдерін таныстырады)
2-жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі
түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан,
жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер
табылса, жарайды қылса сұхбат- деп
әділқазы алқалары сәні мен сымбаты
жарасқан ханзадаларға өз бағаларыңызды
беріп өтіңіздер!
1-жүргізуші:
Асқақтаған
ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал,
кәнекей, қырандар!
Босқа қарап
тұрмаңдар!
Бастап жігіт өнерін,
Алыстарға
самғаңдар
2-жүргізуші:
Құлақтан
кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді
сүйсең менше сүй.
1-жүргізуші: Ендеше, соңғы кезеңге де келіп жеттік. 4-бөлім: Біздің елдің ақындары
Шарты: Ханзада немесе ханшайым (біреуі ғана) Жамбыл ауданынан шыққан ақындардың бір өлеңін жатқа оқуы керек.
Бағалау критерийі:
Өлеңнің Жамбыл ауданынан шыққан ақындардың өлеңі болуы;
Дауыс ырғағы, оқу мәнері;
Сахналық мәдениеті;
2-
жүргізуші: Өнерің
барда ханзада,
Тоқталып
сірә, іркілме.
Жұрт
қарасын қызығып,
«Бәрекелді!»
деп шіркінге
(Қатысушылар реттік нөмірлері бойынша өз өнерлерін көрсете береді)
1-жүргізуші:
Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан
– тұлпар» шықты шың
Жігіттердің
ішінен шыққан
Ханзада шыққан мықтысын!.
2-жүргізуші:
Құттықтайық ал енді
Ханзада
болған баланы
Өрге
жүзіп өнері,
Тауға
өрлесін талабы.
Қуанышты
жанары,
Шоқтай
болып жанады
1-жүргізуші: Бәрекелді, бүгінгі «Кішкентай ханзада мен ханшайым 2018» байқауының қорытынды сөзін әділқазы алқалары берейік.
(Әділқазы алқалары марапаттап болған соң)
1-жүргізуші:
«Еңбек ердің – санаты, білім елдің
қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен
сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып
тұрған шырағы емес пе?
2-
жүргізуші: Қазақта жігіттерді былай
деп атаған!
«Көсем
жігіт» - ел басқаратын жігіт,
«Шешен
жігіт» - дау шешетін жігіт,
«Батыр
жігіт» - еліне қамқор жігіт,
«Сері
жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің
алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып,
күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт.
1-жүргізуші: Ендеше, біз сіздермен қоштаспаймыз. Келесі кездескенше аман-есен болыңыздар
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген