400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

кішкентай ханзада мен ханшайым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Кішкентай ханзада, кішкентай ханшайым»


Мақсаты:

Баланың шығармашылық қабілетттерін арттыру, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал жасау, өскелең ұрпақты көркемдік және эстетикалық талғамға тәрбиелеу

Армысыздар, топтан озар таланттарым,

Талмай биік самғасын қанаттарың.

Мәртебесін биік ұстап мектебімнің,

Жеістікке толы болсын парақтарың !


Жандары қаламайды аласаны,

Бүлдіршіндер әлі талай бел асады.

Әлемге туған елін танытатын

Кішкентайлар –еліміздің болашағы,- дей келе «Кішкентай ханзада, ханшайым» атты байқауымызға қош келдіңіздер! Осы байқауға оқушы қатыстырып отырған ұстаздарға, балаларына қолдау көрсетіп жүрген жанашыр ата-аналарға шексіз алғыс айтамын.

Кім жүйрігін бүгін біз білейікші,

Бүлдіршіннің өнерін көрейікші,

Әділқазы алқасына тек әділдік,

Балғындарға сәттілік тілейікші!- дей отыра бүгінгі байқауымыздың әділқазы мүшелерін сайлап алайық.

1.Құмсай ауылдық округінің мәдениет үйі меңгерушісі Мұқанова Ақжібек

2. Мектебіміздің технология пәні мұғалімі Дүйсеналина Ж.Қ

3.«Мұрагер» ОҒҚ мүшесі

І тур

Әр күнің ақ арман, тәтті үміт

Оқимыз қуанып, шат кұліп,

«Өнерің өрге тек жүзсін»,- деп

Саған тек тілейміз сәттілік- дей келе байқауымыздың І турына кезек береміз. Бұл турда оқушылар ұлттық нақыштағы киім үлгілерін көрсетеді.

Өнер қуған жасынан

Таланты судай тасыған

Ислам атты бүлдіршін

Көрінгей көштін басынан- деп ортаға МАД тобы тәрбиеленушісі Серікбай Исламды шақырамыз

Көрсете алатын талантын,

Үлкеннің тілін алатын.

Кәусар атты бүлдіршін

Өнерін ортаға салатын,- деп ортаға МАД тобы тәрбиеленушісі Жақсылық Кәусарды шақырамыз.

Сымбатына сән киімі жарасатын

Аспандағы айменен таласатын

Өнеріне көркі сай келіп тұрған

Айаруға қызығып, қарасасың,- деп ортаға 1 қазақ сынып оқушысы Барлықова Айаруды шақырамыз.

Амир сен – дарасың білемін,

Сынып деп соғады жүрегің

Өскенде өнерпаз болам деп

Талабың таудай боп жүресің,- деп ортаға 3 қазақ сынып оқушысы Сагинтаев Амирды шақырамыз.

Білекті жықса біреуді,

Білімді мыңды жығады.

Сүйкімді ару – Гүлдана

Өнерімен ортаға шығады, - ортада 3 қазақ сынып оқушысы Ибраева Гүлдана.

Биік қып ойды шынардан,

Балғынның үні шықты алдан

Байқауларда ән салып,

Байқауда қолға ту алған, - дей келе ортаға 3 қазақ сынып оқушысы Аяулым Медетқызын шақырамыз.

Ата-ана үмітін ақтаған,

Жүрекке жыр жаттаған.

Гүлдана сынып намысын,

Жан-тәнімен ақтаған,- дей келе ортаға 3 қазақ сынып оқушысы Нұржан Нұрланұлын шақырамыз.

Сабырлы әрі салмақты

Өзі өнерлі жан-жақты

Келесі шығатын Сағыныш

Байқауды бүгін жалғапты,- деп ортаға 4 қазақ сынып оқушысы Сағиев Сағынышты шақырамыз


ІІ тур

Сүйемін барлық қауымын,

Туған жер менің бесігім

Құмсай –менің ауылым,

Қойылған сонда есімім- дей келе байқауымыздың ІІ турына кезек береміз. Бұл турда оқушылар өздерін таныстырады.

ІІІ тур

Таныс болдық балғындар тегіменен,

Туып өскен мекенімен, еліменен.

Маған тартқан бәрі ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең- дей келе байқауымыздың ІІІ турына кезек береміз. Бұл турда оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.

1/Ортаға 1 қазақ сынып оқушысы Ұлықпан Алдиярды шақырамыз.

2/Ортаға 2 қазақ сынып оқушысы Жәдігер Қарақатты шақырамыз.

3/ Ортаға 2 қазақ сынып оқушысы Шағанбай Исламбекті шақырамыз.

4/Ортаға 2 орыс сынып оқушысы Пузаренко Ксенияны шақырамыз.

5/Ортаға 2 орыс сынып оқушысы Спрожецский Русланды шақырамыз.

6/ Ортаға 3 қазақ сынып оқушысы Аяулым Медетқызын шақырамыз.

7/ Ортаға 3 қазақ сынып оқушысы Нұржан Нұрланұлын шақырамыз.

8/ Ортаға 4 қазақ сынып оқушысы Сағиев Сағынышты шақырамыз.

ІҮ тур

Бұл турда оқушылар өз фантазиясы бойынша сән үлгісін көрсетеді.

1/Ортаға 1 қазақ сынып оқушысы Ұлықпан Алдиярды шақырамыз.

2/Ортаға 2 қазақ сынып оқушысы Жәдігер Қарақатты шақырамыз.

3/ Ортаға 2 қазақ сынып оқушысы Шағанбай Исламбекті шақырамыз.

4/Ортаға 2 орыс сынып оқушысы Пузаренко Ксенияны шақырамыз.

5/Ортаға 2 орыс сынып оқушысы Спрожецский Русланды шақырамыз.

6/ Ортаға 3 қазақ сынып оқушысы Аяулым Медетқызын шақырамыз.

7/ Ортаға 3 қазақ сынып оқушысы Нұржан Нұрланұлын шақырамыз.

8/ Ортаға 4 қазақ сынып оқушысы Сағиев Сағынышты шақырамыз.

Сөз кезегі әділқазы мүшелеріне беріледі. Марапаттау.

Өз-өзіңмен балашым,

Жаның тапсын жарасым

Теңдесі жоқ ешкімге,

Бұл өмірде дарасың.

Желден жүйрік көңіл күй,

Есті сөзді ойға түй.

Жылуына бөлеген,

Жаным, жарық күнді сүй.

Тарихты біл, тілді сүй,

Төрт түлігің төлді сүй.

Орманды сүй, белді сүй,

Айдын шалқар көлді сүй.

Халқыңды сүй, елді сүй,

Ел басқарған ерді сүй

Қасиетті мекенің,

Туып өскен жерді сүй – дей келе, Елбасымыздың Нұрлы жолымен «Мәңгілік елге» аяқ басқан Егемен еліміздің ұрпақтарына қошемет білдіріп отырайық. Тәрбиелеп отырған ұлдарымыз-ұлықты, қыздарымыз-қылықты болсын! Осымен «Кішкентай ханзада, ханшайым» атты байқауымызды аяқтаймыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
2048
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі