Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы
ақ мамыққа бөлеп алды
маңайды
жаңа жылмен
құттықтаймын дегенің,
қанаттана кең алқапқа
тарайды.
Келді тағы жаңа
жыл
Қуантумен
біздерді
Құтты болсын
қуаныш
Құттықтаймыз
сіздерді!
Т.Дария.
Армысыңдар
халайық
Бармысыңдар
халайық
Жаңа жылды жұп
жазбай
Бірге қарсы
алайық
Санжар.
Өлеңде әзір,ән де
әзір
Ойында әзір,бәрі
әзір
Кел жаңа жыл
біздерге
Кел жаңа жыл,жаңа
жыл
Райана.
Жаңа жылды қарсы
алып
Жасаймыз той жылда
біз
Жарқын-жарқын ән
салып
Жалғасады
жырға-жыр
Наима.
Мінекей жасыл
шырша
Қуаныш
жалпыға
Құлпырған сүйікті
шырша
Жарқыра-жарқыра!
(барлығы айтады шырша жанады)
Ән: «Шырша
әні»
Шырша туралы
тақпақтар
Алия.
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Мирас.
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Асқар
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған.
Ән:Ағылшынша
Жүргізуші: Жаңа жыл,
жаңа жыл !
Ғажайыптар
кезі
Ертегілер
әлемі
Шақырады
біздерді.
Залдың шамы сөніп, тек
шырша жанып тұрады.
Жүргізуші: Тыныш-тыныш
балақай
Ғажайып сәт
туды
Қане айтамыз
алақай
Ертегіміз
келді
Ортаға 2-шақырушы
шығып, сырнайда ойнайды:
1-ші шақырушы Нурәділ:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Патшалық
тұрғындары
Қызықтан бос
қалмаңыздар
Көңілді болсын
бәрі!
2-ші шақырушы Мирас:
Жаңа жылдың кешіне
Хан шақырды
сіздерді
Ән айтып, би
билеп
Көтерейік
көңілді
Сырнайда тағы ойнап
шығып кетеді.
Музыка әуенімен ортаға
Күлше қыз шығады.Үстінде ескі, жамалған көйлек, қолында сыпырғысы
бар.
Күлше қыз: Жаным менің
жабырқау
Ал кеш қандай
көңілді
Шам шырақтар
жағылды
Сұлу қыздар
билейді
Ханзадамен
қызықтап
Алия: Көйлегім менің
әдемі
Сұлулықтың
әлемі
Ойын-сауық
кешінде
Боламын мен
әдемі
Райана: Мен көрікті,
сымбатты
Бәрінен де
қымбатты
Ханзадамен би
билеп
Боламын мен ең
мықты.
Күлше қыз: Кешті көру
арманым
Тапсырма көп бірақ
та.
Қыздар кетеді, Күлше
қыз мұңайып отырады, бір кезде сиқырлы әуен естіліп Фея
кіреді.
Күлше қыз: Сәлем бердім
сізге мен
Келгеніңе
қуанып
Фея : Мұңайып қызым
жылама
Жақсылықтың бәрі
алда
Орындалар
арманың
Боласың кеште ең
алда
Күлше қыз: Қуанып-ақ
барар ем
Көйлегім болса
әдемі
Би де билеп берер
ем.
Фея: Мен саған көмекке
сиқыршы қыздарды шақырамын. Олар саған
көмектеседі.
Ей, сиқыршы
қыздарым
Көмектесуге
келіңдер
Күлше қыздың
көйлегін
Әдемілеп
тігіңдер
Сиқыршы қыздар
шығады.
1-сиқыршы:Дария.Сиқырлаймын,сиқырлаймын.
Көзді ашып
жұмғанша.
2-сиқыршы:Дария.Ханшайымдай боласың
Бәрі болар таң
-тамаша
3-сиқыршы:Райана
Сиқырлаймын,сиқырлаймын.
Көзді ашып
жұмғанша.
4-сиқыршы:Алия.Сиқырлы
менің таяқшам.
Боласың сен
ханшайым.
Сиқырлы таяғымен
сиқырлайды, ортаға Күлше-шығады.Әдемі киінген.
Фея: Тыңда қызым бері
қара
Айтар сөзім бар
саған
Сағат он екі
болғанда
Сиқыр күші
жоғалар
Жүргізуші: Күлше қыз
хан сарайына жеткенше бәріміз ән айтайық.
Ән:қыс
күні
Хан: Бұл не деген
бейбастық
Тағы қонақ келген
бе?
Танымайтын
ханшайым
Қайдан келдің қай
жақтан?
Ханзада: Келгеніңе
қуанып,
Көтерілді
көңілім
Бейтаныс қыз қолыңды
бер
Кел билейік
танысып.
Хан:Қандай қызық
мереке
Өтіп жатыр,
алақай
Қайда бірақ,
балалар
Аяз-ата мен
ақшақар?
Жүргізуші: Онда аяз-ата
келу үшін жақсы бір би-ән айтып берейік.Естіп келіп
қалар.
Би:Қыс
қызығы
Аяз-ата мен Ақшақар
келеді:
Аяз-ата: Амансың ба,
ұлдарым
Есенсің бе,
қыздарым
Қандай жарқын,
жүздерің
Қандай әсем
жырларың
Асулармен
алысқан
Асау желмен
жарыннан
Аталарың
сендерге
Шаршап келді,
алыстан.
Ақшақар: Келді тағы,
жаңа жыл
Қуантумен
біздерді
Құтты болсын
қуаныш
Құттықтаймын
сіздерді?
Би:Аққала.
Аяз-атамен
ойын:
Тақпақтар.
Т.Дария
Ақ таяғын
таянып,
Таңмен бірге
оянып
Аяз ата келіп
тұр
Ақ күпіге
оранып.
Асқар
Ал балалар
билейік,
Ойнайық та,
күлейік.
Аяз ата
қуансын,
Доңғаланып
жүрейік.
И.Дария
Көрдің бе Аяз
Атаны?
Аппақ екен
сақалы.
Аппақ екен мұрты
да,
Аппақ екен
шапаны.
Нурәділ
Ақ қырауға
малынған
Сақалы да мұрты
да.
Аяз ата
сағынған,
Сәлем бepді
жұртына.
Жаңа жылым мол
болсын
Басқан қадам оң
болсын
Төрле, төрле жаңа
жыл
Бізге құтты жол
болсын.
Сағаттың (он екі
болғаны) дауысы шығады.
Ханзада: Мен сіздің осы
сарайда
Қалғаныңызды
қалаймын
Күлше: Бұл кешті мен
ұмытпаймын
Бірақ та мен қала
алмаймын.
Күлше қыз жүгіріп
кетеді, туфлиі түсіп қалады.
Ханзада: Қашып кетті
Күлше қыз
Кебісі оның
қолымда
Енді қайдан
табамын
Көмек керек
табанда.Ханзада мұңайма, саған Аяз-ата көмектеседі.Жаңа жыл
мерекесі сиқыр мерекесі.
Сиқырлы музыка ойналып
ортаға Күлше қыз шығады.
Күлше қыз бен Ханзада
қол ұстасып ортаға шығады.
Аяз-ата екеуін
құттықтайды.
Аяз-ата: Күлше қыз
бүгін достасты
Араздықпен
қоштасып
Жаңа жыл келіп
ортаға
Бәрімізбен
қауышты
Сыйлығым дайын
меніңде
Бөліп берем бәріне
(Сыйлық тарату)
Балалар, Ақшақар
екеуіміз кетейік, жаңа жылды жақсылап қарсы алдық, бір-бірің мен
тату болыңдар, қош сау болыңдар.
Жүргізуші: Қандай жақсы
аяз атамыз
Ол кеткенде терең ойға
батамыз
Ақшақар болып
қалықтаймыз аспанда
Құс жолымен ән сап бара
жатамыз.
Ән:
Жүргізуші:
Жаңа тауық жылы құтты
болсын,
Отанымыз тыныш,
балалардың жүзінен күлкі кетпесін,
Бақытты өмір
сүрейік,
Жаңа жылдан, Жаңа жылға
аман-есен жетейік!
Қош, сау болыңыздар!