400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Кішкентай көңілді балалар» 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп психологтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Кішкентай көңілді балалар»



Тренинг ережесі:

Тыңдай білу

Сөзді бөлмеу

Белсенділік

Шығармашылық

Төзімділік

Сыйластық

Мақсаты:оқушылардың өзіне деген сенімділігі мен өзін өзі көрсете алу дағдыларын орта бейімделе алу қабілетін қалыптастыру.Есте сақтау,қабылдау зейіндерін дамыту. Алдына қойған мақсатына жетуге деген тілегін қалыптастыру.

1.«Шаттық шеңбері»

Мақсаты: оқушыларды бір-бірімен амандасуы және бір-біріне жылы лебіздерін айтып,қарым-қатынастарын нығайту.

Нұсқау: Жүргізуші ортаға оқушыларды шақырады,шеңбер құрып тұрады және кезекпен-кезек бір-біріне тілек айтады.

2.«Ине мен жіп» ойыны

Мақсаты: Оқушылардың қабылдау қабілетін дамыту.

Нұсқау: Оқушылар бір-бірінің қолдарынан ұстап кедергілерден өтеді.

Жүргізуші: мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.

Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар.Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз.Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

3. «Сиқырлы қапшық» ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың зейінін, қабілетін дамыту.

Нұсқау: Оқушылар қапшықтың ішіндегі бірдей нәрселерді тауып, сипаттап береді

Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады.Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр.Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар.Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді.Мысалы: екі доп, екі машина т.б.Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады.Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.

4. «Төрт құбылыс» ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Нұсқау: Оқушылар шеңбер бойынша тұрады, жүргізуші көрсеткен қимылдарды қайталайды.

Балалар қатар-қатар тұрады. «Су»,-деген нұсқау берілген кезде қолдарын алдына созады, «ауа» дегенде жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді.Кім шатасса, ойыннан шығады.

Қорытынды: Оқушылар осы тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне жылы лебіздерін айтып аяқтайды.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 маусым
611
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі