400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кітап - алтын қазына.

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітаптің адам өміріндегі маңызы ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіріп, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітаптың шығу тарихы жайлы түсініктерін кеңейту,білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шымкент қаласы

28 жалпы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Еркінбекова Рабиға Ауданбекқызы.



Тәрбие сағатының тақырыбы: Кітап - алтын қазына.

Мақсаты: Оқушыларға кітаптің адам өміріндегі маңызы ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіріп, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітаптың шығу тарихы жайлы түсініктерін кеңейту,білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Кітаптар, суреттер, дидактикалық материалдар.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Жақсылықты бойға сіңіріп, жамандықтан арылайық» (Оқушыларға оймен қағаз алып, жаман әдеттерімізді жазайық деп жаздырып, қағазды оймен бүктетіп, лақтырып тастату.) Сабағымызда тәртіпті болып, жақсы өткізейік деп тәртіп ережесін естеріне түсіріп өту.

Кіріспе бөлім:

Мұғалім: «Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтпаған. Бүгінгі сабағымыз бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені кітапқа арналады.

Оқушы: Кітап та білім ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін, - деп М. Әлімбаев жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар - --- Білім көзі рухани қазына.

Оқушы: Балалар бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, оқып байқап қаралықта.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық -- өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер іздеп тауып алалық та.

Негізгі бөлім: Кітаптың шығу тарихы.

Мұғалім: Алғашқы кітап осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағы кітапқа мүлдем ұқсамайтын. Алғаш кітап жұмсақ балшықтан жасалған. Жұмсақ балшыққа үшкір затпен жазу жазып, оны кептіріп, сосын күйдірген, яғни тас кітаптар болған. Кейінгі кітап «Папирус» деп атаған. Ол су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап ораған. «Пергамент» кітабы –өңделген бұзау терісінен жасалып, кіші Азиядағы Пергама қаласының атымен аталған.

Оқушы: Кітап – арабтың «жазу» деген сөзі.

Оқушы: Кітап - рухани қазына , өмір айнасы , тарих шежіресі.

Мұғалім: Алғашқы кітап жазу құпиясын діндарлар мен монахтар ғана білген. Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар --- Еврей еліндегі «Таурат» , Қытай еліндегі «Конфуций», парсы тіліндегі «Авеста», грек тіліндегі «Інжу», араб тіліндегі «Құран».

Оқушы: Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалған.

Оқушы: Баспадан қазақша кітаптар 1800 жылы шығарыла бастады.

Оқушы: Қазіргі кітаптың негізгі материалы ағаш. Ағаш орманнан кесіледі, кесілген ағаштар фабрикаға жөнелтіледі. Фабрика жұмысшылары ағашты өңдеп, одан қағаз жасайды. Дайын қағаз кітап шығаратын баспаханаларға жеткізіледі. Жазушылар мен ғалымдар кітаптың мәтінін құрастырып, суретшілер мәтін мазмұнына қарай суреттерін безендіреді.

Оқушы: Осылайша кітап сауда орындарына, білім мекемелеріне жеткізіледі. Сондықтан кітапқа үнемі құрметпен қарап, таза ұстауға дағдыланған жөн.

Оқушы: Сонымен 2-сәуір «Халықаралық балалар кітаптарының күні» ал, 23 – сәуір «Дүниежүзілік кітап күні» деп аталынған.

Кітап: Ой, бәрекелді! Өздерің менің тарихымды, қалай жасалатынымды да біледі екенсіңдер. Мен адамның досымын. Менің атым кітап. Мені жасау үшін адамдар көп еңбек етеді. Сол үшін жыртпай күтіп ұстаңдар.

Оқушы: Адамның досы кітап өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.

Ақылшы жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой қазынасы , өмір көркі.

Оқушы: Тұрады басын құрап әріп неден?

Басталған білім басы Әліппеден,

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит.

Оқысаң кітап сырын ашып терең.

Оқушы: Айдын шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бір,

Таппасаң нәрін шөлдерсің.

Мұғалім: Қазақ даласында мектеп салған, қазақ балаларына арнап оқулық жазған кім?

Оқушылар: Ы. Алтынсарин атамыз.

Мұғалім: Балаларға арнап жазған өлеңін кім жатқа айтады?

Оқушы: «Кел, балалар, оқылық.» өлеңін оқиды.

«Сергіту сәті» «Әліппе» әні.

Көрініс: «Оқушы мен кітап».

Оқушы: Асыл ойдың иесі, бар ғылымның жүйесі.

Қуанышы көңілдің, баспалдағы өмірдің,

Жаз азығым, серігім, ардақтамас сені кім?

Кітап: Күнде өсіп көңілім

Көріктеніп келемін

Көптің тауып керегін

Кезінде айтып беремін.

Бірақ білмес парқымды

Байқап жүрмін әркімді.

Оқушы: Әсерлемей, асырмай,

Айтып берші жасырмай.

Жан азығым, серігім,

Ренжіткен сені кім?

Кітап: Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп,

Бетімді менің ашалы, әңгімеге басады.

Жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады.

Оныменен іс бітпейді, беттерімді бүктейді.

Көп жерімді сызады, қайшыменен қияды.

Налымайын мен неге, ол секілді пендеге.

Кітап туралы нақыл сөздер.

Кітап – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы.

Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.

Кітап –көп ақылдың құйылған көлі.

Кітап -- рухани құндылық.

Кітап – біздің досымыз ғана емес, мәңгілік серігіміз.

Кітап – ел мен жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды.

Кітап – мидың миуасы.

Көрініс: «Оқулықтар мұңы»

Математика: Ей тұрсаңшы достым, қайда келдік? Тірімісің өзің?

Әдебиет: Ой мазамды алма, бүйткен тірлігім құрысын, бұдан да парақтарым дал –дұл боп, желге ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы еді.

Математика: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет? Біздің де көрген қорлығымыз аз емес.Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер, жөн сұрасайық, кімсің өзің?

Әдебиет: Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін, ішім түтін. Әдебиет оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші? Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет елі ғой бәрінікі. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеуге тырыстым. Сонымен күнім не болды? Сорыма қарай Алырбай деген баланың қолына түсіп,бір жыл бойы осындай күйге ұшырадым. Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай сүйегім сырқырайлы.

Қазақ тілі: Тұрыңдар достар! Мені ұстаған Дәуренбек деген бала бар, сол сендерді бүтіндейді. Құдайым Адырбай мен Сотқарбай сияқтылардан сақтасын. Келесі оқу жылынды Дәуренбек сияқты балаға тап болғайсыңдар.

Математика: Дарынларым оқы, ойла,

Оқу білім саған пайда.

Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма?

Әдебиет: Оқы талмай, түй санаңа, жас дарын.

Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен егемін санаңа

Қазақ тілі: Кітабыңды құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке.

Мұғалім: Балалар бізде Дәуренбек сияқты балалар бар ма? (Балаларды мадақтау.)

Жұмбақ шешу.

К--- Бірінші әрәп «Көзде» бар, «Мұрында» жоқ,

І -- Екінші әріп: «Тісте» бар, «Бұйымда» жоқ.


Т-- Үшінші әріп «Бетте» бар «Білекте» жоқ.

А – Төртінші әріп «Құлақта » бар, «Жүректе» жоқ

П – Бесінші әріп -- ақырғысы,

Жұмбақ шешкен -- баланың ақылдысы.

Мұғалім: Кітап – адал пейіл, асыл дос. Қойған жерде жатады, қолыңа алсаң тіл қатады.

Сұрақтар: Кітапты мұқият, таза ұстау үшін не істейміз? (Оқушылардың жауаптарын тыңдау).

Оқушы: Оқы талмай түй санаңа жас дарын,

Сыр құямын, нұр құямын санаңа,

Таза ұстап оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен егемін миыңа.

Кері байланыс: «Даналық ағашы» әдісі.

Балалар өздеріне сабақтың ұнаған және маңызды болған тұстарын стикерге жазып жапсырады. Сабақты «басбармақ әдісі арқылы бағалайды.»

Қорытынды бөлім: Кітап - ғажап дос деп бекер айтпаған. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді. (Оқыған кітаптарын атап өту).







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
3855
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі