"Кітап - менің қазынам"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Кітап - менің қазынам"

Материал туралы қысқаша түсінік
- Тарихи және мәдени мұраны зерттеуге қызығушылық таныту; - Оқушылардың кітапқа, кітапханаға деген қызығушылығын арттыру,оны күтіп ұстауға тәрбиелеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты- жөні:




Ресурстар


Күні:


Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

























https://wordwall.net/resource/52098936/%D0%BF%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D0%B0%D1%85%D1%83%D0%B0%D0%BB























































https://www.youtube.com/watch?v=8LErsnQYMyY



















































































































































































https://www.youtube.com/watch?v=5xbkxXE-9-M
































































https://www.youtube.com/watch?v=Ofrz4JI8_-8










Тәрбие тақырыбы:

«Кітап – менің қазынам» Кітапханашылар күні


Құндылық

Тәуелсіздік және отаншылдық

Құзыреттілігі

Ұлттық мүддені дамыту

Мақсаттары:

- Тарихи және мәдени мұраны зерттеуге қызығушылық таныту;

- Оқушылардың кітапқа, кітапханаға деген қызығушылығын арттыру,оны күтіп ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)






























Ортаңғы кезең Тапсырм

лар легі





































































































Соңы(бекіту)

Сәлемдесу.

«Бейнелер» әдісі

Оқушылар бейнелер көрсетілген қима қағаздар арқылы сәлемдеседі

Мұғалім сөзі: - Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сабағымызды бастайық.


Психологиялық ахуал орнату.

«Wordwall» әдісі

Берілген тақтадағы спиннерді айналдыра отырып балалардың іс әрекетті қайталауын түсіндіру және сынып бөлмесінде жағымды атмосфера орнату


ӨҚН «Супермаркетте өнімдерді таңдау ережелері»

-Дайындалған күніне қарау

-Сыртқы қаптамасына мән беру (ашылған- ашылмағандығына)

Зиянсыз та5амдарды таңдау


ФАСТФУД. ЗИЯНДЫ ТАҒАМДАР (youtube.com)


Тақырып ашу. Балалар, біз бүгін не жайында сабақ өтеміз? Оны білу үшін тақтаға назар аударып,жұмбақты бірге шешейік.

«Жұмбақ»

Көп әңгіме, өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім

Мен де жақсы көремін ( Кітап )


Жаңа тақырып.

Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кітап елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады- сатып алады,кітапханадан алады.

Біздің мектептің кітапханасында да алуан түрлі кітаптар бар, иа балалар?

Ал, балалар қандай кітап түрлерін білесіңдер? (энциклопедия, ертегі, мақалдар жинағы, т.б.)


Кітаптың тарихы. Бейнеролик


І кезең. «Кітап - ғажап дос»


Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің
Ауадай қажет бейне бір
Таппасаң нәрін шөлдерсің.


Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние - мүлкі
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.  


Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.


Білім алар көп адам
Жақсы нәрсе жоқ одан.
Қызыға кеп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан.
Кітап – маған ұнады,
Кітап - білім бұлағы.

Кетпейді ешбір жадымнан
Тастамай сені жанымнан
Қолтықтап жүрдім ұдайы.
Кітап – білім бұлағы


Кітап!
Сен адамзаттың жақын досы,
Келмейді сені оқымай көңіл қошы.
Ел мұны, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіне осы.

Кітап,
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.


Көрдің талай аралап
Мәуелі жеміс бақшасын.
Тәттілерін таңдап ап,
Жемісін қайта өнер ме?!
Кітап та – алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін...


Ал балалар, сендер кітаппен дос болғыларың келе ме? Оны қазір байқап көреміз. Бүгін біз сендермен әр түрлі ойын түрлерін ойнай отырып, кітап кейіпкерлерін табатын боламыз.Тақтаға назар аударайық, қане олар кім екен?


Кебіс кімдікі? Ханшайымдікі

Себеттегі алма? Қызыл телпек

Жыртық шапан? Алдар көсе

Кілт? Буратино

Хат? Хат тасушы Печкин


Жарайсыңдар балалар. Ал енді ертегілерді шешуге қалайсыңдар? Байқап көрелік.


Орман жанында

Үшеуі бір үйде тұрады,

Үш төсек, үш жастық

Қане, олар кімдер? Үш аю


Ұшып келіп батпаққа түсті,

Батпақта оны ұстап алды.

Кім жасыл қабыршақты шешіп,

Бір сәтте сұлу ханшайымға айналды? Патшайым Бақа


Қаймаққа иленген,

Терезеде суытылған,

Сап сары домаланған Бауырсақ


Жерден аспанға ұшу үшін

Оған үлкен сыпыртқы қажет Мыстан кемпір


Жарайсыңдар балалар!

Ал енді бір сергіп алайық

Сергіту сәті. «Жаңбыр» әдісі


«Кім көп біледі?» ойыны( мақал - мәтелдер айтылады.)

Кітап - асыл қазына


Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.


Кітап - көзі жұмыққа арзан,
Көзі ашыққа маржан.


Жақсы кітап - жан азығы.


Кітапты сүйіп оқы,
Көңілге түйіп оқы.


Кітап — алтын сандық,
Іші толған қазына, құт.
Оқы, оқы, ойыңа тұт.


Кітап ғылым — тілсіз мұғалім.


Кітап — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы!


Кітап оқығандікі,
Білім тоқығандікі.


Ереже! Балалар біз қазір сендермен иә немесе жоқ ойынын ойнайық. Сендер кітаптың нені ұнатып, нені ұнатпауын білесіңдер ме? Келіссеңдер «иә», келіспесеңдер «жоқ» деп жауап айтыңдар

Ендеше бастайық.

Кітап бауы «иә»

Қар не жаңбыр «жоқ»

Кір қолды «жоқ»

Ұқыпты ұстауды «иә»

Еркелеткенді «иә»

Қуырылған жұмыртқаны «жоқ»

Еденде жатқанды «жоқ»

Таза қолды «иә»

Төбелескенді «жоқ»

Кітап сөресінде тұрғанды «иә»

Білгіш оқушыларды «иә»



Қорытынды.

«Кітаптар мұңы» Бейнеролигі


Ал, оқушылар сендер кітаптармен дос болғыларың келе ме?

Жарайсыңдар, сендер кітапхананың оқырманы болуға лайықтысыңдар, кітап біздің досымыз, өмірлік ұстазымыз.

Кітапханаға жиі барыңыздар, жиі кітап оқыңыздар.Өйткені,

Кітап – ұстаз,

Кітап – үйретуші.

Кітап – нағыз дос, жолдас,

Ақылы бұлақ көзіндей еш азаймас.

 



Бейнелер арқылы іс әрекетті қайталап амандасады






Тақтаға шыққан сөздерден іс әрекетті қайталайды







Зиянды тағамдардың әсерімен таныс болады



















Жұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын анықтайды


























Бейнероликті тамашалайды, талқылайды








Тақпақтар айтады

































































Ертегі кітаптардың кейіпкерлерін табады





























Қимыл қозғалыстарды қайталайды







Оқушылар мақалдардың жалғасын табады


























































Бейнероликті тамашалайды, талқылайды




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2025
366
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі