Көркем әдебиет: Кітап — әлемнің кішкентай бір бөлшегі
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ
Балаларды Нұрбек Нұржанның «Кітап» атты өлеңімен таныстыру, баланың
дамуындағы кітаптың сыры, өлеңнің мәнін ашатын өлең жолдарын жатқа еске
сақтап алуға дағдыландыру; шығарманы мәнерлеп оқу техникасына
машықтандыру; мақал-мәтелдерді сөйлеуде орнымен
қолдануды үйрету; сыпайылыққа, достыққа тәрбиелеу; кітапқа деген
құштарлықты ояту.
СӨЗДІК ЖҰМЫС
Балалардың белсенді сөздік қорына: сұқтану, күйге ену сияқты сөз бен сөз
тіркестерін қосу және мағынасын түсіндіру.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Аудиожазбаларды тыңдау, шаттық шеңбері, жаттығу ойыны,
шығарманы мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, шығармашылық
жұмыс, талдау, жалпылау, қорытындылау.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. Көрнекілік материалдар.
Аудиожазбалар, Нұрбек Нұржанның «Кітап» өлеңіне суреттер.
2. Үлестірмелі материалдар.
Балалар кітапханасының кітаптар жинағы.
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Шаттық шеңбері.
1
Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз
«Бізді не біріктіреді?»
— Бізді не біріктіреді?
— Қазақ елі тегі.
— Бізге не қызықты?
— Орманды бақылау және жазықты.
— Қолымыздан не келеді?
— Үйреніп білген — жеңеді.
— Біз неге тату ойнаймыз?
— Дос болудан жалықпаймыз.
— Достықта неге сүрінбейміз?
— Біз жақсылықты көздейміз. (Д. Ахметова)
1.2. Кіріспе әңгімелесу.
Image not found or type unknown
Image not found or type unknown
Image not found or type unknown
Image not found or type unknown
2
Педагог:
— Балалар, суреттерде көрсетілген заттарды атап шығайық.
— Бұл заттарды не біріктіреді?
Балалардың жауаптары.
— Иә. Газет, жүрнал, ноутбук, компьютер, теледидар және кітап арқылы адам
жаңа ақпарат, білім алады, қоршаған әлемнің, дүниенің заңдылықтарын зерттеп,
сол әлемде өз орнын тауып, оны жақсартуға, көркейтуге міндетті.
— Осыған орай, балалар, бүгін Нұрбек Нұржан деген жас ақынның «Кітап» атты
өлеңімен танысамыз.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Нұрбек Нұржанның «Кітап» өлеңін мәнерлеп оқу.
Парақтарын ақтарып,
Әкем отыр сұқтанып.
Қарап қалсам, мәссаған,
Суреттер тұр топтанып!
Анам және кітапты,
Оқып жүр ғой тұрақты.
«Жауабы бар», — дейді ол, —
«Іздеп жүрген сұрақтың.»
3
Ал, әкешім еңселі,
Ойландырды ол мені:
«Кітап деген — әлемнің
Кішкентай бір бөлшегі...»
Кітап оқып үйренем,
Түрлі-түрлі күйге енем.
Әкем-анам жолымен,
Біліміме сүйенем.
Ұшталатын қаламы,
Сосын ғалым боламын.
Ата-анамды қуантып,
Елге қызмет қыламын.
2.3. Шығарманың мазмұны бойынша әңгімелесу.
— Балалар, біз оқыған шығарма қалай аталады?
— Авторы кім?
— Бұл шығарма әңгіме ме, өлең бе, ертегі ме, аңыз ба?
— Оны қалай түсініп қойдыңдар?
— Иә. Өлеңдегі жолдар ұйқасып жатыр. Мысалы: ақтарып, сұқтанып, топтанып,
тағы басқа.
— Дұрыс. Жарайсыңдар!
— Шығарма кім немесе не туралы?
— Шығарма кітап және оны оқудың маңызы туралы. Дұрыс.
— Өлеңнің басында автор балалардың кітапның қай жеріне көңіл аударатынын
айтады? Өлең сөздерімен дәлелдейік.
Парақтарын ақтарып,
Әкем отыр сұқтанып.
Қарап қалсам, мәссаған,
Суреттер тұр топтанып!
— Иә. Балаларға арналған кез келген кітаптың сыртында, беттерінде мазмұнына
сәйкес қызықты суреттер болғанын айтады.
— Балалар, осы отбасында кітапты кім тұрақты оқиды екен? Кітаптың қандай
пайдасы бар?
Анам және кітапты,
Оқып жүр ғой тұрақты.
«Жауабы бар», — дейді ол, —
«Іздеп жүрген сұрақтың.»
— Автор кітаптың пайдасы туралы тағы кімнің пікірі маңызды екенін айтады?
Ал, әкешім еңселі,
4
Ойландырды ол мені:
«Кітап деген – әлемнің
Кішкентай бір бөлшегі...»
— Балалар, анасы мен әкесінің үлгісі балаға қалай әсер етеді? Қандай жолды
таңдауға итермелейді?
Кітап оқып үйренем,
Түрлі-түрлі күйге енем.
Әкем-анам жолымен,
Біліміме сүйенем.
— Кітаптың адамның болашағына қандай әсері бар? Автор не дейді?
Ұшталатын қаламы,
Сосын ғалым боламын.
Ата-анамды қуантып,
Елге қызмет қыламын.
— Жарайсыңдар!
— Кітапты қолына алған баланың ақылы көп болады. Солай емес пе?
— Ал, сендер қандай кітаптың арқасында жаңалық ашып көрдіңдер?
2.4. Сергіту сәті. «Әуе шарларын ұшырайық» тыныс алу жаттығуы.
Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз
2.5. Өлеңді қайтадан мәнерлеп оқу.
Балалар педагогтің соңынан қайталай алады.
2.6. Суреттер бойынша өлеңді жаттау жаттығуы.
— Балалар, осы суреттерді кезектестіріп қойғанымыздың себебі бар ма? Қалай
ойлайсыңдар?
— Иә. Мына суреттің әрқайсы өз орнында тұр, автордың «Кітап» өлеңінің
мазмұнына сәйкес келеді.
— Өлеңді суреттерге қарап жаттайық.
1
Парақтарын ақтарып,
Әкем отыр сұқтанып.
Қарап қалсам, мәссаған,
Суреттер тұр топтанып!
6
2
Анам және кітапты,
Оқып жүр ғой тұрақты.
«Жауабы бар», — дейді ол, —
«Іздеп жүрген сұрақтың.»
3
Ал, әкешім еңселі,
Ойландырды ол мені:
«Кітап деген – әлемнің
Кішкентай бір бөлшегі...»
4
Кітап оқып үйренем,
Түрлі-түрлі күйге енем.
Әкем-анам жолымен,
Біліміме сүйенем.
5
Ұшталатын қаламы,
Сосын ғалым боламын.
Ата-анамды қуантып,
Елге қызмет қыламын.
2.7. Көркем шығарманы өздігінен мәнерлеп оқу.
Жаттығуды өлең оқу сайысы форматында өткізуге болады. Кез келген сахнаға
шыққан бала өлеңді өзінше оқуы мүмкін.
2.8. «Мақал-мәтелдердің мағынасы» практикалық-зерттеу жаттығуы.
Міндеттер: балаларға қазақ мақал-мәтелдерінің өмірден алынғанын көрсету,
сөйлеуде қолдануға шақыру.
Оқу — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
Білім қымбат, білу қиын.
Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл жұғар.
7
— Балалар, осы мақал-мәтелдердің қайсы сендер үшін өте маңызды?
— Осы мақал-мәтелдердің қайсын өмірде қолданар едіңдер?
Балалардың жауаптары.
Педагог балаларға күнделікті кездескен жағдайларда осы сөздерді жөнімен
қалай қолдану керектігін түсіндіреді, балалардың ойларын мақұлдайды.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Педагог:
— Балалар, бүгінгі тақырып ұнады ма?
— Не себептен?
— Шығарманың авторы кім?
— Сендер үшін қандай сөздер өте мағыналы болды? Осы сөздерді бұрын
естідіңдер ме?
— Қай тапсырма қиын болды?
— Бүгінгі өлең не үшін ұнады?
— Балалар, сендер кітаптағы сырларды білуге құштарсыңдар деп сенемін. Үйде
ата-аналарыңнан кітапты сұрап, ішін парақтап қарап, олармен бірге әңгімелеп,
күтіп ұстайтындарыңа да сенімім бар. Бүгін сендер ұғымтал, зерек, шығармашыл
бола білдіңдер. Көп рақмет, балалар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кітап — әлемнің кішкентай бір бөлшегі

шағым қалдыра аласыз