400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кітап -алтын қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Кітап - алтын қазына.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың кітап туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға кітап туралы қосымша мағлұмат беру. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөздік қорын молайту. Оқушыларды сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз

Уішіге де сіз

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз!

Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.

  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.

II. Негізігі бөлім

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.

*жұмбақ шешу

Сөзі дана, үні жоқ

Сөйлемейді, тілі жоқ

Қолыңа алсаң шешен,

Ақылы асқан көсем.

  • Оқушылар біздер өзімізге керекті мәліметтерді кітаптардан аламыз. Бүгін біздер осы кітаптың мазмұнымен танысамыз.

  • Кітаптың қысқаша мазмұны аңдатпа деп аталады.

Тапсырмамен жұмыс

  1. Қамбар батыр жырына жазылған екі аңдатпаны салыстырайық. Олардың бір - бірінен айырмасы қандай?

Бірінші аңдатпа

Қазақ халқының ерлікті, батырлықты қадірлегендігін көрсететін жырдың ең ескі түрі - «Қамбар батыр» жыры.

Қамбар «алыс үйлі арғын, тоқсан үйлі тобыр» дейтін кедей ру ішіндегі Әлімбай дегеннің баласы еді. Қара қасқа атты Қамбар атанған әрі батыр, әрі аңшы, әрі мерген еді. Қамбар қара қасқа атының үстінде күнін кешіріп, жаңағы аш - арық туысқандарын аңмен асырайтын. Назым Қамбарға сыртынан құмар еді.

Назым мен Қамбардың қосылуына Назымның ағалары қарсы болады. Оқиғаның әрі қарай қалай өрбігенін Қамбар жырынан оқып білесіңдер.

Екінші аңдатпа

«Қамбар батыр» жырында бұрынғы өткен заманда он екі баулы өзбекте Әзімбай деген бай болады. Мұның алты ұлы, Назым деген бір сұлу қызы болады. Назым күйеу таңдайды.

Қамбар «алыс үйлі арғын, тоқсан үйлі тобыр» дейтін кедей ру ішіндегі Әлімбай дегеннің баласы еді. Қара қасқа атты Қамбар атанған әрі батыр, әрі аңшы, әрі мерген еді. Қамбар қара қасқа атынынң үстінде күнін кешіріп, жаңағы аш - арық туысқандарын аңмен асырайтын. Назым Қамбарға сыртынан құмар еді.

Назымның ағалары бастапқыда Қамбарды кемсінеді. Бірақ Назымның Алшыораз деген бір ағасы : «Қамбар ноғайлының батыры, Назымды одан артық кімге береміз,» - деп ағаларына басу айтып тоқтатады. Осы кезде Назымға қалмақтың Қараман деген ханы көзі түсіп, алмақшы болады. Ол Қамбармен жекпе - жекке шығысады. Қамбар Қараманды өлтіреді. Қалмақты жеңіп шығады. Содан ноғайлы той қылып, Назымды Қамбарға қосады.

  1. Оқушы негізгі оқиғадан және кейіпкерлерден хабары болатындай етіп, өзің жақсы көріп оқыған бір кітаптың аңдатпасын жазып көр. Достарың қызығып, сол кітапқа құмартатындай болсын. Аңдатпаны әр түрлі етіп бастауға болады:

  1. Бұл кітап (әңгіме, ертегі, повесть)... туралы...

  2. Бұл жинақта....

  3. Автордың бұл топтамасында....

  4. Бұл кітаптағы оқиғалар...

III. Қорытынды.

  • Суретке кітаптың аты мен автордың аты жөнін жаз. Кітаптың мұқабасын көркемде.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
1602
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі