Мақсаты: Оқушыларға кітап- білім көзі екенін түсіндіре
отырып, ақиқат құндылығының мәнін
ашу
Міндеттері:
-
Білімділік: Оқушыларды тек
жақсы және қажет заттарды ғана айту
үйрету.
-
Дамытушылық: Оқушылар
бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін
дамыту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды
басқалардан жақсылықты іздей білуге
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(материалдар,
дереккөздер)
|
Сабақтың
барысы:
-
Ұйымдастыру
кезеңі.
-
Т –
ережесі:
-
Тәртіп.
-
Талап.
-
Тыныштық.
-
Тазалық.
-
Татулық.
Балалар ережені есімізге
түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып,
тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен
өткізейік.
Тыныштық
сәті. «Нұрға
бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе
үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден
өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл
түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.
Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,
эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын
ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай
бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы
нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,
сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және
баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге
тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.
Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен
әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек
жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз
түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана
бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады.
Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп
жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға
толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан -
жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық
түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...
Нұр менің ішім де... Мен
Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде
отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.
Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта
сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
-
Үйге тапсырманы
тексеру.
1.
№4 – сабақ. 6 – тапсырманы
орындау.
2. Келесі сабақ.
№5, «Жүз мәрте»
мәтінін оқып
келу.
Сұрақтар:
1. Кітап адамға қалайша қызмет
етеді
2. Кітапты бірнеше рет қайтара
оқудың пайдасы қандай?
3. Оқығанын терең түсіну үшін
адамға қасиеттер керек?
4. Өзің кітапты қалай
оқисың?
|
|
-
Оқиға айту (Мұғалім
сыйы).
Ш.
Құдайбердиев
Адам өмірін қалай түзеуге
болады? Адам қайткенде тату тұра
алады?... Бізше, адам өмірін түзеуге,
барлық адамдар тату тұруға – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға
керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір
сүруге мүмкіндік жоқ. Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет.
Білім-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал
еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын
нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне,
пайдасына жаратуы керек.
Мейірімділік, махаббат,
қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.
Ал арлы, ақылды, адам
қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті,
мақтануды білмейді және
істемейді.
Осы үшеуінің басы қосылса,
адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруында сөз
жоқ.
Сұрақтар:
1. Адамның бойындағы қандай
қасиеттер оның өмірін жақсартуға
көмектеседі?
2. Неліктен жақсылық жүректен
шығады деп айтады?
3. Айналаңдағы адамдармен тату
болу үшін қандай игі істер жасар едіңдер?
4. Өзіңнің жақсы қасиеттерің
мен құндылықтарыңды қалай көрсетесіңдер?
|
|
-
Шығармашылық жұмыс, топпен
жұмыс.
Оқушылар төрт топқа
бөлінеді.
1 – тапсырма: өлеңді
аяқтау
Алуан бояу іріктеп........
(алды)
Асықпай, Мұрат...........(суретті)
салды.
Столға жайып.......(қағазды)
аппақ
.......(Сарымен) сұлу жасады бақ -
бақ
2 – тапсырма: мақалдарды
аяқтау
1. ... көкке
жеткізер
Өнер көпке жеткізер.
(білім)
2. Кітап – білім
бұлағы,
Білім - ...
шырағы.
(өнер)
|
|
6. Топпен ән
айту.
«Ұстазым»әні
1.Әліппеден
басталған,
Келгенімді
мектепке.
Ұстаз маған жол
ашқан,
Оқу
,білім,өнерге.
Асығамын
мектепке,
Көңілім бар
қуанған.
Бақыттымын бүгін
мен,
Ұстазыма
ұқсаған.
Қайырмасы:
Ұстазым ағайым,ұстазым
апайым
Үлгілі шәкіртің
болайын.
Анамдай,әкемдей
ұстазым,ұстазым
Өзіңе арналған
осы
|
|
7. Сабақтың қорытынды
сәті.
Тыныс алуға зейін
қою.
Баяу музыка
қойылады.
Мұғалім: Сіздерден
аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір
тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде,
біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен
қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі
мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар.
Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге
қоюға болады...
Д е
м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].
Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы
қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.
|
|