400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кітап- рухани қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыға тәрбиелік қызықты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Болашақ ауылдық округі №10 орта мектебі











Кітапханаға саяхат








Дайындаған: Алибаева Н.Т.

Күні: 22.02.2019ж

1 «Ә» сынып
















2019 оқу жылы


Тақырыбы: Кітап – рухани қазына
Мақсаты: 
Білімділігі:
Оқушыларға кітаптың қаншалықты құнды, бағалы дүние екендігін түсіндіру. Баға жетпес білім қоры екенін ұғындыру.
Дамытушылығы: Кітап оқуға саналы түрде баулу. Өз білімдерін талдап, ойларын тұжырымдауға дағдыландыру.

Тәрбиелілігі: Өздерін алған білімдері арқылы жақсы әдеттерге бейімдеу. Көркем сөйлеуге, ұқыптылыққа, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, түсіндіру, тірек сызбамен жұмыс, көрнекіліктер арқылы ой түйіндеу.
Көрнекі құралдар: презентация, тірек сызбалар, суреттер, кітаптар.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Келісім шарт түзу.
• Тәртіпті болу.
• Сабаққа белсенді қатысу.
• Қолды көтеріп, қатесіз, саспай жауап беру.
 

Мұғалім:

«Кітап та алма ағашы

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін» деп Мұзафар Әлімбаев жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар – сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітаптар арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ адамдардың өмірімен танысамыз.

Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.

«Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған. Ендеше, қымбатты балалар, бүгінгі «Кітап – рухани қазына» атты тәрбие сағатымыздың өзіндік мәні бар. Бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені – кітап.

Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың арнайы қонағы Көкарық ауылдық

кітапханасының кітапханашысы Махира апайларың сендермен кездесуге келіп,кітап,кітапхана жайлы мағлұматтармен таныстырмақ.

Кітапханашы: Кітапхана – кітаптар қоры. Осы жерден біз өзімізге керектің барлығын аламыз. Мысалы, күнделікті оқып жүрген пәндерімізге қажетті кітаптар, «Қиял-ғажайып ертегілер», «Батырлар жыры», «Мақал-мәтел», ақындардың түрлі әңгімелері, шығармалары- осы кітап қорының негізгі рухани байлығы. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.


Кітаптың шығу тарихы

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Ксилография қалыбы ХІ ғасырда пайда болды. Ал 1045 жылы Шын елінің өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді жасап шығарды. Еуропада тұңғыш рет ХVI ғасырда неміс өнертапқышы Гутенберг баспа станогін жасады. Ресейде тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығады.

Кітап – заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып, Отан,туған жер, ел ордамыз туралы әңгімелерімен сыр шертіседі. Кітап – біздің ең жақын ақылшымыз.

«Кітап – рухани қазына» атты тақырыпта поэзияға көңіл бөлейік.

Бибінұр:

Адамның досы – кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой қазынасы, өмір көркі.

Ринат:

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы «Әліппеден».

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысақ кітап сырын ашып терең.

Ырысгүл:

Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

Жансая:

Түлекті тәрбиелеркітап-мектеп,

Өседі сол кітаппен бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

Сүндет:

Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жаттап,

Көтеріп күйін көңілдің.

Аяулым:

Айдын шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бір,

Татпасаң нәрін шөлдерсің.

Мейрамбек:

Сен адамзаттың жақын досы,

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы, көңіл сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіңде осы.

Ұлжан:

Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Индира:

Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,

Білімнің сарқылмйтын бал-бұлағы.

Ашқанда-ақ өткен күнмен беттеріңді,

Келер күн көз алдыма кеп тұрады.

Аружан:

Балалар, бұл жол бас даналыққа

Келіңдер, оқып байқап, қаралық та

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Мен үлкен болғанда да.

Соларды көре тұра қалалық па? Астана – сұлу қала,

Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық, Біз оны анамыздай
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та! Сүйеміз шынында да.

Ырысгүл: Бибінұр:

Астана – арман қала, Сәулесі түскен Есілге,

Бағы бір жанған қала. Сарыарқа төсінде
Тұрады ол жап-жас болып, Армандай әсем қала бар,

Бір көрсең мәңгі қалар есіңде.


«Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім» деп көрініске көңіл бөлеміз, тамашалап көрейік.

Көрініс: «Науқас кітап»

Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.

Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.

Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, жазба.

Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, кітап беттерінің арасына қалам, қарындаш салма.

Сұрақ-жауап. Кітапты қалай ұстау керек?


«Кітап – алтын қазына» демекші, ендігі кезекте сендердің кітаппен қаншалықты тығыз байланыста екендеріңді сұрақтарға жауап ала отырып анықтап көрейік.

  1. Кітап неден жасалады? (ағаштан)

  2. Қажымұқан алтыны,күмісі бар барлығы неше медаль алған? (48)

  3. Небәрі 27 жас қана өмір сүрген дарынды ақын (С.Торайғыров)

  4. Абайдың өмір сүрген жылдары (1845-1904)

  5. «Көксерек» шығармасының авторы кім? (Мұхтар Әуезов)

  6. Астананың бұрынғы атауы қалай аталады? (Ақмола)

  7. Қазақ даласында мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)

  8. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? (1991жылы)

  9. Қазақтың үш биін ата (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

  10. Абылайдың денесі қайда жерленді?(Түркістанда)

11.Абай Құнанбайұлының азан шақырып қойған аты кім? (Ибраһим)

12. Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің саны (45)

13. Мұғалімнің сөмкесіне бақа салатын кім? (Қожа)


«Білім – кілті кітапта» олай болса мақал мәтелдің жалғасын табайық.

  1. Білім – таусылмайтын .... (байлық)

  2. Кітап – білім бұлағы, ... (Білім – өмір шырағы)

  3. Өнер – ағып жатқан бұлақ, .... (Білім – жанып жатқан шырақ)

  4. Өнер алды - ... (қызыл тіл)

  5. Наданмен қас болғанша, ...(кітаппен дос бол)

  6. Оқу инемен.... (құдық қазғандай)

  7. Жеті жұрттың тілін біл, .... (Жеті түрлі ілім біл)

  8. Мектеп – білім бесігі, ... (Білім – ғылым есігі)

  9. Кітап көзі жұмыққа арзан, ....(көзі ашыққа маржан)

10.Балапан ұяда не көрсе......(ұшқанда соны іледі)

11. Еңбек етсең ерінбей,.... (тояды қарның тіленбей)

12. Жақсының аты өлмейді, ...(ғалымның хаты өлмейді)

13. Қоянды қамыс өлтіреді, ...(ерді намыс өлтіреді)


Міне, балалар, біз өзімізге қажет деректердің барлығын кітаптан аламыз. Ендеше сөз кезегін кітапханашы апайға береміз.

Кітапханашы:........

Мұғалім: Сонымен, балалар, Бүгінгі «Кітап – рухани қазына» атты тәрбие сағатымызда біз көптеген кеңестер алдық. Енді біз рухани байлық кітаптың және оны барлық адамдарға үлестіретін кітапханашының сенімін ақтаймыз деген ойдамын. Сондықтан да, білімімізді шыңдай түсу үшін үнемі кітапханамен тығыз байланыста болуымыз керек. Балалар, бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлеріңді және ұсыныс тілектеріңді стикерге жазып Табыс ағашына апарып іліңдер.Келешекте ұсыныстарың қабылданып, алма ағашы жемісін берер деген үміттемін.

Бүгінгі тәрбие сағатымызды әсем әнмен аяқтаймыз.


Хор: Бала тілегі. Жас дәуірдің түлегі


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
701
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі