400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кітап-алтын қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестер мен әдіс алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

МАД-тобы

Топ тәрбиешісі: Калдыбекова Айгуль

Білім саласы

Коммуникация

Білім бөлімі

Сөйлеуді дамыту

Ұ.оқу қызметінің тақырыбы

Кітап – алтын қазына

Ұ.оқу қызметінің оқытылу мақсаты

Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

Берілген тақырып аясында диалогке қатысу

Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру

Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу


Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.


Көпшілік тәрбиеленушілер: Суретке қарап әңгіме құрайды, диалогпен сөйлейді.


Кейбір тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, диалогпен сөйлесе алады.

Сөздік қорын кеңейтеді.

Көптілділік: кітап – книга – book, кітапхана – библиотека – library Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Кітапхана, жазушылар, ғалымдар Пікір алмасу сұрақтары:

Суретте не көріп тұрсыңдар?

Суреттегі балалар қайда жүр?

Кітапханада балалар не істеп отыр?

Кітапханада шулауға, дауыс көтеріп сөйлеуге бола ма?

Кітапты жыртқан балаға кітапханашы не айтадыдеп ойлайсың?

Алдыңғы алған білімдері

Отанның адам баласына қаншалықты қымбат екенін түсінеді.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.


Ұ) Шаттық шеңбері.

Балалар, мен сендерге қазір сұрақтар қоямын, сендер менімен келіссеңдер, «Уәде береміз!» – деп дауыстап айтыңдар.

Бүгін бір-бірімізбен ренжіспеуге уәде бересіңдер ме?

Тату, дос боп ойнауға уәде бересіңдер ме?

Ойын бұрышын көрсетіп:

Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға уәде бересіңдер ме?





ІІ. Мақсатты болжам.






ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.

6-27 минут

Суретші бұрышын көрсетіп:

Қағаз, қаламдарды шашпауға уәде бересіңдер ме?

Кітапхана бұрышын көрсетіп:

Кітаптармен дос болуға уәде бересіңдер ме?

Балалар, тек адамдар ғана бір-бірімен дос болмайды, кітаппен де дос болуға болады.

Балалардың назарын кітапхана бұрышына бұрып, кітапханаға жақындайды.

Біз барлық білімді осы кітаптан аламыз. Кітапты сызып бүлдіруге, жыртуға болмайды. Халық «Кітап – алтын қазына» деп, кітапты мол байлыққа, қазынаға теңеген. Көп кітап жинақталған жерді «кітапхана» дейміз.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Сен кітапханада болып көрдің бе?

Сен ата-анаңмен бірге қандай кітап оқыдың?

Суретте не көріп тұрсың, суреттегі балалар қайда жүр?

Кітапханада балалар не істеп отыр?

Кітапханада шулауға, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды.

Балалар суретке қарап әңгіме құрайды. Тәрбиеші сотқар бала мен кітапханашы сөзінбалаларға диалогпен айтқызады.



Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Балалардың қылығына баға бер. Дұрыс суретті көк түсті қаламмен, дұрыс емес, істеуге болмайтын суретті қызыл қаламмен белгілейміз.

Көптілділік: кітап – книга – book,

кітапхана – библиотека – library Сөздік жұмыс: қазына – байлық.

Сергіту сәті:

Қызық кітап табайық,

Қолға оны алайық.

Ішінде не бар екен деп,

Парақтап ашып қарайық.

Әртүрлі кітаптарды балаларға көрсетеді. Кітапты жазушылар, ғалымдар, білімді адамдар жазады. Кітаптар үлкен-кіші, қалың-жұқа, суреттісуретсіз және әртүрлі тақырыпта болады. Ертегілер жинағы, аңдар туралы, киімдер туралы, тағамдар туралы кітаптар болатыны түсіндіреді.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

3-тапсырма. Қай кітапта не туралы айтылған деп ойлайсың, сызық арқылы қос.

Ойын: «Сөз айт, тез айт»

Шарты: Балалар мен сөйлемнің басын айтам, сендер аяқтайсыңдар.

Өлең жазатын адам ... (ақын)

Байды алдайтын кейіпкер? (Алдаркөсе)

Бәйгеде шабады ... (ат)

Ең сұлу құс ... (аққу)

Қонжықтың анасы ... (аю)

5-тен кейінгі сан ... (6)

Аң патшасы ... (арыстан)

Ұлттық ойынның бірі ... (асық, алтыбақан, ақсүйек)

Жеміс түрі ... (алма, алмұрт)

Қасқыр, түлкі, қоян ... (аң)

Әкемнің әкесі ... (ата)

Көлік күтетін жер ... (аялдама)

Ең қадірлі ас ... (нан)

Анамның туыстары ... (нағашы)

Бір өркешті жануар ... (нар)

4-тапсырма.Жаңылтпашты жаңылмай айт: Айланбадан арба айналып барады, Арбадағылар айбарланып барады.


IY.Ұ.оқу қызметінің

қорытындысы.


(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.

Балалардан үйдің суретін түсті қарындашпен бояуын сұрау











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.02.2021
672
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі