жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Кітап-асыл қазына
САБАҚ: Әдебиеттік оқу |
Мектеп:«№4 ЖОББМ» КММ
|
||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің есімі: Мадениятова Аяжан |
||||||||||
Сынып: 4 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:- |
||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Кітап - асыл қазына |
||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
4.2.1.2. Шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қасиетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу. |
||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Адамгершілік, ізеттілік,зерек болу,шығармашыл болу |
||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Ана тілі, сауат ашу, көркем еңбек |
||||||||||
Алдыңғы білім |
|
||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
|
Ресурстар |
|||||||||
|
|
|
|||||||||
Сабақтың басы 3минут
Сабақтың ортасы 5минут
5минут
15минут
3минут
8минут
3минут
Сабақтың соңы 3минут |
Ұйымдастыру кезеңі -Амандасу -Түгендеу Үй тапсырмасын сұрау «Сұрақты ұстап ал!» әдісі Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.
Сынып ішіне(шкафта, терезенің алдында) кітаптар жасырылған. Кітаптарды табу үшін жұмбақтарды табулары керек.
Күн нұрына қарық қып, Үйдi тұрар жарық қып. (Терезе)
Болғанда бір ауызға екі қақпақ , Еркінде адамзаттың ашып, жаппақ. Қаншалық өрнек-өрнек азық-ауқат, Ішінде сол нәрсенің қойған сақтап.(шкаф) Сынып ішінен жасырын тұрған кітаптарды табу арқылы тақырыпты ашады. Жұмбақты шешіп, кітапты тапқан 2оқушы өздері оқып жүрген кітаптан немесе "Әдебиеттік оқу" пәнінен таныс бір мәтіннің оқиғасын, кейіпкерін жұмбақтап сұрайды
2. Алғыр оқушы Жасырылған 2кітаптың біреуінің ішінде О.Сүлейменовтың портреті бар. О.Сүлейменов туралы ақпарат беріледі. Олжас Сүлейменов-ақын, 1936жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Олжас Сүлейменов шығармаларын орыс тілінде жазған. Оның көптеген өлеңдері қазақ тіліне аударылған. Ақынның "Қыш кітап", "Арғымақтар" , "Атамекен" , т.б кітаптары бар. 3.Стоп-кадр Түсініп оқы тапсырмасы бойынша ертегіні оқиды. Әдебиеттік оқу пәні оқулығының 118-119 беттері. Ертегіні талдау. Неліктен анасы баласына «Кітап оқыма!»-дейді?
4.Есте сақта! Күзге қалу- үлгерімінің нашарлығына байланысты келесі сыныпқа көшіру үшін күзде қайта емтихан тапсыру. Беймаза - мазасыз, тынышсыз.
5. Шығармашыл оқушы Кітапханада қандай кітап болғанын қалайсын? Оқушыларға ақ беттер таратылып беріледі. Оқушылар өздерінің қалаған кітапбін,яғни, авторлық кітап жасайды.
6.кестені толтыр
Өзін-өзі бағалау «Бес саусақ» - әдісі Оқушыларға ақ бет таратылады, олар ақ бетке өздерінің қолдарын бастырып, бес саусақтың орындарын сұрақтарға жауап бере отырып толтырады.
Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім? Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды? Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім? Алақан – Әр сабаққа белсенді бола аламынба?
Үйге тапсырма: Өзің оқып жүрген кітапты жарнамалауға, кітаптың қызық жерінен сыныпта үзінді оқуға дайындал.
|
Қапшық
2кітап
О.Сүлейменовтың портреті
Әдебиеттік оқу пәні оқулығы
Есте сақта! плакаты А4 парақтары, түрлі-түсті қағаздар
|
|||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген