400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кітап асыл қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: “ Кітап-асыл қазына ”.

Мақсаты: Оқушыларға кітаптың маңызын,кітап арқылы білім берілетінін  ұғындыру.Шығармашылық қабілетін,ой-өрісін дамыту.Оқулықты,кітапты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Көрнекілік:  суреттер

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

Жұмбақ шешу.

Көп әңгімем, өлеңім, Күнде ақыл беремін. Жақсы көрсе мені кім,  Мен де оны жақсы көремін.   ( Кітап).

2.-Бүгінгі сынып сағатымыз кітап туралы болмақ.Кітап адам өмірінде ерекше мәнге ие.Себебі кітап арқылы адамның ой-өрісі,пікірі,дүниеқарасы қалыптасады.Кітап біздің ойлау қабілетімізді ,сана-сезімізді өсіреді.Сондықтан кітапты халқымыз асыл мұра ,қазына деп санайды.

Сендерге қысқаша кітаптың шығу тарихынан әңгімелеп берейін.

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.Кітап мұқабасын ертеде теріден де жасайтын болған.Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады. Кітаптар түрлі мазмұнда ,әр түрлі көлемде болады.

3.Енді кітапты ұстау ережелері жайлы біліп алайық.

1)Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.

2)Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.

3)Кітапты қалай болса солай оқыма.

4)Кітапты жыртуға,сызуға болмайды.

5)Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

4.Оқушыларға кітап көрмесі.

5.Кітап туралы тақпақтар

1-оқушы: Кітап та алма ағашы, Жемісін біздер теретін. Тәтті алмаға балашы, Кітабыңның әр бетін. 2-оқушы: Кітаппен мен достастым,
Жалқаулықпен қоштастым.
Оқымаған әңгіме мен ертегі,
Көп екен-ау бірақ тым.
3-оқушы:

Сауатты болып өсемін деп ойлаймын,
Арманыма жетпей бірақ қоймаймын.
Таза ұстап, кітаптарды жинаймын,
Оқып болған соң қарындасыма силаймын.

6.Кітап туралы даналық сөздер

Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Абай.

Кітап маған тақтан да қымбат.

Шекспир.

Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.

                                                                      Горький

.Қорытынды.

-Мына өлең шумақтары әрқашан жадыңызда болсын деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз.

Кітабың сенің, құралың, Жағар білім шырағын. Баса алмайсың ешқашан, Онсыз алға бір қадам.

Кітабыңды құрметте, Күтіп ұста кірлетпе. Кішілерге табыс ет, Дақ түсірмей бір бетке.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі