Материалдар / "Кітап-асыл қазына" Танымдық ойын.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Кітап-асыл қазына" Танымдық ойын.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Мамыр 2020
2910
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Кітап - асыл қазына» атты танымдық ойын.


Мақсаты Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  кітап туралы слайдтар, видео, суреттер

Барысы: 

Қабат-қабат қатталған, 
Асыл сөзбен апталған. 
Парағы бар сөйлейтін, 
Ол қазына өлмейтін. 
(Кітап) 

Ой қозғау: 
-
Мектепке балалар не үшін келеді? 

- Оқу, білімді алу үшін оқушыға не керек? (Кітап)  
Мұғалім: 

-Балалар, бүгін біз өзіміздің ең жақын досымыз кітап туралы сөз қозғамақпыз. Оқусыз, білімсіз дүниенің қыр –сырын ұғып, түсіну мүмкін емес.Сондықтанда ерте кезден бастап адамзат баласы білімге, ғылымға аса мән берген. Өз білгенін, көргенін кейінгі ұрпаққа мұра ретінде жазбаша қалдырып отырған.


Кітаптың шығу тарихымен таныс болайық. (Слайд)

Алғашқы кітаптар осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы кітаптапға еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған. 

Кітап арабтың “жазу” деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады.”



Кітап қалай жасалатындығы туралы бейнетаспадан тамашалайық:
Видео көрсетіледі.

Мұғалім:

  • Міне, балалар кітаптың үлкен еңбекпен келетінін, қаншама адамдар, қаншама станок, аппарат, техникалардың еңбегі бар екенін көрдіңдер. Ендеше әрбір оқушы кітапты күтіп ұстауымыз қажет екен.

Кітаптың түрлерімен таныстыру:

- Ал, балалар қандай кітап түрлерін білесіңдер? 
Ертегі, ақын-жазушылардың кітаптары, спортқа арналған ,қызыл кітап және өздерінің достарың , әрине мектеп оқулықтары.

Мектеп оқулықтарымен танысу:

Балалар, сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр

Іші толған әріпке-
Білімдегі жарық не?
Болашаққа жол ашқан
Ол сүйікті ең алғашқы - Әліппе , ал қазіргі - Сауат ашу кітабы.

-Олай болса бәрімізге қымбат дос Сауат ашуды ортаға шақырайық.

Сауат ашу: 

Менің атым болады ,Сауат ашу ,

Ең алғаш үйретемін әріп,жазу.

Ең алғаш білім нәрін үйретемін,

Барлығынның достарың мен боламын.

-Ал балалар алғаш қазақ тілінде кітап құрастырып, оқулық жазған көрнекті ақын, ғалым, ағартушы, Әліппенің атасы атанған , Қазақ хрестоматиясын ашқан кім білесіңдерме ? балалар. ( А Байтұрсынов) Слайд.

- Ең алғаш мектеп ашып оқулық жазған ,балаларды оқуға шақырған кім деп білесіңдер? (Ы. Алтынсарин)Слайд


-Балалар мен өзімнің достарымды ортаға шақырайын, қанекей қошеметтеп қарсы алыңдар.




Математика.:

Сәлеметсіңдерме балалар?

  Мен Математика -ғылым патшасынан келіп отырмын.

 Достарым менің, достарым,

Сабағы боп жоспардың

4 амалды қолданған

Математика достарың.-мен боламын. Сендер менімен

 “Жалғастыр”.  Ойынын ойнап көрейік.
1.Кітап - білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы). 
3.Кітап – ... (алтын қазына). 
4.Оқу инемен (құдық қазғандай).

7. - Білім біздің шамшырағымыз,( кітап біздің ұстазымыз.)
8. Оқусыз  білім  жоқ, (Білімсіз күнің жоқ)

9. Кітапсыз үй – (жансыз дене.)

10. Ақыл- баста, (Білім- кітапта).

 

Орыс тілі

Если ты хочешь судьбу

переспорить

Если ты ищешь отрады цветник

Если нуждаешься в твердой

Опоре-

Выучи , выучи русский язык


Слайд . Орыс тіліндіне мақалдың жалғасын табу


Ағылшын тілі


Тақпағын айтады.


Кітап-книга-воок хормен бірге айтқызу.



Жаратылыстану

Дүниетану

Өзін-өзі тану

Музыка

Көркем еңбек шығады.

Слайдтан ребус шештіру.»Кітап!


« Кітап » әнін бірге айтайық . Ән қойылады.


Сүйікті кітаптарымызбен бірге « Кітаптар нені жақсы көреді?» ойын (иә, жоқ) ойнайық:

Кітап нені жақсы көреді?

-кітап қаптамасын

-лас қолмен ұстағанды

-тілмені

-қар мен жаңбырды

-ұқыпты ұстағанды

-мейірімділікті

- майлы қолды

-таза қолды

-жерде жатқанды

-сиямен бояп тастауды

-кітап беттерін жыртуды

-кітап сөресінде тұруды

-сүйікті оқырмандарды.


Көрініс «Кітаптар мұңы» 

Мұғалім :

-Балалар міне кітаптың қандай пайдасы бар екенін, оның үлкен еңбекпен келетінін білдіңдер. Ендеше әрбір оқушы кітапты күтіп ұстауымыз қажет. Әр оқушы өз оқулын күтіп ұстауға жауапты екенін ұмытпайық. Олай болса бүгінгі қонағымыз мектебіміздің кітапханашысы: Элмира Кадыровна апайларына сөз кезегін берейік.


Кітапханашы :

слайд

 Әр балаға  жадынама үлестіру.
Есіңе сақта! 
1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.
 
2.Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
 
3.Кітапты қалай болса солай оқыма.
 
4.Кітапты жыртуға,сызуға болмайды.
 
5.Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
 

Кітап туралы әдеби монтаж:

1 - оқушы:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
2 - оқушы:
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
3 - оқушы:
Ағаш кесіп қаншама адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.
4 - оқушы:
Машинист боп жасынан,
Дүбірлетіп даланы,
Сол ағашты тасыған,
Білер ме екен көп адам.
5 - оқушы:
Заводтарда күн - түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай тері тамады.
6 - оқушы:
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
7 - оқушы:
Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды.
8 - оқушы:
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.
9 - оқушы:
Оқулықты мектебің
Берер саған теп - тегін.
Білмейсің - ау еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.
10 - оқушы:
Оқулығың құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.


Мұғалім:

-Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.

Слайд.

-Экраннан кімді көріп тұрсыңдар?

-Әрине, Абай аталарың.

-сонымен қатар, қазақ балаларының білімді, сауатты өнерлі болуына еңбегі сіңген ұлы ақын Абай Құнанбаев атамыз. Ол балаларға арнап әңгімелер, өлеңдер жазды.

-Абай атамыздың кандай өлеңдері бар ,атап жіберіңдерші?

-Ендеше Абай атамызға неше жыл толады?

Әрине 175 жыл.

-Абай атамызда «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп өсиет қалдырған екен .
Қорытынды




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!