Материалдар / Кітап-асыл қазына тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кітап-асыл қазына тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
кітап-асыл қазына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2024
211
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Кітап-асыл қазына»
































«Кітап – асыл қазына»

(Сынып сағаты)

Сынып сағатының мақсаты:

Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.

Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі,кітап туралы қаннатты сөздер,слайдтар.

I.Кіріспе сөз.Тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.

Жұмбақ шешу

Тілі бар да, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар,қаны жоқ,
Сөйлей туған ішінен.
Ол не?

II. Топтастыру.Кітап туралы оқушы білімін жинақтау.( Оқушылар «кітап деген не? Деген сұраққа өз жауап тарын береді).

Әр адамның ең жақын досы,..
Өмір досы кітап болуға тиіс.
М.Әуезов.

III.Кітап адам өміріне аса маңызды рол атқарады.Отанды сүюге,талапты,кішіпейіл болуға,мейірімділікке,төзімділікке баулиды.Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады.Оны оқиды,одан тәлім-тәрбие,үлгі-өнеге алады.Сондықтан да біз кітапты сүйеміз.Кітап-біздің досымыз!-дейміз.Ол-біздің рухани жан азығымыз!-дейміз.

Біздің елімізде көптеген дәстүрлі мерекелер бар.Олар біздің салт-дәстүрімізді,тарихымызды жаңғыртып отырады.Ал кітап дүние жүзі көлемінде аталып өтетін маңызы өте жоғары рухани байлық болып табылады.2 –сәуір- «Халықаралық балалар кітабы күні» және 23 сәуір- «Дүниежүзілік кітап күні» болып табылады.

Кітаптың шығу тарихы

Алғашқы кітап осыдан әлденеше жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы кітапқа еш ұксамайтын.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалды. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу, жазып,оны кептіріп,сосын күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук деп аталатын өсімдіктен таяқшалар әзірленіп,соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейіннен жануарлардың терісінен пергамент деп аталған материал жасалып,кітап соғанжазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIIIғасырда пайда болған.Кітаптың шығу тарихы мындаған жылдар мен ғасырдағы артқа тастаған екен.

1-оқушы:

Кітап білім бұлағы.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді.Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Ертегі әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.

2-оқушы:

Кітапты шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді. Біз оны қалай ұстауымыз қажет?

3-оқушы:

Кітапты жыртпай,кірлетпей,бүлдірмей таза ұстап,оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.

Кітап күту, ұстау ережесі

1. Кітап-адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы,ғылым-білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы екенін түсіну керек.

2. Кітапты күнделікті үзбей оқып, дағдыға айналдыру керек. Ол үшін күнде кітап оқуға 3-4 сағ бөлуді жоспарла.

3. Кітапты қалай болса солай оқымай,, белгілі мақсатпен жоспар бойынша оқуға дағдылан.

4. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітапты үлкен ой еңбегімен оқу керек.

5. Кітапты  оқығанда ойға сақтауға жатқа айта білуге, керекті сөздерді жазып алып,өмірде пайдалануға әдеттен.

6. Кітапты көп оқысаң, сөз байлығың молайып,сөйлемнің мәні де өткір, ойлау қабілетің терең болады

4-оқушы:

Адамның досы кітап,өмір кілті,

Тең келмес оған жиған мүлкі.

Ақылшы жанға серік,жол бастаушы,

Асыл ғой қазынасы,өмір көркі.

5-оқушы:

Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.

6-оқушы

Орманшының аялы,

Алақаны өсірген

Сонау ағаш саялы,

Қағаз үшін кесілген.

7-оқушы:

Ағаш кесіп қанша адам,

Ормандарда жүреді

Аға қанша шаршаған

Ағаш тиеп үнемі.

5-оқушы

Машинист боп жасынан,

Дүбірлетіп даланы

Сол ағашты тасыған,

Білер ме екен көп адам.

8-оқушы

Заводтарда күн-түні,

Қағаз жасап бағалы

Қанша адам кім үшін,

Маңдай тері тамады.

Кітап туралы мақалдар . 

Кітап –білім бұлағы,білім – өмір шырағы.

Кітап – ақыл –ойдың айдыны.

Кітапсыз үй – терезесіз бөлме.

Кітап жинай берген мұрат емес,оқыған мұрат.

Көп жасаған білмейді,көп оқыған біледі.

Жақсы кітап – жан азығы.

Білім сандығы – кітап.

Викториналық сұрақтар 

1.Кітаптар тұрағы қалай аталады?

2.Кітаптармен жұмыс істейтін маман қалай аталады?

3.Кітапханаға үнемі барып кітап оқитын адам қалай аталады?

4.Балаларға арналған қандай газет-журналдарды білесіндер?

5. Кітап басып шығаратын жер қалай аталады?

6. Мектеп оқулықтары қандай баспалардан шығады?

7.Кітапты жазған адамды қалай атайды?

8.Халқаралық балалар кітабы күні қай күні?

9. Дүниежүзілік кітап күні қай күн?

Қорытынды.

Кітап-шебер ұстаз.Ол-тілсіз мұғалім.Сонымен бүгінгі сабағымыздың кейіпкері-кітап.Ол-бүкіл адамзаттың ұстазы.Бүгінгі сабағымыз мынадай өлең жолдарымен аяқталады.

Оқы талмай,түй санаңа,жас ұлан,

Сыр құямын,жыр құямын санаңа.

Білім –қару,білім керек адамға,

Ал білімді мен құямын санаңа.






















Анықтама

«Кітап-асыл қазына»атты тәрбие сағаты өткізілген болатын.

Сынып сағатының мақсаты:

Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.

Тәрбие сағатында оқушыларға кітап туралы кітаптың шығу тарихы туралы түсінік беріліп,кітап туралы оқушылар өздерінің пікірлерімен бөлісті.Мысалы:

Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.

Орманшының аялы,

Алақаны өсірген

Сонау ағаш саялы,

Қағаз үшін кесілген. ,-деп оқушылар өлең жырларын арнады.Сонымен қоса оқушыларға кітапқа қатысты викториналық сұрақтар да қойылды.Жалпы тәрбие сағатына оқушылар белсене қатысты.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!