Кітап-білім бұлағы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кітап-білім бұлағы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға құмарландыру, көп алдында өз ойын еркін жеттізе білуге, жан-жақты білімділікке баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Кітап-білім бұлағы.

Ертеңгіліктің мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға құмарландыру, көп алдында өз ойын еркін жеттізе білуге, жан-жақты білімділікке баулу.

Түрі: Жарыс сабағы.

Жоспар:

1.Таныстыру

2.Мақал жарысы

3.Ертегілер елінде

4.Сөз теру Оқырмандар, кітапхана

5.Жұмбақ шешу

6. «Ойлан, тап»



І-топ: «Білгірлер»

ІІ-топ: «Алғырлар»



Кітапханашы: Қайырлы күн, кітапсүйер қауым және сайысымызға қатысушы балалар! Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады.Оқушының жан-жақты дамуы, жарасымды қалыптасуы оқыған ортасына, алған біліміне байланысты. Кітап адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.

Сол себептен білім алу үшін кітап ауадай қажет. Ол-білім бұлағы. Оны бойға сіңіру үшін көп оқу қажет.

1-жүргізуші: Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жатып ап

Көтеріп күйін көңілдің

Айдын шалқар кейде бір

Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бір

Таппасаң нәрін шөлдерсің

Кітаптарды баршаға,

Талам ғалым қолға алып

Жылдар бойы қаншама

Жазады ұзақ толғанып,

Әдемілеп берсем деп

Бояу жағын не түрлі

Суретшілер көркемдеп

Қанша уақыт отырды.

2-жүргізуші: Кітап сенің құралың

Жағар білім шырағын

Баса алмайсын ешқашан

Онсыз алған бір адым

Кітап та алма ағашы

Жемісін бізге беретін

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін

1-жүргізуші: Жаңа айтқан өлең жолдарында біз не туралы жырладық?

2-жүргізуші: Әрине, кітап туралы. Егер кітап болмаса, сен рухани бай болмас едің. Кітап ел мен жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды.

1-жүргізуші: Бар білімде, ақылды нұр сәулесі де кітаптан тараған. Олай болса «Кітап-білім бұлағы» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жарыс шарттарымен және әділ қазылар алқасымен таныстыру.

2-жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер!

Дұрыс жауап беріңдер.

Білімдеріңді көрсетіп

Алға оза беріңдер.

Әр топ өздерін таныстырады.

Қыздардың орындауында қазақ биі.

1-жүргізуші: «Мақал сөздің-мәйегі»дегендей,мақал-мәтел жарысына жол берейік.

2-жүргізуші :Ойын тойға келейік,

Сөз маржанын терейік.

Кім көп білер екен деп

Мақал айтып көрейік.

1.Білікті бірді жығар (Білімді бірді жығар.)

2.Қына тасқа бітеді. (Білім басқа бітеді.)

3.Ақыл озбайды, (Білім тозбайды.)

4.Білім іздеген-өсер. (Бүлік іздеген-өшер. )

5.Білім таппай мақтанба, (Өнер таппай баптанба.)

6.Оқу- білім азығы, (Білім -ырыс қазығы)

7.Оқусыз білім жоқ (Білімсіз күнің жоқ.)

8.Оқысаң озарсың (Оқымасаң тозарсың.)

9.Білгенге сенбе (Білімге сен.)

10.Өнер-ағып жатқан бұлақ (Ғылым-жанып жатқан шырақ. )

Келесі сайысымыз: Ертегілер елінде

1-жүргізуші: Білімдеріңе сеніңдер,

Бәсекелесіп көріңдер.

Әріптерден сөз теріп,

Ортақ ойға келіңдер.

Келесі жарысымыз сөз теру.«Оқырмандар,кітапхана»тақырыбына.

2-жүргізуші: Жаңылтпаш ,жұмбақ санамақ

Айтады шәкірт саралап.

Оймен қане,өсейік

Ойлап жұмбақ шешейік?

1-жүргізуші:Жұмбақ жарысында әр топ 3жұмбақтан жасырады.

2-жүргізуші:Топ басшысы шығыңдар

Дайын болып тұрыңдар.

Жалғастырып жарысты,

Жібермеңдер намысты.

1-жүргізуші:Топ басшыларының жарысы «Сұрақ-жауап »

1-жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректер шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып,шарықтаңдар әрдайым.

2-жүргізуші: Өрендер өрлей берсін өнерлерің,

Айналаң бәрі сенің көрерменің

Тілеймін тек осылай барлығыңның

Тек қана биіктерден көрінгенің!













Білім кілті- кітапта.

Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру.

Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің

пайдасы жайлы түсіндіру.

Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты пайдалануға үйрету.

Көрнекілігі: Ұлы адамдардың кітап, оқу-білім туралы айтқан сөздері

жазылған плакаттар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Кіріспе.

ІІІ. Викториналық сұрақтар, ойындар.

ІҮ. Көрініс.

Ү. Қорытынды.

Мұғалім: Қымбатты ұстаздар және оқушылар! Біз бүгін сіздермен «Білім кілті-кітапта» деген тақырыпта кездесу кешін өткізіп отырмыз.

Кітап арқылы адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді.

Кітапсыз адам өмірі бос. Кітап біздің досымыз ғана емес, сонымен бірге біздің тұрақты, мәңгілік сенімді серігіміз.

-Балалар, сендер жылдан жылға осы кітаптан оқып, білім алып, кітап-тан мәдениеттілікті, адамгершілікті, ізгілікті, шындықты үйреніп, кітаппен бір- ге ер жетіп келесіздер.

«Кітапсыз өткен бір күн, орны толмас бос өткен күн. Көркем әдебиет- терді таңдап оқи білу де үлкен өнер».

«Кітаппен дос бол, кітаптың жомарт беттері көзіңді ашар, адал дос одан жоқ тегі» деген Расул Ғамзатов.

-Ал, балалар «кітап» туралы сендер қандай өлең білесіңдер?

1 оқушы : Кітап!

Сен адамзаттың жақын досы!

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіңде осы.

2 оқушы : Кітап та алма ағашы,

Жемісі біздің теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін.

3 оқушы: Кітап!

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,

Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.

Жеткізіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достай сырласады.

4 оқушы : Саған білім жемісін

Оқулығың береді.

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Мұғалім: Сіздер кітаптың қайдан шығатынын білдіңдер. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап басатын, әріп теретін машиналарды ойлап тапты. Қазіргі кезде кітап басу ісі механикаландырылған. Оқулықты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды. Өйткені әр кітап- Отан байлығы, ата-апаларымыздың, ата-әжелеріміздің маңдай тері екенін естен шығармауымыз керек.

Көрініс: «Науқас кітап»

Бірде оқушының кітабы науқастанып қалып, дәрігерге әкеледі.

Оқушы: Сәлеметсіз бе, дәрігер!

Дәрігер: Сәлеметсіз бе!

Оқушы: Дәрігер, мен сізге кітабымды әкелдім. Ол қатты науқас.

Дәрігер: Жарайды, алдымен диагнозын анықтап алайық.

Оқушы: Мен үйде жоқта кішкене балалар алып, осындай күйге жеткізіпті. (Жылап тұрып)

Дәрігер: Мұңайма, емдеп жазамыз. Кітабына су тиген, беттері жыртылған.

Кітабыңды түптеймін, жыртылмасын,

Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.

Таза болсын беттері, кірлемесін.

Көрген адам кітабың кір демесін.

Мен мынадай кеңестер жазып беремін, үнемі есте сақтап жүр.

-Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.

-Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.

-Кітап бетін жыртпа.

-Кітапқа сурет салма, жазба.

-Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.

-Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салма.

Оқушы: Жарайды дәрігер. Кеңестеріңізді үнемі есте ұстаймын.

Дәрігер: Жазылып кетіңіздер! Сау болыңыз!

Оқушы: Сау болыңыз! Сізге үлкен рахмет.

Оқулығым, құралым,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.

Дәрігер: Балалар, кітап-шбер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап-адал пейіл, асыл дос. Қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң былай тіл қайтады:

Кітап: Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек,

Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен егемін миыңа.

Мұғалім: Кітаптар да адам сияқты: өмірге келеді, өмір мүреді, қартая- ды. Олар да біз секілді ауырып қалуы мүмкін. Ауырған жағдайда оларды емдеу қажет. Сол үшін де кітаптарды аялап ұстауымыз керек.

Оқушылар сұрақтар қояды.

Оқушылар: Кітапханада өз-өзіңді қалай ұстау керек?

Кітапханашы: 1-ереже: Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқа оқырмандарға кедергі келтіресің.

2-ереже: Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көпте- ген балалар оқитынын есіңнен шығарма.

3-ереже: Кітапты уақытында қайтар. Өйтпесе басқа оқырмандар күтіп қалады.

4-ереже: Кітапты жоғалтып алма.

Кітап туралы тақпақтар

1.Сауатымды ашатын

Кітап-білім бұлағы.

Нұрын бізге шашатын

Ол-өмірдің шырағы.



2. Бөбектерім, оқы, ойна,

Оқу-білім саған пайдалы

Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма.

3. Әліппеде тізілген

Қырық екі әріп бар.

Тізілген сол ізімен

Өз кезінде танып қал.

4. Әліппені біткенде

Кітапқа басқа көшесің.

Тез оқуға жеткенде

Білімді болып өсесің.

5. Кел, балалар, келіңдер,

«Оқулықты» көріңдер.

Қане қарап шығыңдар,

Сурет сырын ұғыңдар.

Білім бар да,оқу бар,

Оқығанды тоқыңдар.

Мағынаны тану .Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті, өнерлі болуы керек. Терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. Кітап қағазы ағаштан жасалады. Ағаш-табиғат байлығы. Кітап жасау үшін көптеген маман иелері тынымсыз еңбек етеді.Нұрсылтан Назарбаев еліміздің барлық балаларын оқып білім алуына, оларды оқулықтармен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлуде.

Біздің елімізде бірде-бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы «Білім туралы заң» қабылданды.

Оқулықты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды. Әр кітап-Отан байлығы, аға апаларымыз бен әже-аталарымыздың маңдай тері. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге аламыз. Кітап-біздің рухани жан азығымыз.

Даналық сөз

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

Абай.

Кітап маған тақтан да қымбат.

У.Шекспир.

Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.

М.Горький.

Ойын: «Жалғастыр»

1.----------------------таусылмайтын байлық.

2.Кітап-білім бұлағы,--------------------------------

3.Кітап-------------------------қазына.

4.Өнерліге---------------------------жауар.

5.Өнер-ағып жатқан-----------------

Білім-жанып жатқан шырақ.

Жұмбақтар

1.Ілулі тұр екен кең алаң.

Керегімді мен одан

Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп.-------------------

2.Төрт қырлы, өзі аппақ,

Тақтадағы ізі аппақ.-----------



3.Сансыз ойлар бетіме,

Сайрап жатыр бар тілде.

Керекпін мен әр күнге,

Өшпейтін бір әрпім де.-----------------

4.Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде.--------------------

Кітап көрмесімен таныстыру.

Көрініс: «Кітап емханасы». (Оқулықтарды тексеру)

1.Туғаннан пайда болған ауру (баспадан)

2.Қартайғаннан болатын ауру (көп жыл ұсталған)

3.Жұқпалы аурулар (кір, лас)

4.Дұрыс жағдайы болмаған (ылғал)

5.Бақытсыздық (жыртылу)

Есіңе сақта!

1.Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.

2.Кітапты төсекте жатып, ас ішіп оқып оқыма, кітап оқу ой еңбегін қажет етеді. Кітапты қалай болса солай оқыма.

3.Кітапты сызуға, жыртуға болмайды.

4.Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

Shape4 Shape3 Shape2 Shape1 Кубизм әдісі

Shape6 Shape5

Не білемін? Не білеміз?

Кітап-өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы.

Кітап та алма ағашы

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін.

Кітабың сенің құралың,

Жағар білім шырағын.

Басма алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адам.



Кітабыңды құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір етке.

Қорытынды.

Мұғалім: «Мен өз бойымдағы барлық жақсылық үшін алдымен кітап- қа борыштымын» дейді М. Горький.

Кітап-жан айнасы. Оған қарап бойыңды да, ойыңды да түзеуге болады. Айналадағы адамға мейіріммен қарауға үйренесің. Кітап-сенің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасың.

\Кітаптардың да арманы бар. Ол-лас, ұқыпсыз оқушылардың қолына түспеу. Білімге қызығатын, ұқыпты балалардың қолына түссек екен деп армандайды.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2019
1245
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі