400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Кітап-білім бұлағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақтар әр мұғалімдерге тәжірибе алмасу және әдіс-тәсілдермен алмасу үшін аса қажет.Осындай ашық сабақтар арқылы мұғалім өзінің жұмысындағы шығармашылығын дамытуға және қорытынды жасауға көмектеседі.Жаңашылдыққа ұмтылатын мұғалім үшін сабақты тиімді тәсілмен ұйымдастыру жолын ұсыну тәжірибелік деңгейін көрсетеді.Ашық сабақты өткізуге педагогикалық тәжірибемен бөлісуге жәнебілім беру саласында инновацияны үгіттеуге мүмкіндік береді. Осындағы қолданылған әдіс -тәсілдер жаңартылған бағдарламаға сай жасалған. Сол себепті осы әдіс-тәсілдермен өзге әріптестеріммен бөлісу мақсатында жариялаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сабағының жоспары

Тақырыбы: «Кітап – білім бұлағы»

Тәрбие бағыты: Рухани-адамгершілік тәрбие

Сынып жетекші:Елеуова А.С.

Сынып: 1 «Д»

Сабақтың мақсаты: Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 

Міндеттері: 1. Оқушыларға білімнің кітап арқылы  берілетінін ұғындыру. 

2. Кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру.

3.

Материал ресурсы:

(Көрнекілігі)

Нақыл сөздер, мақалдар, сюжетті суреттер


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Позитивті бейімдеу.

Дәйек сөз: (цитата). Кітаппен дос болайық,
Ата - баба үмітін біз ақтайық!
Балаларым, оқы, ойна,
Оқу - білім саған пайда.

Мәтінмен жұмыс: Кітаптар жүздеген жылдар бойы өмір сүріп келеді. Ертеде олар  мүлдем басқаша болды. Баспа кітаптарға дейін адамдар өз қолымен жазған екен. Ол өте қиын және ауыр жұмыс болды. Он ғасыр бұрын Еуропада қағаз жасап үйренді, сосын біздің елде.

Әңгiмелеу (сұхбат): Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз. Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы. Адам кітап басатын құралды ойлап  тапқанша көп уақыт өтті. Кітаптар мазмұны жағынан  әртүрлі болады. Олардың қағазы да, тысы да мұқабасы да, безендірулеріне де қарай әртүрлі болады.

Мәтін оқу: Қазір кітаптар тез басылып шығады. Кітап жасауда көп адам енбектенеді. Кітап жасайтын машина  өзі кітап істей алмайды. Қағазды жасауды орманшылардың да еңбегі зор. Қағазды ағаштан жасайды. Жазушылар мен ақындар ертегі, өлең, әңгіме жазады. Суретшілер  түрлі суреттер салады. Мәтінді теріп жазатын адамдар, басып шығаратын адамдар, кітапты капсырмалайтын адамдар да еңбек етеді. Адамның еңбегі мол. Сол адамдарға рахмет айтайық балалар. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.  Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады. 

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. “Жалғастыр”.  

Ойынын ойнайық. 
1.Білім - ... (таусылмайтын байлық). 
2.Кітап - білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы). 
3.Кітап – ... (алтын қазына). 
4.Оқу инемен (құдық қазғандай).

5. Әліппенің ар жағы- (білім бағы)

6.Көп біл,  «аз сөйле)

7. - Білім біздің шамшырағымыз,( кітап біздің ұстазымыз.)
8. Оқусыз  білім  жоқ, (Білімсіз күнің жоқ)

9. Кітапсыз үй – (жансыз дене.)

10. Ақыл- баста, (Білім- кітапта).

Топпен ән айту: «Біз-өмірдің гүліміз»

Қорытындылау: Есіңе сақта! 
1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма. 
2.Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек. 
3.Кітапты қалай болса солай оқыма. 
4.Кітапты жыртуға,сызуға болмайды. 
5.Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің. 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі