400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Кітап-білім көзі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға білім алу керектігін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: №14 мектеп-гимназия Мерзiмі:26.09.2020 жыл

Мұғалім: Курманалиева Г.Ж Сынып:3

Тақырыбы: Кітап- білім көзі

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: адалдық, әділдік, шыншылдық

Мақсаты: Оқушылардың «білім » құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- білім туралы түсініктерін кеңейту.

- білімге деген қызығушылығын арттыру.

-жақсы оқуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Түрлі –түсті қарындаштар, оқулық, дәптер, үндаспа, интербелсенді тақта, суреттер, көрініс

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар сәлеметсіздер ме? Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Көңіл- күйлерін қалай балалар?

Ендіше бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық.

Балалалр шеңберге тұрып, бір-бірлеріне күлімдеп қарап, жылы лебізбен амандасады. Ендіше балалар «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін бәріміз еске түсіріп, жатқа айтайықшы.

Жарайсыңдар, орындарына отырыңдар.

Ресурстар (өзін-өзі тану кітап, дәптерлер, түсті қағаздар қайшы)

2.Үй тапсырмасы

«Жүз мәрте» әңгімесі

Әңгіме сендерге ұнады ма?


3. Дәйек сөз

«Кітап білім бұлағы»

Құрманбай Толыбаев



4.Әңгімелеу

1. Білім адамға не үшін қажет?

«Оқу инемен құдық қазғандай» дегенді қалай түсінесіздер?

2. Мәтінмен жұмыс «Білім мен байлық»

3. Дәптермен жұмыс

Ұсынылған әңгімелер бойынша оқушылардың пікірін білу мақсатында дәптердегі тапсырма орындалады.

4.Тапсырма Мақал-мәтелдерді жалағасытыр...

Оқу –білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.



Оқу инемен құдық қазғандай.



Білімдіге дүние жарық.



Оқымасаң білім жоқ.



Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады

5. Тыныштық сәті: балалар ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, барлық тіршілік иесі оларды аялап, қамқор болып жатқанын сезінеді.


5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма

1. Жаттығу-ойлану

Ойын, білім, байлық, еңбек осылардың өмірдегі мағыздылығына қарай қарындаштармен сызып көрсету.

2.Ойын

«Алғырлар» тобы

Ақыл тозбайтын тоң,.. (Білім таусылмайтын кен)

Білімдіге дүние жарық, ... (Білімсіздің күні –ғаріп)

Білім -арзан, ... (Білу қымбат)

«Білгірлер»тобы

Оқу білім бұлағы,... (Білім өмір шырағы)

Оқысаң озарсың,... (Оқымасаң тозарсың)

Дәптермен жұмыс

Жұмбақ шешу

Жауаптары: Әріптер, кітап, оқу.

Қортындылау

-Балалар бүгін нені үйрендік?


6.Жүректен жүрекке

Балалар бір-бірлеріне сенім білдіреді.

Білім іздесең,

Кітаппен таны,

Еңбегің еш болмайды.

Ақыл іздесең,

Адаммен таныс,

Өнерің кеш қалмайды.


7.Үй тапсырмасы

«Қайнар» әңгімесінен түсінік сұрау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.04.2021
678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі