Кітап-білім көзі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кітап-білім көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға кітаптың білім көзі екендігін түсіндіру арқылы жалпыадамзаттық Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

Бөлім:

I тарау. Ғасырлар даналығы

Мұғалімнің аты-жөні,тегі:

Абубакирова Мадина Кайырбековна

Мерзімі:

Оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар:

Оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар:

Оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар:

Оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар:

Оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар:


Сыныбы:

3 «А,Ә,Б,В,Г»

Сабақтың тақырыбы: №6

Кітап – білім көзі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

Істер мен әрекеттерде жауапкершілік таныта алады.

Құндылық:

Сүйіспеншілік

Қасиеттері:

Ізденімпаздық, еңбекқорлық, шыдамдылық

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға кітаптың білім көзі екендігін түсіндіру арқылы жалпыадамзаттық Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері

  • оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру;

  • оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру арқылы еңбекқорлық қасиетіне баулу;

  • оқушыларды ізденімпаздыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу;



Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(1 мин)



1.Жағымды көңіл-күй

(3 мин)

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, 5Т – ережесін еске алады. Мұғалім «Шаттық шеңбері»жаттығуын өткізіп, Мұзафар Әлімбаевтың өлең шумағын бірге айтады.

Шаттық шеңбері.

Көрдің талай аралап
Мәуелі жеміс бақшасын.
Тәттілерін таңдап ап,
Жемісін қайта өнер ме?!
Кітап та – алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін...

Мұзафар Әлімбаев



Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді және 5 «Т» ережесін еске алады. «Шаттық шеңберіне» тұрып, Мұзафар Әлімбаевтың өлеңін қосылып айтады.





Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,

https://youtu.be/LCiAfCCwc7A


2.Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу)

(7 мин)

Оқулық, №6 сабақ 26 беттегі «Қайнар» Құрманбай Толыбаевтың әңгімесін оқу. Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларды кітап оқудың пайдасы туралы терең ұғынуға жетелейді.

Сұрақтар:

* Имантай би балаларының кітап оқуын қалай тексеретін еді?

* Атасы Қанышқа «Оқығаныңды көкейіңе тоқуың да керек деп» неліктен айтты?

* Кітап оқу Қанышты қандай әсерге бөледі?

* Кітап оқудың қандай пайдасы бар?

* Өзің қандай кітап оқып жүрсің?

* Кітап оқығанда қандай әсер аласың?

Оқушылар мазмұнын айтады. Әңгіме мазмұнынан түсінгендерін ортаға салады.

Сұрақтардың көмегімен оқушылар «кітап» ұғымын және кітап оқудың мағынасын түсінеді.

Оқулық,№6 сабақ 26 бет

3.Жағымды ой-пікір

(дәйексөз) (5 мин)

«Кітап – алтын қазына»

Мақал.

Мұғалім дәйексөзбен таныстырады. Дәйексөзді дауыстап оқып береді.Мұғалім оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды.

Сұрақтар:

1.Неліктен кітапты алтын қазынаға теңейді?

Оқушыларға дәйексөзді қайталап, дәптерге жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардың

жауаптарына сүйене отырып, өзі қорытынды жасайды.

Оқушылар дәйексөздің мағынасын талқылайды, оны 2 – 3 рет қайталайды және дәптерге жазады.


4.Оқиғалар айту

(әңгімелесу) (8 мин)

Мұғалім сабақтың сыйы ретінде «Кітап оқудың адамға тигізер пайдасы қандай?» атты анимациялық видео көруді ұсынады.

Сұрақтар:

*Кітап оқудың адамға тигізер пайдасы қандай?

*Кітаппен дос болу үшін қандай қасиеттер керек?

*Өзің кітапты не үшін оқисың?

Мұғалім оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, өзі қорытынды жасайды.


Сұрақтарға жауап бере отырып, ізденімпаздық, еңбекқорлық, шыдамдылық қасиеттерді өз бойларынан табуға жол ашады.

Кітап оқудың адамға тигізер пайдасы қандай? Анимациялық видео

https://youtu.be/E2iY6EtscZw


5.Шығармашылық жұмыс ( топтық жұмыс)

(15 мин)

Мұғалім оқушыларды топқа біріктіреді және топта жұмыс ұйымдастырады.

1 - тапсырма.

Өлең жолдарын жаттау.

Кітап та, алма ағашы,

Жемісін біздер көретін.

Тәтті алмаға балашы, Кітабыңның әр бетін!

2 - тапсырма.

Кітапқа ризашылықтарыңды білдіріп, алғыс сөз жазыңдар.

3 - тапсырма.

Кітап туралы ребус құрастыру.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Жұмыстарын шығып қорғайды.


6.Үй тапсырмасы

(2 мин)

5 - тапсырма. Өз кітапшаңды жаса, ат қой. Кітапшаңның мұқабасына сурет сал,ішкі беттерін безендір.Оған даналық сөздер жазып достарыңа оқып бер.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады


7.Топпен ән айту

(3 мин)

«Құпия кітап» ситкомының саунтрегі

Әні:О.Мақсұтов

Сөзі:С.Сағындық

Жүр досым кітапханаға,

Кітап керек ой -санаға.

Оқысаң жүйрік, самғайсың биік,

Кітап оқы жанға дауа.

Жүр досым кітапханаға,

Көп керек ақыл балаға.

Көңілдің күйі, оқиық жиі,

Кітап оқы жанға дауа.

Қайырмасы:

Жүрегіңмен оқы,көңіліңе тоқы

Қайта – қайта оқып жаттап ал!

Кел, қатардан қалма,кітап оқып самға,

Ой – санаңда мәңгі сақтап ал!


Оқушылар мұғаліммен бірге үнтаспаға қосылып ән шырқайды.

Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

https://youtu.be/wI6QIIOq94o


8.Сабақтың қорытынды сәті

(1-мин)

Бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді ой елегінен өткізіп көріңдер. Кітаппен дос болыңдар! Барлықтарыңа үлкен рахмет! – деп сабақты аяқтайды.


https://youtu.be/LCiAfCCwc7A.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.05.2022
720
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі