Мақсаты. 1Оқушыларды
оқулықты құрметтеуге білуге, ұқыпты ұстауға баулу.
2 Кітаптың адам өміріндегі
маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
3 Кітапқа деген
қызығущылығын арттыру оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға
тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
Кітапта алма ағашы,
Жемісін біздер теретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабының әр бетін деп
Музафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен
оқулықтар-сендерге білім көзі,рухани қазына.Біз кітап арқылы
бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.
Оқығаның,тоқығаның көп болса жеңілмейтін жау,алынбайтын қамал
жоқ.Дана халқымыз «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» деп
бекер айтпаса керек.Бүгінгі 1"ә"сынып оқушылары дайындаған «Кітап
-білім бұлағы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
Нұрзат
Кітап –рухани азық.Кітап
адамның дүниетанымын кеңейтеді.Біз кітаппен күн сайын
кездесеміз.Ертегі,әңгімелермен сыр шертетін кітаптар-біздің ең
жақын ақылшымыз.
Нұржігіт
Кітап шығару үшін көптеген
адамдар еңбек етеді.Біз кітапты қалай ұстаумыз керек.
Ернұр
Кітапты
жыртпай,кірлетпей,бүлдірмей таза ұстап,оқыған кезде мәнерлеп оқу
керек.
Мұғалім Балалар,бүгін бізге
қонаққа(«Кітап келіп отыр» «Кітапты» ортаға шақырайық.
Кітап балалар, мен білім
көзі-Кітаппын. Мені жасау үшін көп адам еңбек сіңірді.Балалар,кітап
қайдан шығатынын білесіңдерме.
Балалар, ағаштан.
Мұғалім Кітап шығару үшін
көп еңбек сіңіреміз. Кітап,сен бізге қонақ болып балалардың білімін
тамащала.
Қазына
Адамның досы-кітап,өмір
кіліті,
Тең келмес оған барша жиған
мүлкі.
Ақылшы ,жанға серік,жол
бастаушы.
Асыл ғой қазынасы,өмір
көркі.
Дариға
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Жансұлтан
Орманшының аялы.
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
Албина
Ағаш кесіп қанша адам
Ормандарда жүреді
Аға қанша шаршаған
Ағаш тиеп үнемі
Дархан
Зауыттарда күн-түні
Қағаз жасап бағалы
Қанша адам кім үшін
Маңдай терін төгеді
Тілеуқабыл
Оқулықты баршаға
Талай адам қолға алып
Жылдар бойы қаншама
Жазады ұзақ толғанып
Абдурахим
«Әдемілеп берсем» деп
Бояу жағып не түрлі
Суретшілер көркемдеп
Қанша адам отырды
Рамазан
Әріп теру үшін де
Талай адам терледі
Баспахана ішінде
Айлап тыным көрмеді
Жомарт
Оқулықты мектебің
Берер саған теп-тегін
Білмейсің-ау сен бірақ
Қаншама еңбек кеткенін
Аяла
Оқулықты құрметте
Кітап ұста кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке
Көрініс «Науқас кітап»
Мұғалім. Балалар,дәрігер
апайымыз айтқандай кітаптарда ауырады екен.
Сол зиянды болдырмау үшін
мынандай ережелер бар екен.
1Кітаптың бетін
шималама
2Кітапты бүлдірмей, жыртпай
таза ұстау керек
3Кітаптың беттерін
бүктеме
4Кітаптың мұқабасын тыстап
қой
5Кітапханадан алған кітапты
уақытымен қайтар
6Кітап бетіне сурет
салма.
Мұғалім. Балалар,кітап
туралы жазған ғұлама ақын-жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін
білесіңдер.
Дархан
Кітап маған тақтанда
қымбат.
Айша
Артық ғылым кітапта,
Ерінбе оқып көруге.
Дариға
Жақсы кітап ақылды адамның
әңгімесімен бірдей.
Қазына
Кітап-мұқит,сол мұхиттан не
терең,
Мен біліммен ылғи дос боп
өтер ем.
Ернұр
Мен бай болсам,тек қана
кітап сатып алар ем.
Рамаза
Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы
ғажайыптардың бірі.
Тілеуқабыл
Кітап-асып таспайтын асыл
досымыз.
Мұғалім.Рахмет,балалар.Енді
мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Кітап-асыл таспайтын асыл
досымыз.
Ұсынған қойнынан
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің.
Бұл не .
(Кітап»
Бірінші әріп көзде
бар,мұрында жоқ.
Екінші әріп –тісте
бар,бұрымда жоқ.
Үшінші әріп бетте бар,
білекте жоқ.
Төртінші әріп құлақта
бар,жүректе жоқ.
Бесінші-«п» әрпі
ақырғысы.
Жұмбақ шешкен баланың
ақылдысы.
«Кітап»
Викториналық сұрақтар.
1 Кітаптар тұрағы қалай
аталады. Кітапхана
2 Кітаптармен жұмыс
істейтін маман қалай аталады. «Кітапханашы»
3 Кітапханаға үнемі барып
кітап оқитын адам қалай аталады. «Оқырман»
4 Балаларға арналған газет
–жұрналдарды білесіңдер. «Балдырған»
5 Кітап басып шығаратын жер
қалай аталады. «Баспахана»
6 Мектеп оқулықтары қандай
баспалардан шығады. «атамұра ,алматы»
7 Кітапты жазған адамды
қалай атайды. «Автор»
8 Халықаралық балалар
кітабы күні қай күн. «2-сәуір»
9 Дүниежүзілік кітапппппп
күні қай күн. «23-сәуір»
Мұғалім
Кітап адам өмірінде аса
маңызды рөл атқарады.Ол елді сүюге, талапты,кішіпейіл болуға,
мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап бізге ақыл-кеңес,
тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге береді.
Тапсырма. Кітап қалай
жасалады.
Кітап ұстау ережесі.
Қорытынды.
Кітаппп-шебер ұстаз.
Ол-тілсіз мұғалім. Сонымен бүгінгі сабағымыздың кейіпкері-кітап.
Ол-бүкіллллллл адамзаттың ұстазы. Бүгінгі сабағымыз мынандай өлең
жолдарымен аяқталады.
Оқы талмай,түй санаңа жас
ұлан.
Сыр құямын, жыр құямын
санаңа.
Білім-қару, білім керек
адамға,
Ал білімді мен құямын
санаңа.
«Мен әдепті баламын»
хор