Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кітап дүкеніне барамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары орыс мектебінде жұмыс жасайтын мұғалімдер үшін қажет. Мұнда сабаққа қатысты жаңа сөздер, тапсырмалар берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Кітап дүкеніне барамыз


Күні: 12.11. 2018 ж.

Мұғалімнің аты жөні: Урпебаева Г.О.


Сынып: 2 «АБ»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:0

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы модуль бойынша алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Модуль бойынша берілген қысқа мәтіндер негізінде жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.

Тәрбиелік: Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы, жазу дәптері

Негізгі түсініктер:

Алыс, жақын, кітап дүкені, ертегі кітап.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, түрлі түсті қағаздар, желім, фломастерлер.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Миға шабуыл» стратегиясы, сергіту, жаттығу.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Оқушылармен сәлемдесемін.

Кезекшімен сұхбат откіземін.

«Шаттық шеңбері» тренингін өткіземін.

Оқушыларды ортаға шақырамын. Сабаққа көңіл күйлерін аудару үшін бір-біріне жылы лебіздерін, тілектерін айтады.





Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексеремін. Кемшіліктер болса анықтап, түзетемін. Өлеңді жатқа айту.


Үйге берілген тапсырманы оқушылар айтады.

Қызығушылықта

рын ояту

«Миға шабуыл» стартегиясын қолданамын. Кітапхана туралы слайд көрсетемін.

Оқушыларды ортаға шақырып, кеспе қағаздарды алу арқылы үш топқа бөліп аламын. Бірінші – «Қалам», екінші топ – «Кітап», үшінші топ – «Дәптер». Үш топ болып орындарына отырады. Табыс критерийін түсіндіріп өтемін.

Оқушылар кітап туралы ассоциация айтады.

Сонымен қатар әр топқа басшы тағайындап аламын. Басшыларға «Бағалау парағы» ұсынамын. Міндеттерін түсіндіріп өтемін.

Мағынаны тану

Сөздікпен жұмыс.

Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді оқиды. Оқушылар оқиды, бірнеше рет қайталайды. Қазақ тілінің төл дыбыстарының дұрыс айтылуына,, сөздерге екпіннің дұрыс қойылып айтылуына назар аударамын. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге қатасіз жазуға қадағалаймын.

Топпен жұмыс.

А) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып, аудару.

Ә) Мәтін бойынша үш сұрақ құрастыру. Әр топтан үш сұрақтан.

Б) Құрастырылған сұрақтарды топтардың бір-біріне қою керек.


Тыңдалым. Оқылым. Сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргіземін.

Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқимыз, аударамыз, мәтін бойынша сұрақтар құрастырамыз. Құрастырған сұрақтарға жауаптар алынады.


Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс.

Көптік жалғауын қайталаймыз. Оқу құралдарына көптік жалғауын жалғау керек.


Жазылым. Айтылым. Оқылым. Берілген сөздерді дәптерлеріне жазып, әр топта бір оқушы орнынан тұрып оқып береді.

Сергіту сәті

«Әли мен Айя» сергітуін жасатамын

Оқушыларды сергітіп алу «Әли мен Айя» сергітуін барлық оқушылар орындарынан тұрып қайталайды.

Ойтолғаныс

Әр топқа қосымша тапсырмалар (карточкалар) таратылады.


Бекіту

Сабақты бекіту мақсатында қорытынды сұрақтар қойылады. Сұрақ-жауап тәсілі.

Өткен тақырыпты бекіту, қорытындылау негізінде Сұрақ-жауап әдісі қолданылады.

Бағалау

Формативті бағалау. Оқушылардың өздерін бағалауы бойынша қорытынды бағаны қоямын.

«Бағалау парағы» үлгісі бойынша бірін-бірі бағалайды.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы 3 – тапсырманы орындау.


Рефлексия

Оқушыларға «Бағдаршам» таратып беремін сол бойынша өз әсерлерін білдіреді.

Оқушылар сабақты қаншалықты түсінгендігін бағдаршамның түстерін бояу арқылы білдіреді. Егер «қызыл түс» - сабақты мүлдем түсінбедім, «сары түс» - сабақты орташа деңгейде тұсіндім, «жасыл түс» - сабақты толық түсіндім дегенді білдіреді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
806
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12