400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Кітап мекеніне саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Кітап мекеніне саяхат» танымдық экскурсиясы «Кітап мекеніне саяхат» танымдық экскурсиясының мақсаты – балаларды кітапханамен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру. Экскурсия барысында қатысушылар кітапхана бөлімдерімен танысып, танымдық ойындарға қатысып, әдеби шығармалар мен ертегілер бойынша білімдерін толықтырды. Іс-шара балалардың шығармашылық ойлауын дамытып, кітап оқуға деген ынтасын күшейтуге бағытталды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Кітап мекеніне саяхат» танымдық экскурсиясы

Өнер мектебі жанындағы лагерь балаларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, оларды кітаппен қамтамасыз ету, кітап оқу мәдениетіне баулу және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында кітапханада «Кітап мекеніне саяхат» атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар кітапхананың бөлімдерімен танысып, кітап қоры туралы қызықты мәліметтер алды. Кітапханашы Ташукова А.Н. жас оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңызы, оны ұқыпты пайдалану және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жайында әңгімеледі.

Экскурсияның қызықты бөлігінде балалар «Кітап мекеніне саяхат» атты танымдық ойынға қатысты. Олар әдеби кейіпкерлер мен ертегілерге байланысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Сонымен қатар мақал-мәтелдерді жалғастыру сайысында тапқырлық танытып, қазақ халқының даналық сөздерінің мән-мағынасын түсінді.

Балаларға ертегілер кейіпкерлерінің суреттері көрсетіліп, олардың қай ертегіден екенін табу тапсырмасы берілді. Бұл ойын олардың ойлау қабілетін дамытып, кітапқа деген қызығушылығын арттырды. Сондай-ақ сүйікті ертегілері туралы әңгімелеп, кейіпкерлердің жақсы қасиеттері жөнінде пікір алмасты.

Іс-шара соңында балалар өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап, кітапхана қорымен жақынырақ танысты. Олар кітап оқу арқылы білім көкжиегін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға болатынын түсінді.

Мұндай танымдық кездесулер жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани дүниесін байытады. Кітап – білімнің кілті, ал кітапхана – сол білімге бастар қасиетті мекен. Сондықтан кітаппен достасқан әрбір бала болашақта білімді, мәдениетті әрі шығармашыл тұлға болып қалыптасады.



Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы.

Орталық балалар кітапханасының кітапханашысы:

Ташукова Айгул Нұрланқызы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20.07.2026
25
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі