|
Кіріспе
5 мин
Негізгі бөлім
15
мин
|
Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады.
Кітап елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке,
төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға
шақырады.
. Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп
Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар
сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бүкіл адамзат
өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге
мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау,
алынбайтын қамал жоқ.
Дана халқымыз «Білекті бірді
жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.
Балалар біз кітап туралы не білеміз ол қалай келеді бізге.
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие
құрал.
Кітап “Папирус”деп аталатын су
өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға
шиыршықтап оралды.
Жұмбақ
шешу.
Қабат – қабат
қаттама,
Ақылың болса аттама.
(Кітап)
Тәрбиеші:
Балалар бүгін бізге қонаққа
науқас кітап келіп отыр.
Кітапты ортаға шақырайық.
Кітап: „Кітаптың мұңы „
Балалар мен ауырып қалдым,
көңіл күйім жоқ, маған дәрігер шақырыңдаршы.Көрдіңдер ме менің
үстімді шимайлап сызып, одан қалды жыртып менің жанымды ауыртты.
(Дәрігер келеді).
Дәрігер кітапты жыртуға,
сызуға,лақтыруға болмайтынын айтып,кітапты емдейді.
Тәрбиеші:
Балалар, дәрігер апайымыз
айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін
мынандай ережелер бар екен.
Есіңе сақта!
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген
балалар оқитынын есіңнен шығарма
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып
оқымау.
3. Кітапты қалай болса солай
оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітап бетіне сурет салма!
Мақал –
мәтел: 1. Кітап — таусылмайтын
байлық.
2. Кітап — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
3. Кітап – алтын қазына.
1. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.
2. Білім тозбайды, Ақыл азбайды.
3. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті
|
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
(Кітап)
Мақал –
мәтел: 1. Кітап — таусылмайтын
байлық.
2. Кітап — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
3. Кітап – алтын қазына.
1. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.
2. Білім тозбайды, Ақыл азбайды.
3. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті
|
|
Қоры
тынды
5 мин
|
.Ал, оқушылар сендер кітаптармен дос болғыларың
келе ме?
Жарайсыңдар, сендер кітапхананың оқырманы болуға
лайықтысыңдар, кітап біздің досымыз, өмірлік
ұстазымыз.
Кітапханаға жиі барыңыздар, жиі кітап
оқыңыздар.Өйткені,
Кітап – ұстаз,
Кітап – үйретуші.
Кітап – нағыз дос,
жолдас,
Ақылы бұлақ көзіндей еш
азаймас.
|
|