15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кітап өмір ұстазы
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу орта мектебі «КММ» Тилекешова Гулжамила Аманжоловна І санатты бастауыш сынып мұғалімі
«Кітап өмір ұстазы»
(өнеге сағаты)
Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Оқырмандардың ой- өрісін кеңейту, кітап оқуға қызықтыру, кітапханаға оқырман тарту.
Көрнекілігі: Оқу- білім туралы айтылған сөздер жазылған плакаттар. Кітап көрмесі. Слайд.
Жоспары:
1.«Кітап- тарих, шежіре сан ғасырдан»
2.«Кітап – мұхит,сол мұхиттан не терең?»
3.«Кітап сөзі жас ұрпаққа болашаққа , Жеткізеді дананың асыл үнін».
4.Қорытынды:
«Кітапхана киелі орда»
1 – Жүргізуші
О, кітап бас иемін мәртебеңе,
Игілік қазынасын бар адамға.
Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта аламын ба? Ақтілек: Кітап – нәзік те тұнық әлем.Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы. Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазына – кітап.
Тұрсынбек :
Қуан кітап, қуанатын күн бүгін
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Кел, оқырман тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін. Самал :
23-сәуір ЮНЕСКО –ның шешімімен 1995 жылдан бастап «Халықаралық кітап күні » деп жарияланды. Міне, содан бері бүкіл елдерде өте жоғары деңгейде аталып өтуде. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап –білім –бұлағы,білім-өмір шырағы» деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. «Артық білім кітапта ,ерінбей оқып көруге «»деп ұлы данышпан Абай Құнанбаев атамыз айтпақшы ,адам баласы үшін кітап –тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады.
Адамның досы кітап,өмір кілті, Тең келмес оған жиған мүлкі . Ақылшы , жаңға серік , жол бастаушы, Асыл ғой қазынасы өмір көркі
1-жүргізуші: О, кітап бас иемін мәртеңе Игілік қазынасын бар адамға Сен берер жақсылықтың есебі жоқ, Жеткізіп жолын тауып айта аламын ба?
Оразгүл :
Кітап -нәзік те, тұнық әлем. Кітап –білімнің түпсіз аспаны , терең бастауы. Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазына –кітап .
Қамар:
Қуан кітап,қуанатын күн бүгін
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Кел, оқырман тойын тойла кітаптың ,
Шаттанып мерекелі күн бүгін.
Гүлжайна
23 сәуір – «Халықаралық кітап күні» деп жарияланды . Міне, содан бері бұл күн Ресейде , Германияда , Америкада шет елдерде өте жоғары деңгейде аталып өтілуде. Жаңа ақпараттар көзінің қарыштап дамыған жаһандану заманында да кітап оқу , кітапты пайдалану , көркем шығармаларға деген құштарлығымыз кемімеуі керек.
2 – Жүргізуші:
Кітаптар бейне жапырақ, Жырлайтын сырын өмірдің . Оқисың кейде жатып – ап, Көтеріп күшін көңілді! – деп бір ақын жырласа, келесі ақын кітап құдіретін былай жеткізіпті:
1-Жүргізуші.
Кітап та алма ағашы, Жемісің біздер теретін. Тәтті алмаға балашы, Кітабының әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев ағамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына.
Жалпы кітап туралы жырламаған жазушылар, ақындар жоқ шығар. Сонымен қатар ел аузында мақал ретінде сақталып қалған ұлағаты сөздер де емес. Мысалы: «Кітаппен кеңес- білімдімен теңес», «Жақсы кітап жан азығы».
Жанарыс :
Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде – ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі - өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған – тоқығаның көп болса , жеңбейтін жау , алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады , білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.
Нұрхан :
Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Кітап – адал пейіл, асыл дос.
Кітап – мұхит, сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
Гулдана : Кітап (арабша – жазба )- мерзімсіз баспа сөз басылымы ; көркем- әдеби, қоғамдық – саяси, ғылыми – практикалық мазмұндағы туынды. Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазумен жазылады.
Асем : Кіші Азияда Пергеам патшалығының шеберлері жануарлар терісінен жазатын жаңа материал әзірледі. Патшалықтың аты мен “Пермагент” деп аталады . Осылайша біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда қамыстың орнына тері жарғақ қолдана бастады. Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымы өкілдерінің туындылары жарғақ кітаптарға жазылып таралады.
Абылай :
105 ж. Қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тауып 13- ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай, Еуропа қолжазба кітап қауырт өркендеп , түрліше әріптер , бас тақырыптар қолдана бастады.Кітап мұқабалары алтын, күміс, т.б. металмен өрнектелді.
Бекжан :
Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейде қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
Сағира :
Саған білім жемісің,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
1-Жүргізуші:
Абай Мұқтар қазағымның қаймағы.
Әсем жырмен өрнектелген ойлары,
Бес нәрседен қашық бол деп тәрбиелер,
Жат қылықты жақтырмайды бойдағы.
2- Жүргізуші:
Рухани білімнің мәдениеттің ауадай қажеттілігі , маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдреттен тапты. Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап.
Оразгүл : Кітап
Сен адамзаттың жақын досы,
Келмейді сені оқымай көңіл қошы,
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры
Басылған таңба болып өзіңе осы.
1 – Жүргізуші:
Кітап толы терең сыр парасатқа,
Қазынасы ол- адамзат ақылының.
Кітап сөзі жас ұрпақ болашаққа,
Балалар, «Кітапхана ережесі» жайлы не білесіңдер?
Балдаурен :
Кітапханаға сөмкемен кіруге болмайды . Әдеби кітаптар үйге он күнге беріледі. Жоғалған кітаптың орнына сол бағаға басқа кітап сатып алынып өткізіледі. Алған кітапты уақытында қайтару керек, өйткені оны басқа оқырмандар күтіт отыр.
Жәнібек :
Кітапхана мүліктерін шимайлап
сызуға болмайды. Интернетті пайдаланғанда ережені сақтап, дәптерді
толтырып отыру керек. Кітапты ұқыпты ұстап, кітап білімнің қайнар
көзі екенін ұмытпауы керек.
Нұрғиса :
Керемет кемеңгер жан ақылы асқан,
Ең алғаш әріп жасап, кітап басқан.
Емес пе , шын ғажайып осы кітап
Халыққа өнер – білім нұрын шашқан.
Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқандай – ақ өткен күнмен беттеріңді,
Келер күн көз алдыма кеп тұрады.
2 – Жүргізуші:
Данышпан да, дана да бас иеді,
Саналы адам жүрегімен сүйеді.
Білімменнен парасаттың ордасы,
Кітапхана деген отау осы киелі.
Міне, балалар оқу мен жазуға үйрететін, ол сендердің оқулықтарын, ой – өрістеріңді ұшқырлайтын көркем әдебиеттерің сондықтан кітапты таза ұстап, құрметтей білу керек. Ол сендерді талапты, кішпейіл болуға мейірімділікке, білім құмарлыққа, төзімділікке үйретеді. Ендеше кітап оқиық балалар! Өмірдің барша қызығы кітапта.
1 – Жүргізуші:
Сан мың кітаптар бар , көріңдер,
Кітапхана киелі орда сеніңдер.
Рухани қазынаны іздесең,
Кітапхана есігі ашық, келіңдер!
Осымен , кітап күніне арналған өнеге сағаты аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет! Кітапханаға келіңіздер! Күтеміз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген