400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Кітап-өмірлік ұстаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітап-өмірлік ұстаз тақырыбында тәрбие сағаты жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

Тәрбие сағаты

«Кітап - өмірлік ұстаз»

Күні


Сынып жетекші:

Шокпытова В.Р

Сынып:

10


Сабақтың тақырыбы:

«Кітап - өмірлік ұстаз»

Қауіпсіздік сабағы «Жалған ақпарат тарату: жаупакершілік және жаза»

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру;

  • Кітаптың адам өміріндегі маңызын ұғындыру;

  • Оқушылардың әдеби талғамын дамыту, рухани-мәдени көзқарастарын қалыптастыру.

  • оқушыларға жалған ақпаратты, оның ішінде Интернетте таратқаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат беру.

Құндылықтар

Бірлік пен ынтымақ: өзара сыйластық пен ынтымақтастықты көрсете отырып, өз көзқарастарын білдіре алу

Дәйек сөз

«Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенеледі»

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)


Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.



ІІ. Кіріспе сөз (5 минут)


Мұғалім сөзі:

«Кітап — адамзат ақыл-ойының қазынасы. Ол – мәңгілікке жетелейтін ұстаз. Бүгін біз осы тақырып аясында кітаптың құдіретін, біздің өміріміздегі орнын бірге зерттеп, ой бөлісеміз.»


Слайд 1

ІІІ. Негізгі бөлім (15 минут)


Ой шақыру (бейнеролик көрсету немесе сұрақ қою):

«Сіз үшін кітап деген не?» –

«Кітап оқитын адам мен оқымайтын адамның айырмашылығы қандай?» (пікірталас)

Интерактивті тапсырма – «Ұлы тұлғалар не дейді?»

Тақтаға немесе слайдқа кітап туралы ұлы тұлғалардың нақыл сөздері беріледі. Мысалы:

Абай: «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге».

Нұрсұлтан Назарбаев: «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы».

Ғабит Мүсірепов: «Кітап – адамның ең жақын досы».

Топтық жұмыс:

Сыныпты 2-3 топқа бөліп, әр топқа тапсырма беру:

«Кітап – өмірлік ұстаз» тақырыбында постер жасау

(оқушылардың қысқаша ойлары тыңдалады)


Оқушылар осы нақыл сөздерге өз ойларын білдіреді Оқушы шығармашылығы:


Оқушылар өздері оқыған ең сүйікті кітабы туралы шағын эссе немесе презентациямен таныстырады.

«Кітаптан алған тәлім» – оқушылар өмірге әсер еткен кітаптар жайлы бөліседі.

Слайдтар 2-5

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Мұғалім: «Қайсыларыңыз интернетте жалған болып шыққан күмәнді ақпаратты кездестірдіңіз?».

Цифрлық дәуірде жалған ақпарат немесе «фейк» таралуы қоғамға зиян келтіретін, жанжал туғызатын мәселеге айналғанын түсіндіріп айту.

Негізгі бөлім

Тарату – мәліметтерді бір немесе бірнеше адамға ауызша, жазбаша немесе өзге де нысанда кез келген тәсілмен хабарлау, жария ету. Атап айтқанда, ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді, оның ішінде интернет желісін пайдалана отырып, материалдарды беріп, ақпаратты орналастыру.

Жалған ақпарат (false information) – дұрыс емес әрі қате бейнеленген, нақтылық жоқ ақпаратты тарату. Жалған ақпарат тарату үшін түрлі байланыс құралдары, баспасөз, радиохабарлар, теледидар және т.б. қолданылады.

Қазақстанда жалған ақпарат таратқандарға 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.

Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарына сәйкес жалған ақпарат таратушылар жазаланады:

174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру

Қоғамдық немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік, ұлттық, тайпалық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты тұтату кезінде: екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

273-бап. Терроризм актісі туралы жалған хабар беру.

Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы жалған хабар бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

274-бап. Жалған ақпарат тарату.

Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату –бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Слайдтар 6-7

ІV. Қорытынды бөлім (10 минут)


Мұғалім қорытындылайды:

«Кітап – тек оқу құралы ғана емес, өмір жолын бағыттайтын шамшырақ. Ол бізді ізгілікке, даналыққа, сабыр мен парасаттылыққа жетелейді. Сондықтан кітап оқуды күнделікті әдетке айналдырайық.»

Қорытынды

Фейктердің таралуы тек жауапсыздық емес, сонымен қатар жеке тұлға үшін де, қоғам үшін де ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін атап өтіп, сабақты қорытындылаңыз. Оқушыларды интернеттің жауапты пайдаланушысы болуға және жалған деректерді таратпауға шақырыңыз

«Буккроссинг» немесе «Кітап алмастыру» идеясы ұсынылады:

Рефлексия:

«Бүгінгі тәрбие сағатынан не түйдің?» – ауызша немесе стикерге жазу.


Қорытынды:

Мақал-мәтелмен немесе өлең жолымен аяқтау:


«Кітап – алтын қазына,

Білімге бастар жолына.»

Әр оқушы өз үйінен бір кітап әкеліп, сыныптастарымен ауыса алады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.06.2025
188
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12