400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кітап оқу Ж.Аймауытов

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі сабақтың мақсаты– Ж. Аймауытовтың «Кітап оқу» әңгімесімен танысу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Кітап оқу Ж.Аймауытов

Сабақтың мақсаты: 1.Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру.

2. Білімін,ой-өрісін дамыту.

3. Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Өлеңді жатқа сұрау ә)Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

- Кітап не үшін керек?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– Ж. Аймауытовтың «Кітап оқу» әңгімесімен танысу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Жүсіпбек Аймауытов қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ол 1889 – 1931 жылдар арасында өмір сүрген. Қазақтың ұлттық прозасын биікке көтерген майталман сөз шебері,белгілі қоғам қайраткері.Ол жалған жаламен ұсталып,Мәскеудің аты шулы Бутырка түрмесінде атылып кетті.Оның «Қартқожа», «Ақбілек» атты романдары бар.

2. Сергіту сәті. Көк аспанды шарлаймыз,

Ұшқан құсты санаймыз

Үшбұрыш боп тырналар,

Көк жүзінде жорғалар.

3. Оқып, талдау.

Мәтінді оқып талдау, мазмұнын ашу.

Сұрақтарға жауап алу.

  • Мәтін қалай басталады?

  • Қартқожа «өзінің айдалада жатқанын да, ауылын да, басқа дүниені де» неліктен ұмытты?

VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.

2. Дәптермен жұмыс.

Дәптерлеріне жазады.

Сөздік жұмыс: Роман – көлемді, күрделі шығарма.

Мәтінге сүйеніп, көп нүктенін орнына қажетті сөздерді қойып жазады.

Қандай? қандай?

..... дала. Аспандағы бұлттар ..... (сабынның көбігіндей, ақ мақтадай)

3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

- Сабақ ұнады ма?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Әңгімені оқып мазмұндап келу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.11.2020
929
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі