Материалдар / кітап қымбат қазына
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

кітап қымбат қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
балбақша балаларын облыстық кітапханаға Ә. Тәжібаев атындағы кітапханаға экскурсияға апрғандығы жайында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2021
664
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Білімнің - кілті кітапта!»

(Кітапханаға саяхат)

Мақсаты: Кітапхана өмірімен таныстыру. Білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру.
Кітапқа деген қызығушылықта арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету.

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсаң ой ойлаудан да тиылар едік» (Ғабит Мүсірепов, жазушы, көсемсөзші, драматург)

«Білімнің бас құралы - кітап» (Ахмет Байтұрсынов, ақын, ғалым, аудармашы, қоғам қайраткері)


«Алан Орда» балабақшасы «Радуга» мектеп алды даярлық тобының балалары Әбділдә Тәжібаев атындағы қалалық кітапханасына топ тәрбиешісімен бірге экскурсияға келдік. Бізді кітапхана кезекшісі күтіп алып, балалар бөліміне алып барды. Балалар бөлімінің кітапханашысы қарсы алып, балаларды орындықтарға жайғастырды.


Кітапханашы: Қош келдіңіз, қымбатты достарым, жоғары шығыңыздар. Бұл Әбділдә Тәжібаев атындағы қалалық кітапхана. Сендер бұл жерге бұрындары келіп көргенсіңдерме?

Балалар: Жоқ

Кітапханашы: Біздің кітапханамыз өте үлкен. Мұнда әр түрлі бөлімдер көп. Үлкендерге арналған, шет ел тілін оқитын оқырмандарымызға араналған, балаларға арналған бөлім болып бөлінеді. Ал қазыр сендер осы балаларға араналған бөлімге келіп отырсыңдар. Мұнда кітаптардың түр түрі көп. Ертегілер, жан жануарлар, құстар, адамдар, т.б өте көп. Кітапханаға оқырмандар кітап оқуға келеді. Сендер сияқты бүлдіршіндер ертегі тыңдауға келеді. Ал оқырмандар дегеніміз кітап оққуға келген адамдарды айтады.

Ал енді мен сендерге бір ертегі оқып бергім келіп тұр. Мұқият тыңдайық.

«Түлкі мен қырғауыл» ертегісін оқып берді.

Балалар ертегіні мұқият тыңдайды. Кіітапханашының қойған сұрақтарына жауап береді.

Ойын: «Қай ертегінің кейіпкері?»

Ойынды қызыға ойнап, суреттегі қай ертегінің кейіпкері екендігін табады.

Балалар алуан түрі кітаптарды тамашалайды. Онда сөйлейтін көліктер, сөйлейтін құстар мен жәндіктер туралы сонымен қатар әлем ертегілері, т.б кітаптар көп екен. Балалар кітаптар әлемінде жүргендей күй кешті. Нағыз кітаптар мекеніне келген соң балалар әр кітапқа тамсана қарап, кітапханашыға сұрақтарын жаудырды. Кітапханашы апайда балаларға сұрақтарына жауап беріп балалардың көңілін аулады.

Біз кітапхананың нағыз жан азығы екендігін балалардың бойына, сана сезіміне сіңіре білдік деп ойлаймын. Кейінгі кездері ұмыт болып, әсіресе заманнның ағымына байланысты ғаламтордың дамып, ғарыштаған уақытында балалар тұрмақ, үлкен адамдардың да кітапты ұмыт қалдырып бара жатқанын болашақ ұрпағымызға қайта насихаттап, жадыларына салғанымызға қуанамын. Бұл біздің парызымыз деп ойлаймын.

Балалар бұл саяхатымыздан өте жақсы әсер алды. Балабақшамызға келген соң өз көздерімен көргендерін, эмоцияларымен бөлісті.








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!