жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Кітапхана-білім ордасы
Тақырыбы: Кітапхана-білім ордасы
Тәрбие сағатының мақсаты:
Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекіліктер.
Оқу білім, кітап туралы сөздер жазылған плакаттар, жұмбақтар интерактивті тақта қолданылды.
СабаҚ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің жылуын салайық,
Таза ауа жылуын салайық
Мейірім жылуын салайық
Жүректің жылуын салайық
Жиналған бар жылуды
Бір-бірімізге сыйлайық!
ІІ.Кіріспе
Біз бүгін осы жерге неге жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін мына жұмбақты шешіп көрейік.
Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін. (Кітап)
Қабат-қабат қапталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (Кітап)
Мұғалім:
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,-деп
Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.
Кітап – араб сөзі, «жазба, ал түрікше «дәптер, мерзімді баспасөз басылымы» деген мағынаны білдіреді.Кітап-ғылым,ол бүкіл адам баласына ортақ.Кітап-ғылым,білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы.Кітап-ақылдың кені.Кітап-бар білімнің бастауы.Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.
Ой-қозғау стратегиясы: Кітап неден жасалады деп ойлайсыңдар? Қалай жасалады?
Мұғалім: Кітап шығару үшін адам көп еңбек етеді.Алдымен орманнан ағаш кеседі,оны сосын фабриқаға апарады.Фабрикада ол ағаштан қағаз қылып шығарады.Содан кейін оған авторлар жазады,сурет салады.Баспахана жазулар мен суреттерді кітап етіп шығарады. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған.Адамдар кітап басатын, әріп теретін машинкаларды ойлап тапты.Қазіргі кезде кітап басу ісі механикаландырылған.Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді.Оған көптеген қаржы жұмсалады. Кітап, қағаз ағаштан жасалады. Ағаш-табиғат байлығы.Кітап жасау көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.
Көрдіңдер ма балалар кітап сендердің қолдарыңа келмей тұрып қандай ұзақ жол жасайды.
Көрініс:
«Кітаптар мұңы»
Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеліп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, шеткеірек түскен бірі басын көтеріп алды. «Қайда келдім?» дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да, жанында жатқан көршісін түртті.
Ол қозғала қоймап еді, жұлқып-жұлқып қалды.
-Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?
-Ой, мазамды алма. Бүйткен тірлігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресі шығып ұшып кеткені жақсы еді.
-не боп қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.
-Сыртымды қайтесің?! – деді анау жер таяна орнынан әрең тұрып. Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ана тілі оқуғымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауысып па еді? Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де, қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда, Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер, күтіп ұстаса, келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай-сүйегім сырқырайды. Іші бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған,, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде-кем.
-Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптесім. Ендеше, мұңдас болдық. Мен «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы боламын,- деді бірінші кітап. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып болып, мектеп босағасын аттамағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей-ақ, Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып-бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп-тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті.
-Әріптестер, қанша айтқанмен «Ана тілімін» ғой. Менің айтқаныма құлақ асыңдар. Бұл жерде тек кішкентайлар емес, жоғары сынып оқушылары да кінәлі-ау!
-Дұрыс айтасың, «Ана тілі»,- деді қаракөлеңкелеу жерде жатқан бір кітап.
-Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ойнағанда қой демейді ғой үлкен ағасы. Сондағы сылтауы: «Оқу жылы аяқталды».
- бірақ-деді «ана тілі» сөзін қайта жалғап,- шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы кекрек қой. Ондай балалар жоқ та емес,, бар. Бар емес-ау, көп. Алайда олардың бір кемшілігі –Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді. Мысалы, менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуіміз – мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық.. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас шіркін! Кітабыңа шаң жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайырып бүктемейді. Қағаз салып қояды. Сызбайды., сия тамызбайды. Оның «Ана тілі» кітабы қыстап су жаңа күйінде шықты.
-Енді бізді не істер екен?- дейді кітап.
-Әлде жинап-жинап отқа тамызық етер ме екен?
От деген сөзден бәрі де селк ете қалды. Бір сәт үндері шықпай, іштен тынды.
-мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер,- деді «Ежелгі дүние тарихы» сәлден соңбасу айтып.
-Түптер,-деді оны кекетіп әлгі кітап.
-Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтінін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Көрмеймісің, көзге түсуге де ұялып, бір түкпірге бұқпалап отырғанымды.
-Пысықтығына қарағанда есеп кітабы боларсың, - деді оған «Ана тілі».
-Дұрыс айтасың. Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарымжанбыз.
-Әріптестерім, отқа тамыздық қылады деп ұнжырғыларың түспесін,-деді «Ежелгі дүние тарихы» жұбата сөйлеп.
-Мен тарихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деңдер.
-Соны айтсаңшы,-деді бірдей жамырап.
Сұрақтар:
-
Әңгіме неге «Кітаптар мұңы» деп аталады?
-
Кітаптарды сендер қалай ұстайсыңдар?
-
Кітаптардың оқушыларға ренжігені дұрыс па?
-
Кітаптың оқушыларға тигізер пайдасын қандай?
Сергіту
сәті:
Топпен жұмыс:
І-топ:Кітапты (оқулықты) күтіп ұстау ережесін айту
ІІ-топ:Кітап туралы мақал-мәтел айту
ІІІ-топ:Кітаптың(оқулықтың) оқушыға пайдасы
Мұғалім:
-Балалар , сендер кітапті қайдан алып оқисыңдар? Кіапханадан
Кітапханашы бізге кітапты күтіп ұстау ережелерін айтып берсін.
-
Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек.
Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма! Кітап оөуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
3. Кітапты қалай болса, солай ұстама.
4. Кітапты сызуға, жыртуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма.
Шығармашылық жұмыс: Кітап түптеу
Кітап ауруларының түрлері:
-
Туғаннан пайда болатын аурулар
(Баспадан дұрыс басылмаған кітаптар)
2. Қартайғаннан болатын аурулар
(көп жыл ұсталынған кітаптар)
3. Жұқпалы аурулар
(кірлеген, сия жағылғын немесе май қолмен ұсталған кітаптар)
4. Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын аурулар
(терезенің алдында, күнде көп тұрған,
ылғалды, дымқыл жерде сақталған кітаптар)
5. Кездейсоқтықтан болған аурулар
(батпаққа жығылып былғанған, жыртылған кітаптар.)
1-оқушы:
Оқулықты құрметте
Күтіп ұста, кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке
2-оқушы
Книга — лучший друг ты мой,
Мне так радостно с тобой!
Я люблю тебя читать,
Думать, мыслить и мечтать!
3-оқушы
I like books
I really do -
Books with stories
And pictures, too.
Рахмет,балалар.Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ұсынған қойнынан,
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің
Бұл не? (Кітап)
1. Ұсынған қойнынан
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің. Бұл не? (Кітап)
2. Білімнен мол сый асы,
Балалардың ұясы (мектеп)
3. Білімнің жолбасшысы
Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім)
4. Айғағы жоқ, айтары көп,
Айтқанынан қайтары жоқ (кітап)
ІІ.кезең «Кім көп біледі?»
1. Кітап-асыл қазына
2. Оқу-білім бұлағы,
Білім-ырыс қазығы.
3. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
4. Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
5. Оқу-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
6. Оқу түбі тоқу.
7. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
8. Оқу инемен құдық қазғандай.
Қорытынды.
.Балалар,бүгінгі сынып сағатымыздан біз көп нәрсені үйрендік. А.Байтұрсынов айтқандай – «Білімнің бас құралы-кітап»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген