«Кітапханаға кітап сыйла» акциясына ҚМЖ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясына ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясына ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп


Сабақтың тақырыбы:

«Кітапханаға кітап сыйла»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

 халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту және білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына» деп бекер айтпаған. Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын, кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі.

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз. Осы орайда, Сауран жалпы орта мектебі кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты қайырымдылық акциясы болып өтті



Оқушылар

дың пікірі тыңдалады


слайд

Жаңа сабаққа кіріспе




Кітап – үнсіз мұғалім.

Алтын – жерде, білім – кітапта.

Кітап – өмірдің ең алыс және қараңғы жолдарында жарық беретін шам.

Бір оқулық – мың адамды оқытады.

Айтылған сөз – бір күн, жазылған сөз – бір ғасыр өмір сүреді.

Теңіздің түбінен гауһар табылады, кітаптің түбінен білім алынады.

Нан денені, кітап миды тамақтандырады.

Кітаптың ішінен әріпті емес, ойды ізде.

Кітап – керемет зат, егер оны дұрыс пайдалансан


Замана легіне теледидар ілесті, қоғам көшіне интернет иелік ете бастады. Бұлар адамзат өміріне кітаптан кейін келген дүниелер еді. Бірақ бір қызығы, теледидар да, интернет те кітаптың орнын алмастырып кете алған жоқ. Оқырман санын кемітті деген сөз – алмастырды деген сөз емес. Кітап өзінің әу бастағы тұғырында қала береді. Мысалы, адам тұрақты теледидар қараушы немесе белсенді интернет қолданушысы болып келуі мүмкін, бірақ оның жан дүниесінде рухани тұрғыдан кемшіндік болуы да ғажап емес. Мұның жалғыз ғана себебі оның нашар оқырман болғандығында  да  жатуы  мүмкін.  Себебі  басты  рухани байлық – кітапта.


Сабақтың ортасы

26 мин.

Кітап сонымен бірге ақпарат пен техника дәуірі, жаңа технологиялардың заманында да бірден-бір білім беруші құрал ретінде қала береді. Кітап интернеттен уақыт тұрғысынан алғанда ұтылуы мүмкін, бірақ адамға дайын ақпараттарды ұсынушы емес, терең сезімге, өзіндік ойлауға үйрете отырып, білім береді. Адамды ізденімпаздыққа жетелейді, ой-өрісін ұштайды. Ал сонымен бірге кез келген қызметкердің, соның ішінде мемлекеттік қызметкердің шешендік өнеріне де, аудиторияны өзіне қарата, тарта білуіне де кітаптың көмегі өте зор. Өйткені ол – тіл байлығын қалыптастырушы құрал. Осымен бірге кітаптың тәлім-тәрбиелік, имани құндылықтарды адам бойына сіңіре алатындай қасиеті теледидар мен интернеттен жоғары тұрмаса, кем емес.

«Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп Абай атамыз айтқандай, кітап оқу барысында неге мән беру керек? Кітаптан рухани азық алып, оны өмірде пайдалану үшін қандай кітаптарды оқыған жөн? «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген Ғабит Мүсіреповтің сөзі де кез келген жанды кітаппен дос болуға шақырады. Кітапты таңдау, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмірлік қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайым-парасатын анықтайтын алғы шарттардың бірі. Кітапты оқыған кезде, жазушының баяндау мәнері мен жазу тәсіліне байыппен қараған жөн. Жалпы, кітапта белгілі бір жүйе сақталса, рухани азық алу кім-кімге де қиын емес. Оқу – ізденіске деген құштарлықты оятатын  үдеріс  әрі  сол  адамның  мәдениетін тұтас  көрсетіп  отырады.



Кітап – бүгінгі күн тұрғысынан алғанда да маңызын жоймаған дүние. Ендеше, қоғамның сан-салалы мақсаттарының ішіндегі ажырамас бір мақсаты ол – үнемі жас оқырманды тәрбиелеп отыру. Бұл оқу орындары үшін де, басқа да қоғамдық ұйымдар үшін де абыройлы әрі үздіксіз  жүре  беретін  міндет  болады.



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Кітап – адамның жан дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан-ғасырға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі. Әу баста сол рухани өлшем мен адам ақыл-ойының ажырамас тұнығындай болып көрініс тапқан кітап енді өзін оқыған, пайдаланған адамға да қызмет ете отырып, сол жанды да рухани тұрғыдан байытады, білім-білігін ұштайды, сенімді серігі, ажырамас досына айналады.

Рисунок 23








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2024
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі