Тақырыбы: «Кітапханаға саяхат».
Мақсаты:
Білімділік: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру; Рухани жаңғыру бағдарламасына сай, балаларға қазақ ақын-жазушылары туралы мәліметтер беру.
Түзетушілік: Есте сақтау қабілеттерін арттыру. Дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту; кітапқа деген қызығушылығын арттыру; сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Тәрбиелік: Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, кітап көрмесі «Кітап деген бір әлем», жазушылар суреттері, слайд, проектор.
Меңгерілетін сөздер: кітапхана, кітапханашы, оқырман, баспахана, ақын-жазушылар, көркем әдебиет, ертегілер елінде, ертегі кейіпкерлері.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші:
-
Балалар, амандасамыз.
Оқушылар:
-
Саламатсыздар ма?!
Тәрбиеші:
-
Балалар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбын бірге оқимыз.
Оқушылар:
-
«Кітапханаға саяхат».
Тәрбиеші:
-
«Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі тәрбие сағатымыз бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені-кітапқа арналады.
«Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге». Абай Құнанбаев
Тәрбиеші:
-
Балалар, біз бүгін кітапханаға саяхатқа келдік. Бізге кітапханашы Мира апай кітапхана туралы айтып береді.
(Кітапханашының сөзі)
Тәрбиеші:
-
Балалар, кітап туралы тақпақтар білесіңдер ме?
1-оқушы:
Білесің бе, кітап білім ұясын,
Келесін мұнда, өмірге азық жиясың.
Оқып біліп, зерттеп көріп сананы
Терең білім ой маржанын құясың.
2-оқушы:
«Кітап – білім бұлағы»,
Кітапхана сол кітаптар тұрағы.
Көп үйреніп, көп оқыған баланың,
Анық тағы, білімпаз болып шығары.
Тәрбиеші:
-
Ал, сендер кітаппен дос болғыларың келе ме?
-
Оны қазір түрлі ойындар мен тапсырмаларды орындау арқылы байқап көреміз.
Ойын: «Кейіпкерді тап».
-
Суреттердегі заттар ертегідегі қандай кейіпкерге тиісті?
-
Кебіс кімдікі? (Ханшайымдікі)
-
Себеттегі самса. (Қызыл телпектікі)
-
Жыртық шапан. (Алдар көсенікі)
-
Алтын кілт. (Буратинанікі)
-
Жарайсыңдар, балалар!
Ертегі-жұмбақ шешу.
-
Орман жанында
Үшеуі бір үйде тұрады.
Үш төсек, үш жастық,
Қане, олар кімдер? (үш аю)
-
Қаймаққа иленген,
Терезеде суытылған,
Сап-сары домалақ
Қай ертегі айта ғой? (бауырсақ)
-
Жерден аспанға ұшу үшін оған,
Үлкен сыпыртқы керек. (мыстан кемпір)
Ойын: «Ия-жоқ».
«Кітап нені сүйеді?»
-
Егер келіссеңдер «ия» деп, ал келіспесеңдер «жоқ» деп жауап беріңдер.
-
Кітап бауы. (ия)
-
Қар не жаңбыр. (жоқ)
-
Кір қолды. (жоқ)
-
Еденде жатқанды. (жоқ)
-
Ұқыпты ұстауды. (ия)
-
Еркелеткенді. (ия)
-
Төбелескенді. (жоқ)
-
Білгіш оқушыларды. (ия)
-
Кітап сөресінде тұруды. (ия)
-
Балмұздақты. (жоқ)
-
Жарайсыңдар, балалар!
Оқушы:
-
Гаухар апай, балаларға арналған газет-журналдар бар ма?
Кітапханашы:
-
Балаларға арналған «Ақ желкен», «Балдырған», «Айгөлек», «Жыл он екі ай», «Дружные ребята» газет-журналдары бар.
Көрініс: «Кітап емханасы».
Тәрбиеші:
-
Гаухар апай, бізге кітап аурулары жөнінде айтып беріңізші.
Кітапханашы:
-
Кітапта мынадай ауру түрлері болады.
-
Туғаннан пайда болатын, яғни баспадан дұрыс басылмаған кітаптар.
-
Қартайғаннан болатын аурулар, көп жыл ұсталғаннан болады.
-
Жұқпалы аурулар сия немесе май төгілгеннен, болмаса лас қолмен ұстағаннан болады.
-
Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын аурулар – терезе алдында, күннін көзінде көп тұрып, ылғал, дымқыл жерде сақталғаннан.
-
Кездейсоқ болатын ауру – байқамай батпаққа былғанып, жыртылғаннан болады.
-
Кітап – адам жаны сияқты. Сондықтан ұқыпты ұстауды қажет етеді.
Кітапханашы:
-
Ал, балалар сендер оқырман болғандықтан, «Кітапты қолдану ережесін» еске түсірейік.
-
Кітап беттерін, бұрыштарын бүктеме.
-
Кітап сырты бүлінбес үшін, қаптап ал.
-
Кітап беттерін жыртпа.
-
Кітапқа сурет салма, жазба.
-
Тамақ ішіп отырып, кітап оқыма.
-
Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салма.
Тәрбиеші:
-
Ия, балалар, кітап қадірін білетін, жақсы балалар көбейе берсін!
Тәрбиеші:
-
Үлгі - сөзі атаның, үйренеміз мақалың - дегендей «Мақал - мәтел» сайысына көшеміз. Мен мақалдың сыңарын айтамын, сендер жалғастырасыңдар:
• Кітап – білім бұлағы, ... (білім өмір
шырағы)
• Кітапсыз білім жоқ, білімсіз ... (күнің жоқ)
• Кітапсыз үй - ... (жансыз дене).
• Күш – білімде, ал білім – ... (кітапта)
• Артық ғылым кітапта,
Ерінбей...( оқып көруге).
• Наданмен дос болғанша,
...(Кітаппен) дос бол.
• Оқысаң озарсың...(оқымасаң тозарсың)
Тәрбиеші:
-
Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады.
Кітап туралы жұмбақты біз шешейік,
Оймен, кәне өсейік.
Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды оқи берсең кіргізеді. (кітап)
Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап)
Қабат-қабат қаптама,
Қамтамадан аттама.
Ақылын оның ала бер,
Айтқан сөзін жатта да. (кітап)
Оқушы:
-
Білімнің атасы – кітап. Кітап балаларға ақыл-кеңес береді.
-
Кітап – ел мен жерді сүю, талантты кішіпейі болуға, сабырлы болуға тәрбиелейді.
Тәрбиеші:
-
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Сондықтан, балалар сендер кітаптарды оқып кітаптармен дос боласыңдар деп ойлаймын.
Қорытынды:
Бірге:
-
Кітапты құрметтеу керек, жыртпай таза, ұқыпты ұстау керек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кітапханаға саяхат

шағым қалдыра аласыз