"Кітаппен жарқын әлемге"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Кітаппен жарқын әлемге"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Кітапхана туралы түсініктерін молайта отырып ой-өрісін кеңейту,сөздік қорын молайту. Негізгі ойды жеткізе білуге үйрету.Кітаптарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Кітаппен жарқын әлемге”

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: “Кітаппен жарқын әлемге”

Мақсаты:Кітапхана туралы түсініктерін молайта отырып ой-өрісін кеңейту,сөздік қорын молайту. Негізгі ойды жеткізе білуге үйрету.Кітаптарға деген қызығушылықтарын арттыру.

-Сәлеметсіздерме балалар бүгін сондай әдемі,көңілдісіңдер,осындай көңіл-күймен шаттық шеңберін бастайық.

Шаттық шеңбері.

Қуанамын, күлемін,

Жылы менің жүрегім

Достарыма үнемі

Риза болып жүремін.

Амансыңба, Алтын күн!

Амансыңба, жарқын күн!

Сәлеметсіздерме қонақтар!

Біз бүгін саябақтамыз.Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізді таза ауада өткізетін боламыз.

-Балалар айналамызға көз салайықшы,қандай әдемі керемет мезгіл .Қазір Жылдың қай мезгілі?

-Балалар. Күз мезгілі.

Күз мезгілі несімен ерекшеленеді?

Күн суыта бастайды.

Ағаштардың жапырақтары сарғая бастайды.

Жапырақтар қурап жерге түсе бастайды.

-Бәрекелді балалар,тамаша.

Ал енді сендерге жұмбақ жасырайын жауабын тауып көресіңдерме?

Жұмбақ.

Сандығым бар өзгеше ,

Қолыма алып жүремін

Ішін ашып ақтарып,

Өмір сырын білемін. (Кітап)

(Осы кезде “Еркін кітап сөресіне” кітап қойып тұрған кітапханашыны кездестіреміз)

-Сәлеметсіз бе ,кешіріңіз сіз не істеп жатырсыз?

-Ой,амансыңдарма балаларым, саябаққа қыдырып келдіңдер ме?

-Ия,бүгін ашық ұымдастырылған іс-әрекетімізді саябақта,таза ауада өтеміз.

-Қандай тамаша, мен еркін кітап сөресіне өзімнің немерелеріме оқып берген жыр-дастан,ертегі,санамақ кітаптарымды басқада ата-аналар өздерінің балаларына оқып берсін деген ниетпен кітап алмасу бұрышына кітаптарымды орналастырып жатырмын.

-Түсінікті, бұл кітап алмасу бұрышы екен ғой.

-Мен сіздерге немеремнің ең сүйікті кітабы ұлы ойшыл Абай атамыздың балаларға арналған тақпақтарын оқуға кеңес беремін.

-Сендер кітаппен бір күнге дос болмаңдар,мәңгілікке достасыңдар .

-Рахмет сізге, сау болыңыз! (Кітапханашымен қоштасады)

Жалғасын тап”-ойыны.

-Балалар ,біз кітапты ұқыпты ұстау ережесін білеміз бе?

  1. Тамақ ішіп отырғанда кітап ұстауға болмайды.

2.Кітаптың беттерін жыртпау керек.

3.Кітап бетіне сурет салуға,сызуға болмайды.

-Жарайсыңдар балалар, осы қарапайым ережелерді есте сақтаңдар.

Сергіту сәті.

Кітап білім кемеміз,

Досымыздай көреміз

Танысқалы кітаппен

Кеңейді өріс,сөреміз.

Қорытынды. Сау болыңыздар!Балалар бүгінгі ұймдастырылған іс-әрекетіміз сіздерге ұнады ма? Осымен біздің саябақтағы кездесуіміз аяқталды.Кездескенше күн жақсы!Қонақтарымызбен қоштасайық!

  • Shape1

    2

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2024
326
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі