Кітаппен жарыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кітаппен жарыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Альпенист
Материалдың қысқаша нұсқасы








Қатысушының аты-жөні: Абылаева Камшат Нишанхановна

Конкурс материалының (авторлық идеяның) атауы:Оқушыларды әдеби кітаптарды ерікті оқуға баулу арқылы олардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру

Конкурс бағыты: оқу сауаттылығы

Кілтті сөздер: функционалды сауаттылық, сыни ойлау,комикс құрастыру, подкаст түсіру.
































Оқушыларды әдеби кітаптарды ерікті оқуға баулу арқылы олардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру

Жоба идеясы мен мақсаты

Жоба оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға және олардың білім алудағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Негізгі мақсат – кітап оқу арқылы ақпаратты талдау дағдыларын дамыту және шығармашылық-пікірлік қабілеттерін жетілдіру. Жоба оқу мотивациясын көтеріп, балалардың өздігінен білім алуын ынталандырады. Мысалы, қазақ және шетел жазушыларының шығармаларын талдай отырып, оқушылар ұлттық мәдени мұраға қызығушылықтарын арттырды. Оқу барысында балалар мәтін мазмұнын өз сөздерімен жеткізуді үйренді және жазбаша, ауызша қатынас дағдыларын шыңдады.

Жобаның негізгі міндеттері:

- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру (мәтіндерді түсіну, бағалау және пайдалану қабілеті);

- Ақпаратты сараптау және шығармашылықпен ойлау дағдыларын дамыту;

- Оқуға деген мотивацияны көтеру және өзін-өзі оқытуға жағдай жасау;

- Ұлттық мәдени мұраға қызығушылықты ояту;

- Білім мен мүмкіндіктерді кеңейту, шығармашылық қабілеттерді жетілдіру.


Жобаның кезеңдері


Жобаны жүзеге асыру келесі кезеңдерден тұрды:

1. Дайындық кезеңі (тамыз айы): ата-аналармен жиналыс өткізу, жобаның мақсатын түсіндіру және ата-аналардың келісімін алу.

2. Кітаптарды дайындау: әр оқушыға жас деңгейіне сай бірегей кітап таңдап беру, ерекше білімді қажет ететін оқушыларға жеке тапсырмалар әзірлеу.


Оқыту кезеңі:

6-сынып: аптасына бір кітапты оқу, мазмұндап айту, мазмұндап видеоға түсіру және композициялық талдау парақтарын толтыру.

7-сынып: тек қазақ жазушыларының шығармаларын таңдап оқу, мазмұндап айту, дәптерге композициялық талдау жазу және WhatsApp арқылы бөлісу.CapCut арқылы комикс жасау.

Шығармашылық жұмыс: композициялық талдау парақтарын толтыру, қысқа бейнероликтер мен комикстер дайындау.

8-сынып:Подкаст түсіру (топтық жұмыс)
1.Оқушылар 5 адамнан топ құрады.Әр топ бір әдеби шығарманы таңдап қайта оқып шығады.Топтағы оқушылар шығарманы жан-жақты талдап, сұрақтар құрастырады(композициялық, кейіпкерлерді тауып, көтерілген мәселені анықтайды)

2.Подкаст түсіру: Подкастта оқушы: авторды таныстырып, шығарманың қысқаша мазмұнын, негізгі кейіпкерлерге сипаттамасын, шығарма идеясын түсіндіріп, жеке пікірін білдіреді. Сонымен қатар дайындаған сұрақтарын қоя отырып, шығармаға қатысты жүйелі, еркін пікір алмасудағдыларын дамытады.


6-сыныптағы кезең


Алғашқы қадам – тамыз айындағы ата-аналар жиналысы. Жиналыста жоба идеясы мен мақсаты түсіндіріліп, ата-аналардың қолдауын тапты. Сыныпта 20 оқушы бар, 19 әдеби кітаптар сатып алынды, себебі оның ішінде ерекше білімді қажет ететін бір оқушыға жеке тапсырмалар дайындалды. Оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру үшін әрбір оқушыға жасына сай бірегей кітап таңдап берілді; ата-аналар кітаптарды сатып алу арқылы жобаға қатысуға демеу көрсетті.

Әр дүйсенбі күні тәрбие сағатынан 1 сағат бұрын оқушылар сыныпқа жиналып, бір-бірінің оқыған кітаптарын алмастырып алады. Оқылған кітаптарға «Композициялық талдау» парағы толтырылды. Бұл парақта кітаптың атауы, авторы, жанры, көтерілген мәселесі, автор идеясы, кейіпкерлер мен сюжеттік құрылым (басталуы, дамуы, шарықтауы, шешімі) көрсетілді. Әр талдау соңында оқушылар шығармаға қатысты өз пікірін жазбаша баяндады.

Сонымен қатар оқушылар өз оқыған кітабы туралы қысқаша бейнежазба дайындады. Видеода олар кітаптың авторын атап, негізгі ойын түсіндіріп, маңызды жайттарды баяндады. Әр оқушы дайын бейнесін WhatsApp арқылы мұғалімге жіберді. Видеоматериал арқылы балалар кітапқа деген түсінігін көрсете отырып, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. Бастапқыда кейбір оқушылар тапсырманы орындауға қобалжығанымен, бір-біріне қолдау көрсеткеннен кейін олардың ынтасы артты.

Жыл қорытындысында алғашқы 19 әдеби кітапты сәтті оқып бітірген және оны толық талдап жазған оқушылар марапатталды. 1- Сағат Харун, 2-орын Хусанова Шахнозаға, 3-орын Жарылқас Інжуге бұйырды. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Бұл ынталандыру балаларға жаңа шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттырды.



7-сыныптағы кезең


7-сыныпта жобаның негізгі идеясы сақталып, оған жаңа тапсырмалар қосылды. Сыныпта 20 оқушы, ішінде 2 оқушы ерекше білімді қажет ететін оқушы. (Ол оқушыларға арнай тапсырмалар дайындалады) Сондықтан 18 түрлі әдеби кітаптар алынған болатын. Биыл оқушыларға тек қазақ жазушыларының шығармаларын оқу тапсырылыды. Әр оқушы оқу жылында 18 кітапты оқып, талдап, мазмұндап, CapCut бағдарламасы арқылы комикс жасау тиіс болды. Ата-аналар балаларға жас деңгейіне сай кітап сатып алып, оқу процесіне белсенді атсалысты. Бұл серіктестік оқушыларға қосымша мотивация берді.

Оқу жылының бірінші аптасында оқушылар өз кітаптарымен танысып, оны толық оқып, композициялық талдау жазады. Ал екінші аптада шығарма мазмұнын сабақта баяндап, CapCut бағдарламасы арқылы комикс жасау болды . Әр оқушы өз кітабының кейіпкерлері мен оқиғаларын комикс форматында бейнелеп шығарды. Бұл тапсырма оқушыларға шығармашылық ой-пікірлерін визуалды түрде көрсетуге мүмкіндік беріп, қызығушылықтарын арттырды.

Әр дүйсенбі тәрбие сағатының алдында өткен аптада оқылған кітаптың мазмұны талқыланып, композициялық талдау парақтары бірге қаралды. Оқушылар талдау нәтижелерін дәптерге түсіріп, скриншот етіп WhatsApp арқылы мұғалімге жіберді. Мұндай екі жақты байланыс есте қалған ақпаратты бекітуге және талдау кезіндегі қателерді түзетуге көмектесті.

Мұғалім оқушыларға CapCut пен Canva бағдарламаларымен жұмыс істеу бойынша қосымша нұсқаулықтар әзірледі және қажетті техникалық кеңестер берді. Кейбір оқушылар бастапқыда бағдарламаны меңгеруде қиындық көрсе де, олар бір-біріне көмектесіп, қиындықтарды жеңді. Жыл соңына қарай оқушылардың 18 әдеби кітап оқып шығып, оқуға деген қызығушылығы арта түсті. Балалар бір-бірімен жарыса оқи бастады және өз жұмыстарын талқылады. Жоба қорытындысы бойынша 1-орын Ермахан Рамазанға, 2-орын Хусанова Шахнозаға, 3-орын Сағат Харун мен Анарбекова Асельге бұйырды. Барлық жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталып, дипломдар тапсырылды. Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар беріліп, олардың еңбегі бағаланды. Жыл соңында ата-аналарға алғыс айтып, олардың қолдауын ерекше атап өттім. Себебі ата-аналардың көмегі балаларды сабақтан тыс уақытта да әдеби кітап оқуға ынталандырды.

Қолданылған әдістер мен құралдар

Оқушылар шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін келесі құралдарды пайдаланды:

  • Композициялық талдау парағы: оқушылар мәтіннің атауы мен авторын, жанрын, көтерілген мәселені, автор идеясы мен кейіпкерлердің сипаттамасын және сюжеттік құрылымын (басталуы, дамуы, шарықтауы, шешімі) жазды. Сонымен бірге автор қолданған көркемдік тәсілдер мен өз пікірлерін де қосты.

  • ChatGPT: шығармалардағы кейіпкерлердің бейнесін генерациялап, комикс немесе бейнеролик үшін иллюстрация ретінде пайдалану. Бұл оқушыларға кейіпкерлерді виртуалды түрде «жасауға» мүмкіндік берді.

  • CapCut: мәтінді бейнелі түрде орналастыру, видеоны анимациялау, фондық музыка мен дауыс жазу үшін қолданылды. Оқушылар оқыған кітап мазмұнын бейнелейтін қысқа видеороликтер монтаждап, сынып алдында көрсетті. CapCut-тың түрлі эффектілері олардың шығармашылығын арттырды.

  • Canva комикс кадрларын құрастыру және иллюстрация жасау үшін пайдаланылды. Әсіресе Canva арқылы түрлі дизайндар мен фондар таңдап, қызықты көркем туындылар жасалды.

  • Google Docs сценарий жазу және презентация әзірлеу үшін қолданылды. Бұл құралдар оқушыларға өз идеяларын жүйелеп, материалдарын жинақтауға көмектесті.

Бағалау критерийлері

Оқушылардың тапсырмалары келесі критерийлер бойынша бағаланды:

- Сюжеттің логикалық құрылымы: оқиға басталуы, дамуы және шешімі бір-бірімен үйлесімді болуы, оқырманды қызықтыруы.

- Кейіпкерлер мен диалогтардың сәйкестігі: кейіпкерлердің іс-әрекеті мен сөйлеген сөзі шығарманың жалпы мазмұнына сәйкес келуі.

- Техникалық сапа: бейнероликтер мен комикстердегі монтаж, дыбыс және визуалдық эффектілердің сапасы.

- Шығармашылық және креативтілік: тапсырманы орындауда ерекше идеялар мен тапқырлық таныту.

Бағалау критерийлері айқын әрі әділ қойылды, бұл оқушыларға өз жұмыстарын жоспарлауға және нәтижесін жақсартуға көмектесті.

Ата-аналармен ынтымақтастық

Жоба барысында ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізілді:

- Тамыз айындағы алғашқы жиналыста ата-аналар жобаның мәнін толық түсініп, белсенді қолдау көрсетті.

- Ата-аналар арнайы дүкеннен балаларының жас деңгейіне сай кітаптар сатып алып берді, оқуға демеушілік танытты.

- Әр ай сайынғы жиналыста ата-аналар балалардың оқу үдерісіне қатысып, оқуға ынталандыруды қамтамасыз етті.

- Мұғалім мен ата-аналардың бірлескен жұмысы оқушылардың оқу мотивациясын арттыруға септігін тигізді.

Нәтижелер мен жетістіктер

Жобаның нәтижесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары нығайды. Олар әдеби шығармаларды терең талдап, өз пікірін еркін жеткізе білді. Үй тапсырмаларын орындауда белсенділік артты: кейбір оқушылар сабақтан тыс уақытта да жаңа кітаптар оқи бастады. Сыныптағы пікірталастар мен жарыстар оқушылардың ынтымақтастығын нығайтты. Жоба қорытындысы бойынша үздік оқушылар анықталды:

- 1-орын: Ермахан Рамазан (8000 теңге және диплом);

- 2-орын: Хусанова Шахноза (6000 теңге және диплом);

- 3-орын: Сағат Харун мен Анарбекова Асель (әрқайсысы 4000 теңге және диплом).

Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылып, олардың еңбегі бағаланды. Бұл нәтижелер оқушыларды әрі қарай үздік оқу мен шығармашылық тапсырмаларды белсенді орындауға ынталандырды.





Қорытынды

Оқушыларды әдеби кітаптарды ерікті оқуға баулу арқылы олардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру жобасы оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен шығармашылық ойлауын дамытуда маңызды рөл атқарды. Жоба барысында қолданылған әдістер мен цифрлық құралдар мектептегі оқу үрдісіне жаңа серпін берді. Оқушылар өз бетінше жұмыс істеуді үйреніп, заманауи технологияларды пайдалана отырып шығармашылық жобалар дайындауға машықтанды. Осындай жобалар оқытуға креативтілік пен мотивация қосып, оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін толық іске асыруға ықпал етеді.Ал жиналған подкасттар арнайы өзімнің YouTube арнамда жарияланып (Abylaeva Kamshat@Kamshat_teacher), ата-аналар мен оқушыларға ашық қолжетімді етіледі. Бұл өз кезегінде балалардың өзіндік пікірін көпшілік алдында еркін жеткізуіне, сондай-ақ ақпараттық сауаттылығын арттыруға сеп болды.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұқанов М. Жас жəне педагогикалық психология. — Алматы: Атамұра, 1982. — 204 б.

2.Құрман Н., Есенова Г. Қазақ тілінен коммуникативтік жаттығуларды қолдану əдістемесінің ғылыми-əдістемелік негіздері. — Ақтөбе, 2010. — 144 б.

2.Құрман Н. Қазақ тілін оқытудың əдіснамалық негіздері. — Астана: Таным, 2008. — 162 б.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2025
24
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі