Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Кітапша әдіс-тәсілдер
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылы №119 орта мектеп
Мектепішілік өткізілген «Ашық сабақтар шеруі» байқауында қолданылған үздік әдіс-тәсілдер
2016-2017 оқу жылы
Жүйрік ой (Шыбын ұрғыш)
Мақсаты: Баланы шапшаңдыққа, байқампаз- дыққа, алған білімін орынды пайдалана білуге үйретеді.
Тақырыпқа сәйкес термин сөздер жазылған парақтарды сынып бөлме қабырға -ларына, орындықтардың арқасына, шкафтар- дың жақтауларына скочпен ілеміз. Парақтың әр жерлеріне
ұшып жүрген маса,ара,шыбын, суреттері салынады. Қатысушыларды екі
топқа бөліп екі қатарға тұрғызамын. Алдыңғы екі қатысушының
қолындарына шыбын ұрғыш беріп, терминдердің ережесін оқимын. Осы
кезде алдыңғы саптағы екі қатысушы барып, сол термин сөзі жазылған
парақтағы маса немесе араны шыбын ұрғышпен өлтіруі тиіс. Дұрыс
тапқан қатысушыға бағдаршам әдісі бойынша қызыл ,сары, жасыл
фишкаларды үлестіріп бағаланады.
(Түрлендіре беругеде болады )
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» Баласағұн
«Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады» Ушинский
Күнәнің
ең үлкені - бала
жанының нәзік пернелерін
дұрыс сезіне
алмайтындарда.
Ы.Алтынсарин
Кім тез?
Оқушылардың логикалық ойлауда ширақтыққа бейімдейтін мына тәсілдерді де тақырып бойынша қолдансаңыз болады. Ойын «Кім тез?»
Ай аттарын дұрыс жаз. 1.ңақарт 2.пақна 3.Уарзын 4.рымма 5.мысума 6.рқүқыйке 7.арқаша 8.зақан 9.лежсантоқ 10мазыт 11.деліш 12. Суірә
Бұл өзіңіз өткен тақырыпқа қарай сөздердіде өзгертуге болады.
«Кездейсоқ сөйлем»
Қазақ тілі сабағында қолдануға ыңғайлы әрі сергіту сәті ретінде де қолдануға болады. «Кездейсоқ сөйлем» ойыны.
Шарты: газеттен, журналдан алынған басқы тақырып-тар беріледі. Оқушы осы тақырыпша- ларды сөйлемге біріктіреді.
«Кездей- соқ сөйлем» ойыны.
Ол сөйлем жеңіл күлкі тудыра-
тындай
юморға
құрылуы
керек.
«Диалог-ертегі»
Баланың шығармашылығын арттыруда және сөздік қорын байытуда пайдасы бар деп ойлаймын.
«Диалог-ертегі» ойыны.
Шарты: мұғалім не оқушы шығарып, кез келген бір әңгіме - ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні
бір-бірден сөйлеммен ары қарай жалғастырады. Мысалы, мұғалім былай бастайды:
«Ертеде бір байдың шолжаң ұлы болыпты...»
1 – оқушы: «Сол ұлы ойнап жүріп адасып кетіпті...» десе,
2 – оқушы одан ары қарай жалғастырады: « Адасып көп жүріп,қарны ашып келе жатса, алдынан бір лақ кезігіпті»...
– міне осылай ертегі жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні ұтқыр шешіммен аяқтауы тиіс. Және кімде-кім ертегі ішіне қызғылықты оқиға кірістіре алса, соның еңбегі жоғары бағаланады.
3 оқушы,3 сыншы, 3 бакылаушы
Әдебиет сабағында 3 оқушы,3 сыншы, 3 бакылаушы әдісін жиірек қолданамын.3 топтан 3 оқушы берілген мәтінді баяндайды, 3 сыншы олардың қаншалықты дұрыс әрі толық айтқанына сын айтады,әрине, сын айту үшін ол мәтінді сыншылар да жақсы білу керек, бұдан соң 3 бақылаушы 3 оқушының жауабын сыншылар дұрыс сынай алды ма,олардың өздері қаншалықты білетінін бақылап баға береді. бақылаушы да дұрыс бақылау жасап,әділ баға қоя алды ма оны әр топ мүшелерінен сұрастырып талдаймыз. Балалар да қайта -қайта талданған соң тақырыпты жақсы меңгеріп шығады
“Қожанасыр қоржыны”
Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, оқушыларға тапсырмаларды тарату. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады. Ойынның алдында сергіту сәтін өткізуге болады:
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар,
Барлығың ден қойыңдар.
Тапсырмалардың үлгілері:
сөздерді қазақшаға аудар: Кошка, дом, школа, библиотека, наш, большой, мы, огород, овощи, рыба.
Сөзді септе: жолбарыс.
Тапсырманы түрлендіре
бересіз тақырыпқа сәйкестендіріп...
“Жоғалған әріптер”
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау. Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к... гершін балдыр... ан ән... ран к... тап к... ктем ... же ... ңгіме о... ушы айда... ар а...
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса,
сол
топ
жеңіп
шығады.Кейде "Жоғалған буындар "деп ойнатсаңыз да болады
“Соңы кім?”
Ойынның мақсаты: Сөздерді өрбіту, толықтыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайту.
Ойынның шарты: Тақтаға кез келген сөз жазылады. Мұғалім бұл сөзге байланысты басқа сөздер құрғызады. Соңғы сөзді құрған оқушы жеңімпаз атанады.
Ойынды жургізу тәртібі:
Жаз |
ыстық
| жазғы каникул |
тамыз
| күнге күю |
шомылу
"Дұрыс*Бұрыс"
Мен үй жұмысын сұрағанда уақытты ұту үшін көбіне "Дұрыс*Бұрыс"
ойыны
арқылы
сұраймын.
Ойын
шарты
бойынша
өткен
сабақ
туралы
бірнеше
дұрыс
және
қате
мәліметтер
жазамын,
сыныпты
екі
топқа
бөліп
тұрғызып,
екі
орындық
қоямын,
дұрыс
мәлімет
оқылса
дұрыс
орындығына
немесе
керісінше
жылдам
отыру
керек,
кім
бірінші
соған
смайликтер
беремін,
соңында
қай
топтың
смайликтері
көп
санаймыз
"Үшеуіне бір мысал"
"Үшеуіне бір мысал" деген тәсіл де оқушыларды сын тұрғысынан ойлауы мен сөйлемді дұрыс құра білуіне ықпал етеді деп ойламын. Мысалы жалаң және жайылма сөйлемдерді өткенде оқушыға үш сөз немесе 3 сурет беріп сөйлем құратасыз .
Мысалы:
қыз,кітап,отыр.
оқушы,мұғалім,
тақтаның
суреті,сосын,екеуіне бір мысал десем қай сөзді алып тастар едің?
деп
жалаң
сөйлем
құратасыз
«Сөз соңындағы ұйқас»
Мына ойындарды да мен өз сабағымда қолданып
жүрмін, сіздерге де ұсынамын.«Сөз соңындағы ұйқас» ойыны. Шарты:
екі команда бір-біріне кезекпен дайын ұйқас ұсынады. Қарсыластар
сол ұйқастыпайдаланып, табан астында өлең шумақтарын шығаруға
тиіс.
«Қоржынды кім тез шешеді?»
Үлкен бір тарауды
аяқтаған кезде нәтиже сабақта «Қоржынды кім тез шешеді?» деген ойын
ойнаймыз. Үш қатар болса (немесе 3 топ) үш қоржын дайындайсыз. Әр
қоржында сөз тіркесін құру, буынға бөлу, тарауға сәйкес
грамматикалық тапсырма, мәнерлеп оқу, диалог болады. Қай топ тез
дайындалып, дұрыс айтып шығады (7-10 минут). Бұл ойынды мұғалім
белгілі бір тарау бойынша оқушының қандай деңгейде меңгергенін
тексере алады.
Зейінді шоғырландыру жаттығулары
1 .«Таныстыру»
жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке
қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты
қызбын....
2.« Суреттерді аяқтайық
» жаттығуы
Мақсаты : Оқушылардың логикалық
ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін
дамыту .
Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат
ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да ,
олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын
салады , осылайша жалғаса береді .
3.«Түрлі –түсті доптар» жаттығуы
Мақсаты : оқушылардың есту арқылы
есте сақтауын дамыту
Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен
жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына
кішкентай сары доп сал .
4.« Менің
көңіл-күйім » жаттығуы
Мақсаты :
көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға , дұрыс
бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар
.
5.«Мен басқаның
көзімен»
Ортаға бір оқушыдан
кезекпен шығып ,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде
екенін айтады . Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін
анықтайды .
«Бастағы қалпақ»
Оқушылар дөңгелене тұрады. Музыка қосылады, сол уақытта оқушы басындағы қалпағын келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі оқушының басына кигізеді т.с.с. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында сол сабақ туралы өз ойын ортаға салады.
«1 минуттағы ой»
Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады не бір сөз айтады. Оқушылар осы сөзді естігенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазады. Сосын сол сөзді не үшін жазды түсіндіреді. Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып беруі керек
«Менің отбасым»
Жобалау әдістемесі
«Өз балаңызды қаншалықты танисыз?»
Нұсқау: Білім алушылар «менің отбасым» тақырыбына сурет салу тапсырылады. Салынып болған суреттер жинап алынады, ата – аналары өз балаларының салған суреттерін табуы қажет.
Талқылау сұрақтары: Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма? Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша таптыңыз?
«Мен қандаймын және кіммін» жаттығуы
Нұсқау: Ата – аналар мен мұғалімдерге алдын ала дайындалған
бүктелген қағаздар таратылып беріледі. Берілген қағаздың бірінші
бетіне «Кіммін», екінші бетіне «қандаймын» сұрақтарына жауап жазып,
жазылған жауаптарды сәйкестендіріп оқимыз.
Ата –аналармен өткізілетін жиналыстарда қолдансаңыз болады.
Сіз сыныбыңызды басқаларға
қарағанда өте жақсы білесіз. Оқытудың миллиондаған әдістерін тиімді
оқыту үшін қолданады , бірақта нақты сынып үшін қайсысын қолдану
керек екенін әрбір мұғалімнің өзі шешім қабылдайды. Бұл әрбір
мұғалімнің өз оқыту әдісін жасайтынын көрсетеді . Атақты Паоло
Фрейре, Виктор Шаталов , Молдо Ниязда сіздер сияқты мұғалім болған
. Олар оқу мақсатына жеңіл және тез жету үшін , әртүрлі әдістерді
қолданды.Бізде әр түрлі әдістерді тиімді пайдаланып , жетістікке
жетейік
.Әріптестер!!!
Мектеп тренері: Донбаев Нұржан Жарылқасынұлы