Материалдар / Кітапша "Еліне елеулі Елбасы" 9-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кітапша "Еліне елеулі Елбасы" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл Тұңғыш Президент күніне орай шығарылған менің жетекшілік жасайтын 9б сыныпоқушыларыммен жасалған кітапша.Бқл кітапшада оқушылардың Елбасыға арнаған өз шығармашылығынан өлеңдері,арман-тілектері жазылған Жастар – Елбасының тірегі, Елбасы – елдің тілегі! «Төбесіз жер, төресіз ел болмайды». Бағзыдан бүгінге жеткен бұл өсиет тектен-текке айтылмаса керек. Кешегі тар жол, тайғақ кезеңде, егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, кеткен есемізді қайтарып, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген, сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, Астананы салып, айдай әлемге әйгілеген, халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
19247
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





































































Баспадан

Біз, 9б-сынып білім алушылары әрқашан да Елбасымен біргеміз. Жастар – Елбасының тірегі, Елбасы – елдің тілегі! «Төбесіз жер, төресіз ел болмайды». Бағзыдан бүгінге жеткен бұл өсиет тектен-текке айтылмаса керек. Кешегі тар жол, тайғақ кезеңде, егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, кеткен есемізді қайтарып, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген, сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, Астананы салып, айдай әлемге әйгілеген, халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз! 











Жамбыл ауылы «Абай мектебі» баспасы

2017 жыл































Құрастырушылар:

Жауапты редакторы: Тасыбекова Айжан

Редактор:Әзімхан Дінмұхамед

Көркемдеуші: Төлеухан Нұртас

Компьютерде беттеген: Дүзелбай Айгерім,

Құрамыс Елдана












































































































Пайдаланылған әдебиеттер

Дерек көзі: http://personal.akorda.kz Материалды

ҚР БҒМ мемлекет тарихи Институты ұсынған.  

Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/304
© e-history.kz


  1.  Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

  2.  Назарбаев айтқан сөздері. Қазақстан Республикасының Президенті ресми сайтындағы Н.Назарбаевтың жеке парақшасы. 

  3. «Ақмола облысы» энциклопедиясы










Қазақстан Республикасының тұңғыш

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев













































































Мазмұны:


I бөлім- «Менің Елбасым»

(Елбасының өмір жолы)

II бөлім- «Ерекше болмыс иесі»

(Елбасының еңбек жолы)

III бөлім-«Кемеңгер»

(Елбасының орамды ойларының топтамасы)

IVбөлім- «Ақ парақтар жеткізген ақ тілектер»

(оқушылардың Елбасына тілек хаттар мен

арнау өлеңдері топтамасы)

V бөлім- «Жігер берер қол бұлғап Нұр болашақ!»

(арман-тілек)




















Кіріспе

Қымбатты оқырман!

Бұл кітапшада Қазақстан Республикасының

тұңғыш Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың

өмір жолы,еңбек жолы,

Елбасының орамды ойларының топтамасы

жазылған.

Абай орта мектебінің 9б -сынып

оқушыларының Елбасына арнаған тілек

хаттары мен арнау өлеңдері,арман-тілектері енгізілген.

Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.

Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет,

халқы ең бақытты халық.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын

біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды.

Елбасының бастауымен Отанымыз

әлемге танылды. Қазақ халқы егемендігін

алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде

өз алдымызға ел бола алатынымызға

күманданған жандар болған екен.

Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың

аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Біз осы кітапшаны 1-желтоқсан

Тұңғыш Президент күніне арнаймыз.































































V бөлім
«Жігер берер қол бұлғап Нұр болашақ!»

1. Ес білгенімнен «Елбасы – НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ» деген сөзді көп еститінмін. Қызығып, ел басшысына еліктеген кездерім де болды. Тіпті, «менің арманым – Президент болу» дейтінмін. Бірақ, уақыт өте келе Елбасы болуға бір-ақ адам лайық екенін түсіндім.Нұрсұлтан ата!!! Мен сізге ұзақ ғұмыр тілеймін. Сіз өзіңіздің білімділігіңізбен, ақыл-парасатыңызбен, ұщқыр ойлылығыңызбен өзгеге, елге үлгі-өнеге бола білдіңіз.

Еліміздің тұңғыш президентінің арқасында еліміз көркейіп келе жатыр.

Менің арманым елімізде әр отбасында тапсырманы орындайтын роботтар болса халқымыз бақытты болар еді және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесетін құрылғылар болса олар да қайғысыз өмір сүрер еді.

Арман-тілекті жазған Дүзелбай Айгерім.

2.Құрметті Нұрсұлтан ата!

Мен сізге ең алдымен денсаулық тілеймін! Сіздей елбасымыз бар біз бақыттымыз.Мен 9 –сыныпта оқимын.Өскенде мен сізге ұқсағым келеді,сіздің ақылыңызға,көрегендігіңізге мен қатты таңқаламын.

Ата-бабамыз талай жыл аңсап өткен тәуелсіздікке сіздің арқаңызда қол жеткіздік!

Менің арманым арман қала Астанаға барғым келеді.

Бәйтерекке шығып сіздің аялы алақаныңызға

қолымды қойып әнұранды асқақтата шырқағым келеді!

Ізгі тілегін білдірген Сабырхан Диас.



I бөлім.

«Менің Елбасым»


Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында

көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.

Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды.

Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты.

Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін.

Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше

еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың

байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның

тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.











































































IV бөлім

«Ақ парақтар жеткізген ақ тілектер»

Басты бағдар тура жол

Басты бағдар тура жол

Ізгілікке бастайтын бұл Нұрлы жол

Білім мен тіл маңызды деді- Елбасы

Білімсіз адам надан болар, болар тұл

Елбасымыз тура жолға жетелеп

Талай елдер артта қалды ентігіп

Он жылда 30 елге кірдік біз

Келеді елім жетіліп те көркейіп.

9 б-сынып білім алушысы:

Әзімхан Дінмұхамед.

Елбасыға арнау

Халқымның көшбасшысы 
Тәуелсіз қазақ елім, 
Бақ қонған ғажап елім. 
Нұрсұлтан Назарбаев
Артамыз сізге сенім. 
Елім деп, жерім деген, 
Адымдап сенімменен. 
Халқымның көшбасшысы 
Еңбектен ерінбеген. 
Президент ең алғашқы, 
Қырандай самғап ұшты. 
Халқымның көшбасшысы 
Келер күн құшақ ашты. 
Жұртымның көшін бастап, 
Елімнің үмітін ақтап, 
Ұлтымның көшбасшысы 
Бірлікті берік сақтап. 
Асамыз асулардан 
Құламай тасулардан 
Әлемнің алды болу 
Ол үшін асыл арман 



Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды.

Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды. Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл соғыстағы жеңіске миллиондаған адамды құрбан еткен алып мемлекеттің айрықша күш жұмылдырғанының арқасында қол жетті. Жарымжан күйге түскен ел үйінді арасынан шығып, енді ғана еңсесін көтерді. Жеңістен кейін бірнеше жыл өткен соң КСРО «қырғи-қабақ соғыс» деп аталған, барлық ауыртпалығы қарапайым халықтың иығына түскен  жаңа мазасыз додаға қосылды. Бұл ел әлі аш-жалаңаштықтан арыла қоймаған ауыр кезең еді. Бірақ бала Нұрсұлтанның жас зердесінде сол кезеңнің қыспаққа салған қиыншылықтары ғана емес, анасының аялы алақаны мен әкесінің мейірлі жүзі де сақталып қалды. Тату отбасы, бауырлар, әке-шешесі айтқан әндер... Алатаудың әсем ақбас шыңдары, баланы еліктіретін ойындар... Оның қатарластарының бәрінің балалық шағы осылай өтті. Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдесті. Нұрсұлтан мал жайғаумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты.   Бірде Әбіш үйге арнайы жер аударылған балқарлар отбасын ертіп келді. Назарбаевтар отбасы оларды шаңырағына паналатты, жұмысқа тұруына көмектесті. Ал Әбіш Назарбаев балқарлармен тез тіл табысып, олардың тілін үйреніп алды. Көп ұлт мекендеген Шамалған тұрғындарының бәрі де сөйтті. Ешкім ұлтқа бөлінген жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев кейінірек кітаптарының бірінде сен қазақсың ба, украинсың ба, чешен әлде неміссің бе, балалардың арасында оны ешкім де есіне алмайтыны туралы жазды: «Егер қазақ үйіне месхеттік түріктің баспанасы жапсарлас салынып, ал келесі үйлерде Богдан, Рихард, Олег тұрып жатса, қайтіп бөлінеді...». Ұлдар жағы тек тұрған көшелеріне қалай топтасатын. Көше-көшеге бөлініп, төбелескен кездері де болды. Бірақ достық пен өзара көмек өмір салтына айналған еді.   Бастан кешкен барлық қиындықтарға қарамастан, ұлдар мен қыздарды білімнің сиқырлы әлемі, мәнді де мағыналы, шаттыққа толы жарқын болашақ тартты да тұрды.  Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды.








































Үлгі боп келешекке 
Балаға,ересекке 
Президент даңқымызды 
Көтерер келешекте 
Биік боп көздегені 
Бірлік боп іздегені 
Халқымның көшбасшысы 
Жастарға ол сенеді 
Уәдені біз сақтаймыз 

Біз жастар құр жатпаймыз 
Үмітін елбасының 
Шынында біз ақтаймыз

9-сынып білім алушысы:Кенжехан Нұржігіт






II бөлім

«Ерекше болмыс иесі»

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960-69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969-73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973-77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977-79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

1979-84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989-91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 ж. ақпансәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.










































































III бөлім


Кемеңгер

Елбасының орамды ойларының топтамасы

Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында Елбасының «Таңдамалы сөздер» атты 7 томдық жинағынан үзінділер келтіріп отырмыз








1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып,Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.





















































































Тарих - өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі. Халқының басына түскен тауқымет қабырғасын қайыс­тырып, сол жолда басын бәске тігіп, қасықтай қанын аямай, шыбын жанын шүберекке түйген өр тұлғалардың тағды­рын танытатын да, ұрпаққа өнеге етіп, алдына тартатын да - тарих.

Қай заманда болсын тарих жолы тылсым да қатерлі. Біздің тарихымызда да өрлеу мен құлдырау кезеңдері аз болған жоқ, халқымыз талай тауқымет пен ауыртпалықты бастан кешірген қаралы, қайғылы шақтар да болды. Сонау бағзы заманнан осы күнімізге дейін дербес мемлекеттігіміз жолында қасықтай қанын, шыбындай жанын қиған ардақтарымыздың ісі мен есімін орасан зор құрметпен еске алатынымыз тегін емес.

Тарих жолы қашанда тайғақ.Шын мәнінде, түп шежіресі сонау түркілерден бас алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел, жоралы жұрт қалпын сақтап қалғаны - оның еркіндік сүйгіш ерік-жігерінің, асқақ рухының арқасы. Осы жолда арғы-бергі замандарда орын алған бас көтерулердің, қозғалыс-көтерілістердің арқасы. Елі мен жері үшін жанын пида еткен боздақтардың арқасы.

Тарихтың ұлы қайда бағыт ұстап, шерлі шежіре парақтары қанша аударылса да, мыңдаған жылдар бойы Еуразия атты қарт материк талай аласапыран оқиғаларды басынан өткізсе де, осы апайтөс құрлықтың дәл ортасындағы ұшы-қиыры жоқ Ұлы Даланы «үстінде көк аспан, астында қара жер жаралғаннан бері» мекен етіп келе жатқан халық әр кезде де Бостандық, Еркіндік, Азаттық ұғымдарымен өмір сүріп келеді.

Елбасының "Таңдамалы сөздер" атты кітабынан.
















































































Дәйексөздері

Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”

Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық­тарға соқтыратыны сөзсіз.”

Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”

Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”

Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!