Материалдар / Кітаптың тұсау кесеріне арналған сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кітаптың тұсау кесеріне арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Хасен Зәкәрия Қайроллаұлы «Әзілдесіп отырайық» кітабының тұсау кесеріне арналған сценарий.: Мектеп оқушыларын жергілікті ақын, ұстаз, бірнеше кітаптың авторы Хасен Зәкәрия Қайроллаұлының шығармашылығымен кеңінен таныстырып, кітаптың ішкі мазмұнын ашып, оқырмандарды қызықтыру. Тәрбиелігі: жазушының тәлім-тәрбиелік ойларын, жарық көрген кітабын, өлеңдерін балаларға айтып түсіндіру,мәнерлеп оқу, ақын талантын шәкірт жүрегіне ұялату, туған еліне , жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2021
4568
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Хасен Зәкәрия Қайроллаұлы «Әзілдесіп отырайық» кітабының тұсау кесеріне арналған сценарий

Кештің мақсаты: Мектеп оқушыларын жергілікті ақын, ұстаз, бірнеше кітаптың авторы Хасен Зәкәрия Қайроллаұлының шығармашылығымен кеңінен таныстырып, кітаптың ішкі мазмұнын ашып, оқырмандарды қызықтыру.

Тәрбиелігі: жазушының тәлім-тәрбиелік ойларын, жарық көрген кітабын, өлеңдерін балаларға айтып түсіндіру,мәнерлеп оқу, ақын талантын шәкірт жүрегіне ұялату, туған еліне , жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Кіріспе: № 46 орта мектебінің қара шаңырақ астында сегіз қырлы бір сырлы ұстаз, ақын Хасен Зәкәрия Қайроллаұлы «Әзілдесіп отырайық» кітабының тұсау кесеріне арналған кешін ашық деп жариялаймыз. Ендеше, кешіміздің асыл қонағын ортаға шақырайық. Хасен Зәкәрия Қайроллаұлы қош келдіңіз!

2 кісі лентаны тартып тұрады.Лентаның кесу рәсімі Хасен Зәкәрия Қайроллаұлының өзіне беріледі.Көрермендер тұрып қол соғады.

Жүргізуші: Зәкәрия Қайроллаұлын біріміз ұстаз ретінде, біріміз ардақты ақсақал ретінде танимыз, олай болса жергілікті ақынымыздың өмірбаянынан дәл осы кезде сыр шертуді жөн көріп отырмыз.

Жүргізуші: Өмірі жайында мәлімет ала отырып, ел ақсақалының, қадірлі ұстаздық , ақындық жолы жайында танысып өтейік! Назарларыңыз экранда болса

Презентация таныстыру

Ал құрметті көрермендер , бүгінгі кешіміздің қонақтары сіздер әрі ұстаз, әрі әке, сенімді серік, жар-жолдас, ардақты ата,ақын жайында оның өмірі қаламгерлік шеберлігі, қоғамдағы орны жайында өздеріңіздерге қажетті мәлімет алдыңыздар - деп сенемін.

Ендігі кезекте сұрақтарыңыз болса кеш қонағына қоюларыңызға рұқсат.

1.Мен сынып оқушысы , құрметті Зәкәрия Қайроллаұлы әр ақын-жазушы үлкен әдебиетке келер өзіндік жолы болады екен,ақындық қабілетіңізді кім байқап, кім ашты

2.Ең алғаш өлеңді қанша жаста жаздыңыз.

3.Өлең жазу қабілетіңіз кімге ұқсаған

4.Бала кезіңізде кім болам деп армандадыңыз

5. Алғашқы ұстаздарыңыз кім болды , ақындық жолға түсу түрткісі кім, не болды.

6.Кітаптың атын неге «Әзілдесіп отырайық» деп алдыңыз.

Жүргізуші: Жауаптарыңызға рахмет. Сұрақ қойған көрермендерімізге рахмет!

бізде көңілімізде тұрған көкейіміздегі қалып қояйын деп отырғандай сұрақтар бар,соған осы кеште жауабын алсақ деп отырмыз.

1. бір кітабыңыздың атауы «Қалжыңға қалай қарайсыз?» деп аталады екен, мазмұны, шығу тарихы туралы айтып берсеңіз?

Жүргізуші: Құрметті көрермендер қауым, сұрақтарыңызға жауаа алсаңыздар кезекті бүгінгі кешіміздің қонақтары сыйға тартқалы отырған ән-шашуға берейік.

Ән

Міне достар , мерекеміз аяқталуға жақын қалды.Келіңіздер атамыздан «осы ізбасарларыңызға қандай жолдама бересіз» дей отыра ақ батасын сұрайық. Қорытынды: Аға, берген батаңыз ,айтқан ақыл кеңесініз әрқашан біздің жадымызда болады.

Сыйлық беру. Қаламыңыз қарымды болсын! Шабытыңыз арта берсін! Тек биіктерден көріне беріңіз! Шығармашылық табыс тілеймізҚаламыңыз ұштала берсін, жазары таусылмасын!

Ақын болу – екінің бірінің басына бітпейтін бақыт.Олай болса, құрметті Хасен Зәкәрия Қайроллаұлы жаңа кітабыңыз құтты болсын!Кітаптың өз оқырманын тауып кетеді деп ойлаймыз. олай болса бүгінгі кітабыңіз өз оқырмандарын таба берсін шығармашылық табыс тілейміз, оқырмандарыңыз көбейе берсін дейміз.

«Туған елдің сүйіспеншілігіне бөленіп, халқымыздың алғысын арқалап , қияға самғай беріңіз!» - дей отыра бүгінгі қонақтарымен, жас оқырмандармен тұсаукесу кешімізге уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге ризашылығымызды білдіреміз! Сау болыңыздар!































1.Мен сынып оқушысы , құрметті Зәкәрия Қайроллаұлы әр ақын-жазушының үлкен әдебиетке келер өзіндік жолы болады екен,ақындық қабілетіңізді кім байқап, кім ашты?



2.Ең алғаш өлеңді қанша жаста жаздыңыз.

3.Өлең жазу қабілетіңіз кімге ұқсаған

4.Бала кезіңізде кім болам деп армандадыңыз

5. Алғашқы ұстаздарыңыз кім болды, ақындық жолға түсу түрткісі кім, не болды.

6.Кітаптың атын неге «Әзілдесіп отырайық» деп алдыңыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!