№34 орта
мектеп
Бекітемін
Утебаева
26.02.2018
ж
Тәрбие
сағаты
«Алғыс айту
парызым!»
2 «А»
класс
РАХМЕТ!!!
Класс жетекшісі Сүгіртаева
А.Қ.
Ақтөбе – 2018
ж
Тақырыбы: «Алғыс айту
парызым!».
Мақсаты: «Алғыс айту», «сыйластық»,
«құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін
кеңейту.
«Ғажайып алаң» ойынын
ойнату.
Міндеттері: - үлкендер мен кішілер
арасындағы сыйластықты түсіндіру; - сыйластықты қарым - қатынас
жасау іскерліктерін дамыту, - үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор
болуға тәрбиелеу;
Көрнекі
құралдар: Секторлық тақтайша, мақал-
мәтелдер
Әңгімелесу
Алғыс дегенді қалай
түсінесіңдер?
Адам өзінің ризашылығын,
алғысын қандай сөздермен білдіреді?
Сендерге кім қандай жағдайда
алғыс айтты?
Өздерің қандай жағдайда алғыс
айтып көрдіңдер?
–Ризашылық-адамның басқа
адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және
алғыс білдірушілік сезімі
–Алғыс-адамның адамға жасаған
жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның
ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға
беруі.
Балалар, жаңа бір -
бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту,
тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген
құрметті, сыйластықты білдіреді. Сенің айналаңдағы адамдарға деген
құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады. Сый,
құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен
жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші
болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады,
баталарын береді. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз да осы сыйластық,
алғыс айтуға байланысты «Сыйласаң- сыйлы боласың» деп
аталады.
Ал,балалар осы сыйластыққа
арналған тақпақтарымызды айтып шығайық.
1.Кім үлкенді
сыйласа,
Кім үлкенді
тыңдаса.
Сыйлы болмақ, өзі
де,
Үлкен болған
кезінде.
2.Әдептілік
дегенің,
Әрқашанда
керегің.
Әсемпаздық
дегенің,
Әуре сарсаң
әлегің.
3.Сыйлап сәлем
беремін,
Көршілерді
көргенде.
Ізетті деп
білемін,
Үйге қонақ
келгенде.
Әдепсіз деп
сөкпесін,
Анама айтып
өкпесін.
4.Сыйла үлкен
кісіні,
Қамқорлыққа ал
кішіні.
Сақта көше
тәртібін,
Бағдаршамның ал
тілін.
Әдепті қыл бұл
ісіңді,
Тазалап жүр
тісіңді.
Адамдар бір - бірін сыйлап,
түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара
сыйластық достыққа әкеледі. Өмірде адамдар бір - бірін кешіре,
түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық
қана достыққа әкеледі.
- Бүгін балалар сыйластыққа
байланысты тәрбие сағатымызда біз «Ғажайып алаң» атты ойын
ойнаймыз. Оған 3 ойыншыдан 3 кезеңге қатысады. Мен бүгінгі тақырып
бойынша тапсыраманы тақтаға іліп қоямын, ал қатысушылар алдында
тұрған секторлы тақтайшаны айналдыру арқылы өздеріне ұпай жинайды
және жауаптарын айтады. Бірінші кезеңге қатысушы балаларды ортаға
шақырайық.
І- кезең
сұрағы.
Сыйлап үлкен
ағаны,
Сәлем берген
баланы
Кім дейміз? Жасырылған сөз
(әдепті)
Әдепті екен бұл
дейміз!
Көрермендермен
ойын: «Жалғастыр» «Не істеуге болмайды?» Тәрбиеші басқы
сөзін айтады,балалар ойланып жалғастырып айтуы
керек.
- Үлкендердің алдынан. (кесіп
өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы...(жылатуға
болмайды.)
- Құстарды.....(атуға
болмайды.)
- Қыз баланы....(ренжітуге
болмайды.)
- Мектепке.....(кешігуге
болмайды.)
-
Сыныпта......(айғайлауға болмайды.)
«Не
істеу керек?» (бұл да сол сияқты
жүргізіледі)
-
Үлкен кісіні.....(сыйлау керек.)
-
Үлкеннің тілін....(алу керек.)
-
Үлкендерге.....(сәлем беру керек.)
-
Кішілерге.....(қамқор болу керек.)
Енді ортаға ІІ кезең қатысушыларын
шақырамыз.
-
Сендерге берілетін тапсырма мынадай:
Кітап, дәптер, қаламы,
Кір
шалмаған баланы
Кім
дейміз?
Жасырылған сөз (Ұқыпты)
Ұқыпты екен бұл дейміз!
Ортада ІІІ кезең ойыншылары.
Тапсырмаларың мынадай:
Таудай биік талабы,
Сабағы жақсы баланы
Кім
дейміз?
Жасырылған сөз (үлгілі)
Үлгілі екен бұл дейміз.
Жақсы,енді мына жұмбақ өлеңдерді шешіп
көрейік
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді!
Ең
үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әкелді!
Не
деп барып жеу керек? (рахмет)
Балалар жүр көшеде
Естіледі айғай-шу.
Сенде шықтың, көршіңді
Қойып кеттің байқамай.
Не
деу керек? (кешіріңіз)
Осы
келген бетіңде
Допты қудық, жарыстық.
Көшенің сол шетіңде,
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді.(сәлеметсіз
бе?)
5. Миға шабуыл: Ал
сіз тағы кімге, не үшін рахмет айтар едіңіз? Оқушылар тағы кімнің
рахметке лайықты екені туралы пікір алмасып талдау жасау. Әрине
әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан-дүниесі мен
сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамның парызың
жан-жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып – алғыс айта білу.
Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы –
алғыс айта білу. Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған
болғаны үшін, Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, Сөзге – жанды
жылытатыны үшін, Күнге – шуағы мен назары үшін, Жұлдызға – қараңғы
түндегі жарығы үшін, Досқа – құшағы мен иығы үшін, Әжеге – ыстық
алақаны үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге – байлығы
мен кеңдігі үшін, Отқа – жылулығы үшін. т.б.
*
Оқушылар А4 қағазына рахмет және алғыс айта отырып хат жолдау және
баланың аты-жөні айтылмай бірнешеуін оқып шығу. Қортындылау: –
Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді
ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі
айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық
жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін
бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін,
көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын
адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды
ұмытпаңдар
Үйге тапсырма:
Эссе жазу: «Рахмет, Анашым!
Сәлемдесу
бөлімінде
«Ассалаумағалейкум» әніне би
биледі.
Оқушылар «Алғыс айту» күніне орай өз ойларымен суреттер
салып әкелді.
Осы атаулы күнге арнап салған суреттері
бойынша
ой қозғады.