400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Класс сағаты "Армысың , Әз Наурыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

№34 орта мектеп





Тәрбие сағаты

Армысың, Әз Наурыз!



2 «А» класс

Класс жетекшісі Сүгіртаева А.Қ.





Хор: «Наурыз» әні .


( музыка) Алақай, біздің ауылда той болады!- Абылайхан

Ау, халайық , тезірек жиналыңдар! -Альтаир

Наурыз думан , Наурыз думан басталды!- Ильхам


Арнур

Бірінші сәлем бердік бәріңізге

Үлкен-жас, бала-шаға кәріңізге

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын

Шаттық өмір әкелсін бәріңізге

Құттықтау сөзін қонақтарымызға береміз.


( «Далада» биі. Орындайтын Түймедақ би тобы)


Ахмедияр

Жаңғырған дәстүр салтымыз,
Төгілген бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке, Наурыз – жыл басы

Келіп қалды Әз Наурыз!

Қарсы алайық бәрімі3!


Наурыз - Сезім

Жақсы ма бала халіңіз,

Менің атым –Наурыз

Наурыз көже , сары уыз

Алып келдім татыңыз

Қыр астында қыс қалды

Қар еріді ,су ақты

Алып келдім құстарды

Жаңа жыл құт әкеліп,

Аман болсын басымыз!

Қарсы алайық ит жылын

Келіп қалды ол дағы!


Ильхам: «Қарлығаш» биі . Орындайтын Толебаева Іңкар , Мейрамханова Алуа.


Айша

Ит жылымыз, кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.




Ит жылы – Алим

Ән қосылсын әніңе

Сән қосылсын сәніңе

Ырысты боп осы жыл

Бақ дарысын бәріңе

Ой қосылып ойыңа

Бой қосылып бойыңа

Аман есен жетейік

Келер Наурыз тойына

Алтаир (ән «Наурыз думан » орындайтын Мейрамханова Алуа)


Абылайхан

Наурыз келсе, құт келгені,
Халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық. Әжелер тойға шашу алып келіпті
(әжелер шашу шашады )


Ильхам

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстың

Татайық наурыз көжеден

«Қара жорға» биі /орындайтын Күншуақ би тобы./


Абылайхан

Бүгінгі күн кенелді

Жер шуаққа кенелді

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді


Альтаир

Наурыз , саған жол болсын,
Тілегім анық сол болсын.
Деген ырым білгенге,
Халықта ақ мол болсын.

Жаңылсын: Ит жылы құт әкелсін!

Сезім: Молшылық болсын!

Ильхам: Тыныштық болсын!

3б Халқым аман болсын!

3б Ақ мол болсын!

3б Ұлыс оң болсын!


Ильхам ( ән « Көңілді күн» орындайтын Мейрамханова Алуа)




Альтаир

Күй нөсерін төгейік

Жырдан моншақ өрейік

Уа, халайық ал енді

Наурыз айтысты көрейік

(Бата- айтыс )сыныбымыздың үздік баташыларын ортаға шақырайық.

Альтаир:

Наурыз мерекесінде далаға шығып, қуанып , көрісіп бір-біріне жақсы тілектер айтады екен. Саумалық деген сол екен.

Алуа Қайыржанқызы

Саумалық, саумалық,

Көк құс көзін ашты ма?

Аяғын жерге басты ма?

Саумалық, саумалық,

Самарқанның көк тасы,

Жібіді ме, көрдің бе?

Саумалық, саумалық,

Қап тауының көк құсы,

Жүгірді ме, көрдің бе?

Ильхам

Шаттанып бүгін жаңа жыл,
Халқына шашып жаңа нұр.
Наурыз тойы салтымыз

Аман болсын халқымыз

Ұлысымыз оң болсын

Бақ –береке мол болсын

Шамшырақ: Мереке алдында әр үйді пәле-жаладан арылту үшін отпен, адыраспан шөбімен аластайды.

Мейрамханова Алуа: 

Алас, алас, әр пәледен алас

Асқар ,асқар таумен кет

Ағыны қатты сумен кет

Іңкәр: Тастай қараңғы түнмен кет

Ұйытқып соққан желмен кет

Алас, алас!

Асылхан

Туған соң адам боп

Білімсізден жаман жоқ

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады надан деп

Ақнұр

Кең даламның ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз

Абылайхан

Кім әдет-ғұрып, салт-дәстүрді көп біледі екен?

Айым

Байғазы. Көрімдік ( жаңа заттарға берілетін ақшалай немесе заттай сый, көрімдік –жаңа туған балаға, жас келінге, күйеу балаға, құдаға берілетін сый)

Бастаңғы Қызойнақ (Бастаңғы- үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, ойын –сауық құруы. Қызойнақ- қыздардың бас қосуы)

Жасау Енші ( Жасау- қыз ұзатылғанда ,Енші-ұл бала үйленіп жеке отау боп шыққанда берілетін заттар, жиһаз-бұйымдар)

Ерулік –(көшіп келген жаңа көршілермен танысу ретінде дәмге шақыру )

Қ.Алуа

Ашамай ( жас бала есі кіріп 6-7 жасқа келгенде тайға отырғызу үшін қолданылатын кішкентай ертоқым )

Бәсіре ( балаға кішкентай кезінде сыйланған тай)

Айдар- Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өсіріп қоюы )

Тұлым -Баланың шашын өсірмей, екі шекесіне екі шоқ шаш қоюы)

Кекіл-баланың шашын ұстарамен алып маңдайына бір шөкім шаш қалдыру)

Ұйқыашар-Той-мереке алдында қыз-келіншектердің жігіттер ұйықтап қалмауы үшін дәмді тамақ жасап, ойын-сауық құруы.

Альтаир: Олай болса ортада «Тұсау кесу» салт-дәстүрінен үзінді көрсетейік.
Ильхам

Жаңбырмен жер көгерер

Батамен ел көгерер

Келді кезек енді ғой

Үлкендерге сөз берер

Арнур

Жалғасумен жылға жыл

Шабыт берсін жырға жыр

Өнер сүйер өрендер

Рахмет сізге мың да бір!


Абылайхан

Қош, сау болыңыздар,қонақтар!

Хор : «Дастархан» . Орындайтын 2 класс оқушылары.


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
468
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі