400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Класс сағаты "Бәйтерек -өмір ағашы" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Класс сағаты

2-класс

№34 орта мектебі

Сүгіртаева Айжан Қуанышқызы

Тақырыбы: Шындыққа айналған аңыз әлем /Рухани жаңғыру/

Мақсаты: Көне заманның танымал тарихи ескерткіштері жәдігерлері туралы әңгімелеу. Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстыру. Бәйтерек ағашынан бастау алу арқылы оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, рухани жаңғыру бағдарламасын ұғындыру. Оны қалай түсінетіндіктерін анықтап, толықтай ақпарат беру. Сонымен қатар отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, тапқырлық пен елестете отырып, болашаққа бағдар жасай алуға баулу.

Міндеті:

  • Аңызбен таныстыру.

  • Өз ойларын ортаға салуға үйрету.

  • Тапсырманы жылдам әрі нәтижелі орындауға баулу.

  • Ақпаратты көбірек беру.

  • Тәрбиелік мәнін ашу.

  • Сабақтың ғылымилығын баса көрсету.

Ресурстар: сабақ жоспары, презентация, үлестірме карточкалар, плакаттар, шарлар, т.б.

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу, дүниетану, әдебиет.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Шаттық шеңбері. «Жіп ұшында жақсы сөз»

ІІ.Топқа бөлу.

ІІІ.Жаңа сабақ:

А.Тақырыпты актуалдау.

Ә.Болжау мәтінін жасау.

Б.Сюжет-слайд көрсету.

В.Жаңа сабақты түсіндіру.

Г.Топтық тапсырмалар беру.

Ғ.»Сәуегейлік ағашы» стратегиясы.

ІҮ.Қорытындылау.

Ү.Үй тапсырмасы.

Болашаққа хат жазу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар жіп ұшын бір-біріне беру арқылы бүгінгі күнге жақсы тілектер айтады.

ІІ.Жаңа сабақ:

А.Тақырыпты актуалдау.

Мұғалім тапсырма беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын оқушылардың өздеріне шығартады.

Shape1

Осы суреттерден не түсінгендерін сұрайды. Оқушылар жауап береді.

Бұл қандай ертегіден бастау алады? Ер Төстік ертегісінен.

Сонда қандай тақырыпта сабақ өткізгелі отырмыз? «Аңыздан шындыққа айналған әлем» туралы деп балалар өз болжамдарын айтады.

Мұғалім- Жарайсыңдар балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Шындыққа айналған аңыз әлем» деп аталады.

Ә. «Идеялар себеті» болжау мәтіні.

Мұғалім оқушыларға «Идеялар себеті» ойынын ұйымдастыра отырып, себетпен үш топқа арнайы дайындалған сабаққа қатысты суреттер таратады. Мұнда, самұрықтың, рухани жаңғыру символы бүркіттің, айдаһардың, жұмыртқаның , бәйтерек ағашы мен астана бәйтерек монументінің, елбасының суреттері болады. Балалар бәрін себеттен шығарып, бүгінгі сабақта не туралы айтылатындығы туралы болжау мәтінін ауызша әңгімелейді. Мұғалім оқушыларды жетелей отырып, сабақтың негізгі идеясын ашады.

Б. Сюжет-слайд көрсету.

Мұғалім сюжет-слайдты көрсету арқылы жаңа сабақ барысын ертегімен байланыстыра отырып түсіндіріп шығады. Рухани жаңғыру бастамасы туралы қысқаша айтып өтеді.

Қазақстан бүгін - еліміз алдыңғы қатарлы дамыған

елдер қатарына қосылу үшін, «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»

бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер күн санап дамып келеді. 

Қазақстан ертең - Үш тілділік;

  • Латын әрпіне көшу үлкен жетістіктер әкеледі.

  • Мектептер,балалбақшалар, мәдени орындар жаңа заман талабына сай салынып, жабдықталады.

  • Халық саны саны көбейіп, жаңа қалалар көбейеді.

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы толығымен жүзеге асып, дамыған мемлекеттердің ең алдыңғы қатарынан табыламыз.

Еліміздің ертеңгі күнге деген болжамдары міндетті түрде жүзеге асырылады. Осы мақсатта елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жариялағанын жақсы білесіңдер. - Осы бағдарлама жайлы не айта аласыңдар? /үш топтан үш оқушы айтады/1-оқушы: Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» жөніндегі бастамасына сәйкес бүгінде еліміздегі тарихи ескерткіштер мен киелі жерлердің мән-маңызы жан-жақты зерделеніп жатыр.2-оқушы: Бағдарлама аясында ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары 2005-2007 жылдары Батыс Европа кітапханаларында құнды жазба деректерді іздестіріп,олардың көшірмелерін алу мақсатымен ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізді. 3-оқушы: Бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда ғана емес шет елдердегі ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Дамаск қаласындағы Сұлтан Бейбарыс кесенесі,Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті,Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық-кесенесінің құрылысы сәтті аяқталды. Мұғалім: Дұрыс, айтасыңдар балалар! Бұл жұмыстардың атқарылу себебі, болашақ ұрпаққа туған жеріміздің тарихын ұмыттырмау, оларға мұра етіп қалдыру. Бұл Отанға, туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілік. Ал сендер өз туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай жеткізе аласыңдар? Ол үшін балалар қазір сіздерге әр топқа әр түрлә тапсырма беремін. Соны орындап көрейік.

Бірінші топқа: «Атасы мен немересі Туған жер» тақырыбында көрініс.

«Туған жер»

(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).

Немересі:

 Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы:

 Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!

Немересі:

 Ата, «Өткен өмір» деген не?

Атасы:

 Ә, балам, «Өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі:

 Ол қандай болған?

Атасы:

Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:

Болмаса да оқыған тарихшы атым,

Жинадым ескілерден тарих хатын.

Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Есімі ешадамның өшпейді екен,

Артында ұрпақ жүрсе жаңғыратын,

Ұмыттырмау «Жеті атасын» парыз екен,

Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.

Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезден біздің ата - бабаларымыз

туған жерін қызғыштай қорғап, осы күнге жетуді арман еткен.

Немересі: 

Ата, туған жер дегенді қалай түсінуге болады?

Атасы: 

Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек.

Немересі: 

Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.

Атасы: 

Жарайсың, балам!

Shape2

Екінші топтың оқушылары үлкен етіп самұрық құстың бейнесін жасап, соған түрлі түсті қағаздар қиықтарына арман-тілектерін, отанға деген сүйіспеншіліктері мен болашақ өмірді қалай елестететіндіктерін дауыстап айтып отырып жапсырады. /Түрлі-түсті қағаз орнына түсті стикерлерді пайдалануға болады /

Екінші топқа Рухани жаңғыру символы самұрық құстың бейнесін келтіре отырып, коллаж қорғау.






Үшінші топқа «Сұхбат алу әдісі». Мұнда әкімшілікте немесе мектеп мұғалімін қонаққа шақырып, рухани жаңғыру аясында ауылымызда немесе мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сұхбат жүргізу.

Мұнда үшінші топ оқушылары әкімшіліктен арнайы шақырылған қызметкермен сұхбат жүргізеді:

Жүргізуші: -Сәлеметсіз бе, бүгінгі сабағымызға алтын уақытыңызды бөліп келгеніңізге рахмет айта отырып, сізден осы аудан немесе ауыл көлемінде «рухани жаңғыру» аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әңгімелеп беруіңізді сұраймын.

Қонақ сөйлейді.

Жүргізуші :-Оқушыларға қандай тілегіңіз немесе тапсырма берер едіңіз?

Қонақтың жауабы.

Жүргізуші: -Сізге көп-көп рахмет айта отырып, алдағы уақытта да жұмысыңызға жеміс, еңбегіңіз жана берсін дегім келеді. Сау болыңыз!

В. «Сәуегейлік ағашы» стратегиясы.

ойынын өткізу, себебі бұл бөлімнің қорытынды тақырыбы болып табылады. Барлық тірек сөздерді – ту, әнұран, елтаңба, ауыз әдебиеті, монумент, ақпарат, суретті хат, аңыз, батыр, теңге, президент деген сөздерді қолдануға болады. А4 көлеміндегі қағазға жазылған сөздерді сынып бөлмесінің қабырғаларына іліп қойып, оқушыларға тірек сөздер «жоғалып кеткенін» айтып, мұғалім сол сөздерді табуға көмектесуін сұрайды. Оқушылар үш тілде бір мағынаны білдіретін сөздер жазылған үлестірме парақшаларды жинауы тиіс. Тақтада үлкен етіп салынған бәйетерекке түсіндіре отырып жапсырады.

Рефлексия. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін түрлі-түсті стикерге жазып, «Білім ағашына» іледі.

Сабақты «Жаным қазақ» әнімен аяқтайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
826
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі