Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Класс сағаты "Тәуелсіздік ата-баба арманы,ұрпақ үшін мақтаныш "8 -сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: 15.12.2017жыл 8 «А» класс
Тақырыбы: «Тәуелсіздік ата-баба арманы,ұрпақ
үшін мақтаныш»
Мақсаты:
Білімділік: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған,тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік:Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Отанына,туған еліне,жеріне сүйіспеншіліктерін ояту.Сөздік қорларын молайту.
Көрнекілігі:
слайд-шоу,деректі
фильм
Б А Р Ы С
Ы:
I.Кіріспе бөлім
Ата-баба ерлігі – ұрпаққа
аманат
II.Негізгі
бөлім:
І. «Желтоқсан
жаңғырығы»
ІІ.
Тәуелсіздік
алғаннан кейінгі қол жеткізген
жетістіктер.
III.Қорытынды
бөлім
Кіріспе сөз:
Қайырлы күн,құрметті ұстаздар және оқушылар бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығы құтты болсын.
Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.
Ата-бабаларымыз ұлан-ғайыр қазақ жерін найзаның ұшымен,білектің күшімен сыртқы жаулардан қорғап келді.Ақтабан шұбырындыдан бастап,ел басына қаншама қатер төнді,небір сұрапыл оқиғалар да өтті.Ресейдің отары да болдық.Еліміз ұлт-азаттық көтерілістің талайын бастан кешірді.Отан деген сөз - баршамыз үшін қастерлі де,қасиетті сөз.Оның түпкі мәнінде туған халқымыздың тарихи кезеңдері ел,мемлекет болу белестері.
Қалмады жалын жастық басқа
амалы.
Шайқады империя тас
қамалы,
Қазақтың тәуелсіздік алған
күні,
Ызғарлы желтоқсаннан
басталады- дей отырып, бүгінгі «Тәуелсіздік ата-баба
арманы,ұрпақ үшін мақтаныш» атты класс сағатымызды
бастаймыз.
Өткен ғасырлардағы, үстіміздегі ғасырдың басындағы қанды шайқастар, ірілі-ұсақты небір көтерілістер, ең ақырғысы тарихқа «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен енген, кейіннен «Желтоқсан» ұлт-азаттық көтерілісі деген бағаға ие болған.1986 жылғы жастар мен студенттердің жанкештілігі, тәуелсіздікке қан төгіссіз бейбіт жолмен қол жеткізу үшін арпалысқан ел ағаларының ерен ерліктері халық санасынан өшер ме?!
Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған халқымыздың қасіреті мен ар намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған бұл оқиғаның алғашқы құрбандарын , еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.
Бір минуттық
үнсіздік жарияланады. (осы кезде АКТ-дан
сағаттың дыбысы естіліп тұрады)
"Желтоқсан
жаңғырығы" тақырыбына арналған слайд - шоуға назар
аударайық./видео/көрсетіледі.
Мұғалім сөзі:
Балалар осы бейне баяннан не көрдіңдер? Желтоқсан оқиғасы жайында не айтасыңдар? Еркін түрде ойларыңды ортаға салып отырыңдар. Оқушылар ойы тыңдалады.
1.Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не? 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына сендердің көзқарастарың қандай?
/ 1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды./2- ші бейнебаян көрсетіледі.
Мұғалім сөзі:
Ал, балалар мына бейне баяннан не көрдіңіздер? Сол күнгі алаңға шыққан жастардың ойы неде болды? Олар тағдыр сондай азап күтіп тұрғанын білді ме?
Оқушылар ойы тыңдалады.
2. Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?
Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады/.
3. Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды? / өлең ЖАЙНА- ақын Болат Шарахымбай (ӨГЕЙ ДҮНИЕ ,ӨГЕЙ ЖҰРТ, ӨГЕЙ БӘРІ) / видео./
-
Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Қазақ КСР ЖК төралқасының Алматыдағы 1986 жылы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясынын төрағасы Мұхтар Шахановтың Швеция мен Англияның бірқатар университеттерінде оқыған дәрістерінен: толық емес мәліметтер бойынша 1720 адам жарақат алды. Су шашқаннан, жер бауырлатып жатқызғаннан, қала сыртына апарып тасталғаннан ауырған адамдар есепке алынбады.
-
ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылды. 12 жоғарғы оқу орнының ректорлары орнынан түсіріліп, 246 студент оқудан шығарылды, 99 адамды соттады, екеуі өлім жазасына кесілді деп хабарлады.
4.Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?
Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды. Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.
/Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті-Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. Желтоқсан оқиғасы туралы режиссер Қалдыбай Әбенов түсірген ”Аллажар” фильмінің басты кейіпкері де – Ләззат.
5. Желтоқсан оқиғасы біткен соң әділдік орнады ма?
Қыршын кеткен жастардың күткені-әділдік еді.Ол үміттері ақталмады. Бірақ сондай жаза қолданатындай олардың бұзықтық жасамағандығы бірнеше жылдардан кейін анықталды.Желтоқсан жаңғырығы алысқа жетті.1989 жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды. М.Шаханов бастаған комиссия желтоқсанның 17- сі Демократиялық жаңару күні деп жариялады. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасын есте сақтау үшін Республика алаңына ескерткіш тақта орнатылды.
6. Тәуелсіздігімізді желтоқсанның жемісі дей аламыз ба?
/Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын орыны ерекше. Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар екенін көрсетті./
Мұхтар Шахановтың ”Төрт жыл кешіккен шындық ” -өлеңі. АЙГЕРИМ
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ер намысды жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
ІІ. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер.
Мұғалім:
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика болып жарияланды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі
2 400 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни
республикамыздың территориясына жеті мемлекет
сияды.
Мысалы,
Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания ,Италия .
Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемелекеттің ішінде 9-орында.
Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес. Олар: Ресей, Қытай,
Өзбекстан,Қырғызстан,Түркменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады.
Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Елордасы–
Астана.
Біздің
Қазақстан Республикасы өте бай мемелекет. Бізде алтын, темір,
мырыш, күміс,көмір, газ, мұнай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев
кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде
кездеседі.
Еліміздің
өзіне тән туы, елтаңбасы,әнұраны
бар.
1991-2012 жылдар аралығында Қазақстан қандай жетістіктерге жетті. (Слайдтар көрсету)
1991ж. 29 тамызда |
Семей полигоны жабылды. |
1991ж. 2 қазанда |
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. |
1991ж. 1 желтоқсанда |
Тұңғыш президентіміз сайланды. |
1992ж. 2 наурызда |
Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып кірді. |
1992ж. 4 маусымда |
Қ.Р. Мемлекеттік рәміздері қабылданды. |
1993ж.15 қарашада |
Ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді. |
1994ж.19 маусымда |
Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойылды. |
1995ж. 30 тамызда |
Жаңа Конституцияның қабылдануы. |
1998ж. мамырда |
Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді. |
1999ж. 10 қаңтар |
Президент сайлауы болды. |
2000ж. |
«Мәдениетті қолдау жылы» Түркістанға 1500жыл толды. |
2002ж. |
«Денсаулық жылы» деп аталды. |
2004ж. |
«Қазақстан –Ресей жылы» болды. |
2007ж. |
«Қазақ тілін қолдау » жылы болды. |
2009ж. |
«Ана мен бала жылы» |
2010ж. 12 желтоқсан |
Астана қаласында Еуразиялық Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті. |
2011ж. |
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы тойланды. |
2012ж. |
Қазақстан спортшылары жазғы олимпиадалық ойындарда жетістіктерге жетті. |
2012 ж. |
Қазақстан «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін жүргізуге мүмкіндік алды. |
2017ж. |
|
Қазақстан – қасиетті ұғым бұл
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал, толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т- білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті,
У-уайымсыз уақытты,
Е- егемендік елдікті.
Л-дейді лағып лепірме,
С-сенімділік секілді,
І-ілтипат пен ізетті
З- зиялылық тілек қой.
Д- шақырады достыққа,
І- ізденіс пен нәтиже
К- дейді күн боп көктегі
Көз алартып, көршілерге қол сұқпа.
Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
Біз – тәуелсіздіктен ұлтаралық үйлесімді,
татулықты, халықаралық бейбітшілікті
күтеміз.
Біз бүгін XXI ғасырдың есігін айқара ашып
төріне еніп отырмыз. Бұл ғасырды Қазақстан үшін жасампаз ғасыр,
жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры болатынына
сенемін.
Қорытынды сөз:
Балалар, мінекей Тәуелсіздік
деген жарқырағын күн, еркіндік, аспаны ашық, ешкімге тәуелді болмай
өз алдына дербес мемлекет дегенді білдіреді. Күніміз жарқырай
берсін, егемен елдің болашақ ұрпақтары сіздер, жақсы оқуға, елдің
мәртебесін әрі қарай көтеруге
тиістісіздер!
«Еліңнің
ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың
ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңмен еңбек ет. Жердің
де, елдің де иесі өзің екеніңді
ұмытпа!» (Н.Назарбаев.)
Елім, отаным деген сезімдеріңіз ешуақытта сөнбесін атамекеннің жас ұландары.
Қазірде егеменді ел болып, туымыз көкте самғап, қазақ елін бүкіл ел танып отырған шақта біздің
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!