Материалдар / Кластан тыс тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кластан тыс тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне қосымша көмек ретінде керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2018
538
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаныңда жүр жақсы адам.

(С9лтандар сайысы ) атасы мен немересі

2-3 кластар арасында
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар.
Байқауға қатысатындар: 2 «а», 2 «ә»,3 «а»,3 «ә » класс оқушыларының арасынан бір оқушы атасымен қатысады.

Олар: 2 «А» класс оқушысы:------------------------------------------------------------------

2 «Ә» класс оқушысы:--------------------------------------------------------------------------

3 «а» класс оқушысы:---------------------------------------------------------------------------

3 «а» класс оқушысы:---------------------------------------------------------------------------
Байқаудың қонақтары: ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі,бастауыш класс оқушылары.
Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
1 – жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жаныңда жүр жақсы адам.» атты 2-3 кластар арасында бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
2 – жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!
1 – жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы қырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)
1. -----------------------------------------------------------------------------------------------
2. -----------------------------------------------------------------------------------------------
3.
------------------------------------------------------------------------------------------------

4.------------------------------------------------------------------------------------------------
2 – жүргізуші:
Қырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1. ------------------------------------------------------------------------------------------------

2. ------------------------------------------------------------------------------------------------

3. ------------------------------------------------------------------------------------------------
1 – жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.
ІІІ бөлім «Мақал – мәтел» Отан туралы сайысы.
ІV бөлім «Ойын» атасының көзін байлап немересін табу сайысы.
V бөлім «Көркіне ақылы сай»қызықты сұрақ–жауап сайысы.Аталарына қойылады.
2 – жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып бүгінгі «Жаныңда жүр жақсы адам» атты байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
1 – жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп,

Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
2 – жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өз өнерлерін бөлімін бастаймыз.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.

1 – жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Мақал – мәтел» Отан туралы сайысы.
деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің «Отан» туралы мақал-мәтел айтып жарысады.
2 – жүргізуші:
Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт.
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың ІV бөлім «Ойын» атасының көзін байлап немересін табу сайысы.

1 – жүргізуші.
Мықты болсаң тығырықтан шыға біл
Келді кезек тапқырлықты танытар
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп, «сайысымыздың келесі бөлімі «Көркіне ақылы сай»қызықты сұрақ–жауап сайысы.Аталарына қойылады.

1.------------------------- атасына сұрақ:Немереңіз класта нешінші партада отырады?

2.--------------------------атасына сұрақ:Немереңіздің класс жетекшісінің аты-жөні?

3.--------------------------атасына сұрақ:немереңіз дене шынықтыру сабағында сапта нешінші тұрады?

4.--------------------------атасына:немереңіз мектепте қандай пәндерді меңгеріп жатыр?

2 – жүргізуші:
Осымен, «Жаныңда жүр жақсы адам.» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша,3 «Ә» класс оқушыларының «Жігіттер» биін тамашалайық. Қарсы алыңыздар.

1 – жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

2 – жүргізуші:
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:
1. Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»
2. «Дарынды жігіт»
3. «Сегіз қырлы, бір сырлы».
4. «Өнерпаз жігіт»
1– жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!