400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Климат және ауа райы

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар орындайды: Ауа райының адамға әсері туралы әңгімелей алады. Көпшілігі орындайды:Ауа райының адам іс- әрекетіне ықпалын анықтай алады. Кейбір оқушылар орындайды: Ауа райына байланысты жыл мезгілдерін анықтай алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану

Сынып: 1 «В»

Мектеп: М.Әуезов атындағы № 96 жалпы орта мектебі

Күні: 2018ж

Мұғалімніңаты-жөні: Усманова М.А

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Елімнің табиғаты»

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Климат және ауа райы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.2.1. Ауа райының адамға және оның іс- әрекетіне әсерін анықтау

1.2.3.1 Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындайды: Ауа райының адамға әсері туралы әңгімелей алады.

Көпшілігі орындайды:Ауа райының адам іс- әрекетіне ықпалын анықтай алады.

Кейбір оқушылар орындайды: Ауа райына байланысты жыл мезгілдерін анықтай алады.

Жетістік критерий

лері

Білім алушы:

-Ауа райының адамға тигізетін әсері туралы әңгімелейді .

-Ауа райының адам іс- әрекетіне ықпалын анықтайды.

-Ауа райына байланысты жыл мезгілдерін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Тақырып бойынша терминдер : Ауа райы, жыл мезгілдері, қар, жаңбыр, күн, жел.

Тақырып бойынша лексика: Жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты ауа райы өзгеріп тұрады.

Диалог: Бір жылда неше мезгіл бар?

Ауа райының өзгеруі неге байланысты?

Құндылықтарды дарыту


Мәңгілік Ел,еңбек пен шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын қалыптастыру. Оқушылардың арасындағы достық , сыйластық қарым – қатынасты сақтай білуге тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыстар

Математика (бір жылда неше мезгіл бар екенін айтады.Әр мезгілде неше ай бар екенін айтады) ,сауат ашу (жыл мезгілдерінің атын атап, әр мезгілдегі ауа райы туралы әңгімелейді) ,жаратылыстану(жыл мезгілдерінің ауысуы мен ауа райының өзгеруін зерттейді ) және бейнелеу өнерімен байланыс (Суреттегі ауа райына сәйкес келетін заттар мен киімдерді анықтайды және байланыстырып сызады)

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

Слайд материалдарда көрсетілген суреттер арқылы жыл мезгілдерін анықтайды.

Алдыңғы меңгерілген білім


Ашық сұрақтар қою арқылы алдыңғы меңгерілген білімдерді бекіту.

Сен қай қалада тұрасың?

Сен тұратын қалада қандай көрікті жерлер бар?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушыларды сабаққа психологик дайындау

Шаттық шеңберін құру.

Қайырлы таң көк аспан

Қайырлы таң жер ана

Қайырлы таң достарым

Сендерді көрсем қуанам

Оқушыларды топқа бөлу

Жыл мезгілдері бейнеленген суреттер арқылы оқушыларды төрт топқа бөлу (қыс, көктем, жаз, күз)

Шаттық шеңбері

Жыл мезгілдері бейнеленген суреттер

Сабақ ортасы


1-тапсырма

Суреттегі ауа райына сәйкес келетін заттар мен киімдерді анықтаңыз және байланыстырып сызыңыз. Адамдар неліктен ауа райына сәйкес киінеді.











Дескриптор: Білім алушы

-ауа райына сәйкес суреттерді анықтап, сәйкестендіреді;

-адамдардың ауа райына сәйкес киіну себебін әңгімелейді.



Белсенді оқытуда нұсқау беру және айту , зерттеу және зерделеу жұмыстары жүргізіледі.

Саралау әдісі арқылы оқушыларға тапсырма берілді.

Сергіту сәтін ұйымдастыру


2-тапсырма

Суретте бейнеленген ауа райын анықтаңыз.



Топта талқылаңыз

  • Ауа райы адамдардың көңіл күйіне қалай әсер етеді?

  • Адамдар ауа райына қатысты қандай әрекеттер жасайды?

Дескриптор: Білім алушы

-суретте бейнеленген ауа райын атайды;

-ауа райының адамдардың көңіл күйіне тигізетін әсері туралы ойын айтады;

Белсенді оқытуда сұрақ қою және талқылау арқылы зерделеу және зерттеу жұмыстары жүргізілді.




Интерактив тақта тапсырмалар көрсетіледі.

Суреттер,түсті қарындаштар.

















Қысқа видеоролик көрсетіледі

Ауа райы бейнеленген суреттер

Түсті қарындаштар

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Білім алушылар бір бірлерін бағалайды

-Нені білдім

-Нені үйрендім

-Нені білгім келеді.



Суреттер, түсті қарындаштар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Саралау әдісі арқылы сабақта қалыптастырушы бағалау жүргізілді.

Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырма

Суретте бейнеленген ауа райына байланысты жыл мезгілдерін анықта.

Жас ерекшеліктерін ескере отырып кейбір оқушыларға тапсырманы орындауда қолдау көрсету.

1-тапсырма

Дескриптор: Білім алушы

-ауа райына сәйкес суреттерді анықтап, сәйкестендіреді;

-адамдардың ауа райына сәйкес киіну себебін әңгімелейді.

2-тапсырма

Дескриптор: Білім алушы

-суретте бейнеленген ауа райын атайды;

-ауа райының адамдардың көңіл күйіне тигізетін әсері туралы ойын айтады;

-ауа райына қатысты адамдардың

Қалыптастырушы бағалау.

Оқушыларды «Бағдаршам» тәсілі арқылы бағалау.

Shape1

-өте жақсы (қызыл)

Shape2

-жақсы (жасыл)

Shape3

-қанағат (сары)



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары ,оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына 90 % қол жеткізді. Сабақта қабілеті жоғары оқушыларға тапсырма берілді және жас ерекшеліктерін ескере отырып оқушыларға тапсырманы орындауда қолдау көрсеттім. Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. Сабақ жоспарынан еш қандай ауытқулар болмады.

Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1: Топта жұмыс істегенде суретте бейнеленген ауа райын анықтады және ауа райының адам көңіл күйіне әсері туралы әңгімеледі.


2:Белсенді оқуда оқушылар суреттегі ауа райына сәйкес келетін заттар мен киімдерді анықтады және байланыстырып сызды. Адамдар неліктен ауа райына сәйкес киінетіні туралы әңгімеледі.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Айтылым,жазылым арқылы оқушылар жыл мезгілдері және ауа райының өзгеруі туралы түсінді.

2:Топта жұмыс істеу тиімді, оқушылар суреттегі ауа райына сәйкес келетін заттар мен киімдерді анықтады және байланыстырып сызды,оларды жыл мезгілдері мен байланыстырды

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Білім алушылар ауа райының жыл мезгілдеріне сай өзгеріп тұратыны туралы жықсы түсінді.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
836
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі