Климат және ауа райы

Тақырып бойынша 23 материал табылды

Климат және ауа райы

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән: Дүниетану №1 сабақ Ортақ тақырып: 1. Жанды табиғат Бөлімше: 2.2 Климат және ауа райы 2.3 Табиғат жағдайлары және олардың әсері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

___________

Мұғалімнің аты-жөні:

Бөлімше:

Пән: Дүниетану №1 сабақ

Ортақ тақырып: 1. Жанды табиғат

Бөлімше: 2.2 Климат және ауа райы

2.3 Табиғат жағдайлары және олардың әсері

Күні: __________

Қатысқандар саны: ______________

Қатыспағандар саны: _________________

Тақырып:

Жер бетіндегі климат неге тәуелді?

Оқыту мақсаты

3.2.2.1 жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтайды;

3.2.3.1 адамдардың табиғи жағдайларға байланысты (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)

орналасуын талдау

Сабақтың

мақсаттары

(Күтілетін

нәтижелер)

Барлық оқушылар: климаттың не екенін біледі.

Көптеген оқушылар :климаттың негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтайды.

Кейбір оқушылар: табиғат жағдайларына байланысты адамдардың қоныстануына талдау жасайды

Тілдік мақсат

Оқушылар жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды

қолданады.

Пәндік лексика мен терминология:

Климат, климаттық белдеу.

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер:

Климат дегеніміз – белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы аумақтағы ауа райы жағдайының

жүйелі түрде қайталанып отыруы.

Жергілікті жердің климаты теңіздер мен мұхиттардың жақындығына, жер бедерінің пішініне, полюстер мен экватордан

қандай қашықтықта орналасуына байланысты.

Талқыланатын мәселелер:

Климаттың негізгі түрлерінің сипаттамалары қандай?

Климат пен табиғаттың ерекшеліктері адамдардың қоныстануына қалай әсер етед

Алдыңғы

білімдер

Ауа райы туралы білімдері. Жер бетіндегі ыстық және суық жерлер. Оқушылардың өмірлік тәжірибелер

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет


Ой қозғау

1 мин

Уәждеме. Стартер.

Мұғалім:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Неге солтүстікте пальмалар өспейді? Неліктен бізде қар да,

жаңбыр да жауады, ал оңтүстікте тек қана жаңбыр жауады? Осы және өзге де қызықты

сұрақтардың жауабын біз осы сабақта алатын боламыз. Бүгінгі сабағымызда біз Жер

бедерінің белдеулерімен танысамыз, олардың атауларын есте сақтаймыз. Әр белдеудегі ауа

райының ерекшеліктері, ондағы өсімдіктер мен жануарлар әлемі жайында сөйлесетін

боламы


Жаңа сабақ 35мин

1. (К) Білімді өзекті қылу. Мұғалім-оқушы диалогі

Бүгін біз жаңа бөлімді оқуды бастаймыз. Бөлім қалай аталады, оқыңдар: «Жанды табиғат»

бөліміндегі қосар бетті қарап шығыңдар, осы бөлімде не туралы айтылады?

Екінші сыныпта біз сендермен ауа райының не екенін білдік. Анықтамасын естеріңе

түсіріңдер.

Ауа райы дегеніміз – белгілі бір уақыттағы, белгілі бір жердегі ауаның жай-күйі.

Ауа райы үнемі бір қалыпты болып тұра ма? Мысалдар келтіріңдер.

Барлық жерде ауа райы бірдей ме? Неліктен? Мысалдар келтіріңдер.

2. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі.

Сендердің тұратын аймақтарыңда жазда қандай ауа райы болады? Күзде ше? Қыста ше?

Көктемде ше? Сипаттап беріңдер.

Неліктен Қиыр Солтүстіктегі және Тропиктегі ауа райы бірдей емес?

Күн сәулесі ғаламшар бетін біркелкі жылытпайды, сол себептен де Жер бетінің әр

жеріндегі ауа райы да әртүрлі. Оқулықтағы мәтіннен жылдың қай мезгілінде бірдей ауа

райының қалыптасатынын білетін боламыз.

3. (Ө) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Оқудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Мәтіннің бірінші бөлімін оқыңдар (Сұрақтарға және тапсырмаларға дейін).

(Ж) Сөйлеудің, тыңдаудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Екі-екіден отырып, климат дегеніміз не? Жердің белдеулері қалай аталады? деген

сұрақтар бойынша сөйлесіңдер. Картадан шартты климаттық белдеулерді көрсетіңдер.

4. (Т) Оқудың, сөйлеудің, тыңдаудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Модельдеу

Топта жұмыс істеудің ережелерін еске түсіріңдер.

Топта жұмыс істей отырып, мына тапсырмаларды орындаңдар: полярлық, қоңыржай,

тропиктік және экваторлық белдеулердің ерекшеліктерін оқып біліңдер. Әр белдеудің

өсімдік, жануарлар әлемі, жер бедерінің пішіні жайында, сонымен қатар, онда өмір сүретін

адамдар жайында постер құрастырыңдар. Оқулықтағы материалдарды (мәтіннің 2-бөлімі),

қосымша әдебиеттерді қолданыңдар, электронды презентацияны көріңдер.


Орындалған жұмыстарды көрсету. Өзара бағалау .

5. Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

«Климат» тақырыбын ары қарай жалғастырамы

6. (Ө) Алған білімді нығайту бойынша өз алдына жұмыс жасау. Тапсырманы орындау.


Рефлексия

3 мин

Бүгін қандай тақырып бойынша жұмыс істедік?

Жердегі климат неге тәуелді екен?

Қорытындыны оқыңдар. Дәлелдер келтіріңдер.

Сабақтағы атқарған жұмысыңа баға бер және жауаптарыңды түсіндір.

1) Мен сабақта жұмыс істедім, өйткені ________________________

2) Мен сабақтағы жұмысыма _____________________________

3) Сабақтың тақырыбы _________________________________ болып шықты.

4) Мен _____________________жайында тағы қосымша мәліметтер білгім келе

Үй тапсырмасы

1 мин

«Адамдардың қоныстануына климат қалай әсер етті?» Сұрақтың жауабын табыңд



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
219
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі