Климат пен табиғат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Климат пен табиғат

Материал туралы қысқаша түсінік
. Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау 7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ

Пәні : Қазақ тілі

1-бөлім

Ауа райы және климаттық өзгерістер

3-4- сабақ

Бейнеу ауданы Бейнеу селосы

Мектеп:Бейнеу аудандық әкімдігінің

« Үстірт орта мектебі » КММ

Күні: 8-11. 09

Мұғалімнің аты-жөні: Жаксыбаева Шолпан

СЫНЫП:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Климат пен табиғат 3-4-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

7. Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіндік және графиктік(кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау

Кейбір оқушылар орындай алады: , үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жаза алады.


Бағалау критерийлері:

Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды.

Мәтіндік және графиктік(кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялайды.

. Орфографиялық нормаға сай жаза алады.

Ойлау дағдылары

Білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау,бағалау

Құндылықтарға баулу


Пәнаралық байланыс

Тарих,география

Тақырып бойынша алдыңғы білім

ҰЖ. «Маңызды мәліметтерді еске түсір» әдісімен өткен сабаққа кері байланыс жасалады.

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5 мин

Сәлeмдecу. Oқушылapды түгeндeу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Топқа бөлу.

Климат дегеніміз не?

Қазақстанда қандай климаттық аймақтар бар?

Климат сөзіне ассоциативтік сызба жасайды.

Схема 1





Сабақ ортасы ортасы

3минут



15 минут





15 минут







5 мин

Мағынаны тану сатысы

Оқылымалды тапсырма

«Белсенді тапсырма»

Оқушылар өз қалаулары не мұғалім таңдауы бойынша тақта алдына шығып, табиғаттағы ауа райының түрлі құбылыстарын қимыл-қозғалысымен, дыбыстармен салады. Оны оқушылар сипаттап табуы керек. Келесі бір оқушы оның әрекетіне комментарий айтып, оны тағы басқаша қалай жеткізуге болатынын бейнелеп көрсетеді. Осылай бірнеше оқушы жасап жалғастырады. Соңында сәтті шыққан әрекеттерді іріктеп алады. Бұл тапсырма алдағы оқу мақсатына жетелей түседі.

Сабақ айдары: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Мәтел

1-тапсырма.Топтық тапсырма. Тыңдалым тапсырмасы

Табиғат — тіршілік көзі. Табиғатты қорғау біздің парызымыз. Аяулы табиғатсыз бұл ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де табиғатты одан әрі әсерлендіреді. Әр жыл мезгілінің

өз ерекшелігі бар. Төрт жыл мезгілі қоршаған ортаны төрт түрлі ғажайып күйге бөлейді. Таудан аққан өзен дауысы,асыл шөптің сыбдыры әдемі көңіл күй сыйлайды. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Оның керемет көрінісі жаныңды тебірентеді. Бұлттары мақтадай, шөптері кілемдей төселген табиғатты аялау әр

адам үшін маңызды, себебі адам да табиғаттың бір бөлшегі. Адам мен табиғат — егіз ұғым. Бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатты аялап, қорғауымыз керек. Талай ақын ағаларымыз, апаларымыз табиғатты өлеңдеріне арқау еткен:

Табиғатта сезім де, құлақ та бар,

Ренжітсең, қайғырып жылап та алар.


Дескрипторлар:

1.Мәтінді тыңдап,тірек сөздерді табады.

ҚБ « Қол шапалақтау »әдісі


2-тапсырма . Жұптық тапсырма.


Дескрипторлар:

1.Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ « Қол шапалақтау »әдісі


3 -тапсырма. Жазылым тапсырмасы.Суреттерге қарап,жыл мезгілдері туралы мәтін құрастырады.


Дескрипторлар:

  1. Мәтіндік және графиктік(кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялайды.

Шылау түрлерін қатыстырады.

ҚБ « Қол шапалақтау »әдісі

Тілдік бағдар:

Шылаулардың көпшілігі өздері қатысты сөзден бөлек жазылады және кейбір дефис арқылы жазылады. Бөлек жазылатын шылаулардың көбі кейбір грамматикалық тұлғалармен сырт жағынан ұқсас болып келеді. Кейбір шылаулар өздері қатысты сөздердің әуеніне түсіп, үндесіп, бірнеше тұлғада қолданылады. Мысалы: мен (бен, пен), қана (ғана), қой (ғой) шылаулары өзінен бұрыңғы сөздің соңғы дыбысына, -ды (-ді), -мыс (~МІС) демеуліктері өзінен бұрыңғы сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне, да (де, та, те) және ма (ме, ба, бе, па, пе) шылаулары өзінен бұрыңғы сөздің әрі соңғы дыбысына, әрі соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай түрленіп отырады. Мысалы: Шығанақ пен Олжабек соңына ала кірді. (Ғ. Мұст.) Құнанбай мен Ізгұтты алда келеді екен. (М. Ә.) Толңын да, ағыс та күшейген. (Ғ. М.)

І.Және, мен (бен, пен) шылауларының емлесі.

Және, мен (бен, пен) шылаулары бірыңғай мүшелер мен ыңғайлас мәнді сөйлемдерді байланыстырып, қайталанбай қолданылады. Сондықтан бұл жалғаулықтар байланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды.

Мен (бен, пен) жалғаулығы сырт тұлғасы жағынан түбірге қосылып жазылатын көмектес септік жалғауымен ұқсас. Оларды бір-бірінен ажыратудың жолы мынадай. Көмектес септік жалғауын сөйлемде түсіріп айтуға болмайды. Ал мен (бен, пен) жалғаулығын түсіріп айтуға да (онда жалғаулықтың орнына үтір қойылады), басқа жалғаулықпен (мысалы, және немесе да, де, та, те) ауыстырып айтуға да болады. Мысалы: Жақсымен жанас деген сөйлемді жақсы жанас деп -мен түлғасынсыз (көмектес септігінсіз) айтуға болмайды. Жақсылық пен жамандық кейін алдыңнан қайтады деген сөйлемді Жақсылық, жамандық кейін алдыңнан қайтады деп те, Жақсылық және жамандық кейін алдыңнан қайтады немесе Жақсылық та, жамандық та кейін алдыңнан қайтады деп те айтуға болады.


6-7 -тапсырма.Жазылым.

Дескрипторлар:

1.Өздеріне ұнайтын аң туралы әңгіме жазады.

2.Шылауларды орфографиялық нормаға сай жазады.

ҚБ « Қол шапалақтау »әдісі


























Сабақ соңы

2 мин

Рефлексия«Бес саусақ» әдісі арқылы жүзеге асады. (Парақшада оқушының не жазуы тиіс екені толығымен көрсетілген). Парақшаны жеке оқушы толтырады.



Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау

көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

Қауіпсіздік техникасын сақтау

Спиральділік қағидатын сақтай отырып, оқушыларға тапсырманы жеңілден күрделіге қарай түрлендіріп беру.



Бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізілді. Критерийлерге сай бағалау нақты, шынайы жүзеге асырылды.




«Тарих»,«Өзін-өзі тану», «Қазақ тілі »

пәндерімен байланыс болды.

АКТ қолданылады

Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2018
7062
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі