400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Климат қалыптастырушы факторлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлығы: климат қалыптастырушы факторларды анықтайды; Көпшілігі: климат қалыптастырушы факторларды сипаттайды; Кейбіреуі: жергілікті климатқа ғаламдық факторлардың әсерін анықтап, талдайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3. Физикалық география. Атмосфера

Мектеп: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ Мүсрепов ауданы

Калинов орта мектебі



Күні: 07.03.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Зулкарнаева Нагима Амангельдиновна

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Климат қалыптастырушы факторлар

Оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сәйкес)

7.3.2.1 климат қалыптастырушы факторларды талдайды

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: климат қалыптастырушы факторларды анықтайды;

Көпшілігі: климат қалыптастырушы факторларды сипаттайды;

Кейбіреуі: жергілікті климатқа ғаламдық факторлардың әсерін анықтап, талдайды

Бағалау критерийлері

климат қалыптастырушы факторларды біледі;

климат қалыптастырушы факторларды сипаттайды;

жергілікті климатқа ғаламдық факторлардың әсерін анықтап, талдайды

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • Климат қалыптастырушы факторлар

  • Күн радиациясы

  • тура күн радиациясы, шашыранды  радиация, жиынтық радиация, жұтылған радиация, шағылысқан радиация

  • Атмосфералық фронттар

  • Ауа массалары

  • Қысым орталықтары

Оқылым: мәтінді оқи отырып, климат қалыптастырушы факторларды зерделейді

Тыңдалым: бір - бірінің пікірлерін тыңдайды

Айтылым: карталарды, диаграмманы, суреттерді қолдана отырып, климат қалыптастырушы факторларды ауызша және жазбаша сипаттайды


Құндылықтарға баулу

Бірлескен жұмыс негізінде бірлікке, жауапкершілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Физика

Күн радиациясының түрлерін біледі

Информатика

АКТ қолдану

Алдыңғы білім

Алдынғы сыныптағы атмосфера туралы алған білімдері

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Психологиялық ахуал. Музыка ойнап тұрған сәтте оқушылар шеңберді айналып, бір-бірінің арқаларына қағаз салып, жақсы тілек жазады

Мақсаты: оқушылардың арасында психологиялық жағымды климат қалыптастыру


Топтарға бөлу. «Қоржын» әдісі

Қоржындағы асықтардың түр-түсіне қарап топқа бөлінеді. Сол әрбір түстің ішінде ерекше асық болады сол ерекше түс арқылы көшбасшысы сайланады.

Мақсаты: іс-орынын айқындау, белсенділікке ынталандыру, топтық жұмыс туралы маңызды ақпарат алу


Ақ қағаздар, маркерлер












Қоржын асық

Сабақтың ортасы






































Жаңа тақырып

Қызығушылықты ояту: ой шақыру.

  1. Ауа райы дегеніміз не?

  2. Климат деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

  3. Екі ұғымның бір-бірінен айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

Жетелеу сұрақтары арқылы сабақ тақырыбын ашу.

Сабақ тақырыбымен таныстыру. Сабақтың тақырыбынан мақсатын оқушылардың өздері құрастыру және берілген 2-слайдтағы сабақ мақсатымен салыстыру, талдау. Бағалау критерийімен танысу.

Сабақ тақырыбына байланысты терминдерді анықтау және анықтамаларын дәптерлеріне жазу.

Мақсаты: айтылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру.

Жеке жұмыс.

1-тапсырма. «INSERT» әдісі

Мәтінмен жұмыс

1. Климат қалыптастырушы факторларға сызбанұсқа құрастырыңдар.

2. Климат қалыптастырушы факторларға сипаттама жасаңдар.

3. Қазақстанның бір қаласының климатына карта-схема құрастырыңдар


Бағалау критерийлері

Дескриптор

Климат қалыптастырушы факторларды анықтай алады

климат қалыптастырушы факторлардың 1,2,3,4 ажыратып көрсетеді

Климат қалыптастырушы факторларға сипаттама беру.

1,2,3,4 фактордың сипаттамаларын жазады

Қазақстанның бір қаласының климатына карта-схема құрастыра алуы

Қазақстанның бір қаласының климатына карта-схема құрастырады.


Мақсаты: Оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша білу, түсіну, қолдану, жинақтау дағдыларын қалыптастыру.

Бағалау: Ауызша кері байланыс. (Мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы)

Мақсаты: сабақтың бастапқы кезеңінде мәтіннің мазмұнын түсіну және қолдану деңгейлерін анықтау


Жұптық жұмыс

2-тапсырма. «Кубизм» стратегиясы.

Оқушылар бір-біріне сұрақ ойлап қояды. Сұрақ келесі сөздерден басталу керек: «Түсіндір, салыстыр, қалай ойлайсың, себептері қандай» жауап бер

Мақсаты: тапсырманы орындау нәтижесінде ойлау дағдылары қалыптасады: түсіну, жинақтау, бағалау; шешімін таба алады; ойын қорытып, алған білімін жинақтайды.

Бағалау.
«Сиқырлы сызғыш» әдісі. (өзін-өзі бағалау)

Мақсаты: оқушылардың тақырыпты менгеру деңгейін анықтау.


Топтық жұмыс. «Кейс стади» әдісі

3-тапсырма. Дүниежүзінің физикалық және жауын-шашынның жылдық мөлшері карталарын салыстыра отырып, жер шарындағы жылы және суық ағыстар өтетін аймақтардағы жауын-шашынның жылдық мөлшерін салыстырындар. Айырмашылықтың себебін түсіндіріңіздер.

Мақсаты: оқушылардың қолдану, талдау дағдыларын қалыптастыру.

Бағалау. «Сэндвич» әдісі

Мақсаты: оқушылардың пікір алмасу, ой бөлісе алу дағдыларын дамыту.

Презентация










Оқулық




Оқулық

Таратпа материал



























таратпа материалдар





презентация

3 слайд



















Сабақтың соңы







«Қос шеңбер» әдісі

Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар құрастырады. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызылады. (Ішкі шеңбердегі оқушы сыртқы шеңбердегі оқушыға қарама-қарсы қарап тұруы қажет. Ішкі шеңбердегі оқушылар сағат тілі бойымен мұғалімнің белгісі бойынша бір қадам ауысып отырады).

Мақсаты: сабақ бойында алынған білімдерін бекіту.

«Анкета» әдісі

Сабақ

Мен сабақта

қорытынды

Қызықты



Қызық емес



Немқұрайлы



Мақсаты: сабақтағы оқушылардың белсенділігін анықтау.

Үй тапсырмасы: тарауды оқу, климат қалыптастырушы факторлар тақырыбына эссе жазу








Таратпа материал

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың жас ерекшеліктерін, жеке қабілеттерін ескере отырып мен саралап оқыту тәсілін қолдану арқылы «INSERT» әдісін қолдандым. Барлық оқушыларға климат қалыптастырушы факторларға сызбанұсқа құрастыру, көпшілікке климат қалыптастырушы факторларға сипаттама жасауды, кейбіреулеріне Қазақстанның бір қаласының климатына карта-схема құрастыру деген тапсырма беремін.

Оқушыларды критериалды бағалау жүйесі арқылы бағалау үшін «ауызша кері байланыс», «Сиқырлы сызғыш», «Сэндвич», «Анкета» сияқты әдістерді қолдандым. Сабақ барысында оқушылар өзара бағаланады, өз-өзін бағалайды. Топтағы жұмысты бағалайды.

Рефлексия арқылы келесі сабаққа жоспар құруды көздедім


Оқушыларға сабақ кезінде денсаулығына және қауіпсіздігіне қатер төңбейді.

Қауіпсіздік ережелерін, сыныпта тәртіп сақтау қажеттілігі жөнінде ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
1551
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі