жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Климаттың өзгеруі

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Жетісай қаласы
«№5 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Билдебекова Гулжан
Сапарбаевна
|
САБАҚ: Қазақ тілі Күні: 18.09.2017ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Билдебекова Гүлжан |
|||||||
|
Сынып: 7 «А» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||
|
Бөлім атауы |
Ауа райы және климаттық өзгерістер |
|||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Климаттың өзгеру себептері |
|||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
7.О3.Қазақша ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату. 7.ӘТН1. Шылаулардың ерекшеліктерін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу. |
|||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушылар климаттың өзгеру себептері жайлы бейнематериалдың құрылымдық және жанрлық ерекшеліктеріне сай талдап, ондағы көтерілген мәселені анықтауға арналған нақтылау сұрақтарын құрастырады. |
|||||||
|
Бағалау критерийлері |
Жазылым бойынша:
|
|||||||
|
Тілдік дағдылар |
Оқушылар тақырыпқа қатысты шылау сөздерді еске түсіреді, оларды оқылымда ұтымды қолданады Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша, болашақта, ғалымдардың пайымдауына, зерттеулерге сүйенсек |
|||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
|
|||||||
|
Пәнаралық байланыс |
География пәні |
|||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Ғаламтордан бейнематериал көреді, сонымен қатар оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады. |
|||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||||||
|
Сабақтың басы 10 мин. |
Оқушылармен сәлемдесу. Кезекшімен сұхбат. Үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушылар шылау жайлы білімдерін сұрақ қою арқылы тексеріп, бір-біріне кері байланыс береді. Оқушы назарын сабаққа аударту мақсатында, «Климаттың өзгеру себептері» тақырыбында бейнематериал көріп, сабақтың тақырыбына болжам жасайды. https://www.youtube.com/watch?v=xMslLySBQUI (Save earth save environment) 2:02 минут ЖЕТЕЛЕУШІ СҰРАҚТАР:
|
https://www.youtube.com/watch?v=xMslLySBQUI (Save earth save environment) |
||||||
|
Сабақтың ортасы 5мин 20 мин |
Шылаудың үндестік заңына сай тіркесуі жайлы түсіндіру
Кейбір шылаулар толық мағыналы сөзге жалғаулар сияқты үндестік заңына сәйкес тіркеседі. Мысалы, да, де, та, те шылауы буын үндестігі мен дыбыс үндестігінің ілгерінді ықпалына сәйкес; мен,бен, пен шылауы дыбыс үндестігінің ілгерінді ықпалына сәйкес тіркеседі. Мен, бен, пен шылауы көмектес септік жалғауымен сырт тұлғасы жағынан ұқсас, алайда жазуда және мағыналық айырмашылығы бар. Көмектес септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. 1-тапсырма. Оқылым мәтінінен шылау сөзі бар 2-3 сөйлемге морфологиялық талдау жасату. Оқушылар тапсырманы орындағанына қарай «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс береді.
2-тапсырма. Бейнефильмді көрсету Ауа райы мен климатқа байланысты бейнефильм көрсетіледі. Тек ескеретін жағдай бейнефильмді көрсеткенде оның дауысын оқушылар естімеуі керек. Тек репортаждағы қимылды, іс-әрекеттерді ғана көреді. 3. Жеке жұмыс. Жазылым тапсырмасы: Деңгейлік тапсырма 1-деңгей. Бейнефильм бойынша нақты 2-3 мәлімет келтіреді. 2-деңгей. Шылауларды қатыстырып, бейнефильмдегі ауа райы туралы 3 сөйлем жазады. 3-деңгей. Бейнефильмге репортаж мәтінін жазады. Жазылым тапсырмасы: Оқушылар осы дыбыссыз бейнефильмді көргеннен кейін осыған журналист ретінде репортаж мәтінін жазады. Оны былай түрлендіріп беруге болады: «Сіз бейнефильмді көзбен көрген жуналистсіз. Жұмыс орныңызға келдіңіз де түсірген кадрларыңызға мәтін жазуға отырдыңыз. Жазуды бастаңыз!» Ескерту: Жазылым барысында шылауларды қатыстыра отырып жеткізіңдер. «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша жазғандарын сынып алдына шығып оқып береді. Оқу барысында қандай шылауларды пайдаланғанын талдап береді. Оқушылар бір-бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс береді..
Бағалау критерийлері: 1. Репортаж мәтінін жаза алады; 2. Жазғанын түпнұсқамен салыстырады; 3. Шылауларды үндестік заңына сай тіркестіре алады. |
Оқулық Слайд «Ыстық орындық» |
||||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Үй тапсырмасын беру. Кері байланыс
|
|
||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||
|
Саралау – Сіз оқушыларға Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||||||
|
Саралауды ментальды (концептуалды) карта жасауда оқушыларға қолдау көрсетіп, бағыт беру арқылы жүзеге асырамын. |
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін Әр оқушының дәптеріне бүгінгі жасаған жұмысы бойынша смайлик салып, не нәрсеге көңіл аудару керек екенін жазамын |
Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға келесі мүмкіндіктер болды: оқушы өзі ойланып, идея ұсынады, алған ақпараты бойынша өмірлік жағдаяттармен байланыстырып қорытынды жасады |
||||||
|
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
|
Сабақтың ең маңыздылығы ол – мақсат бойынша тақырыпты игерту, жетістік критерийлері арқылы оқушы біліміне білім қосуына ықпал жасау. Ол үшін ақпараттарды тез игеріп, нені білу керектігіне бағыт беріп отыру. Оқушылар өте белсенді қатысты. Жоспарыма сәл өзгерістер енгіздім. |
||||||||
|
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Оқушылардың үй тапсырмасын шығармашылықпен орындағаны, 2: Бірін-бірі бағалай алуы тиімді өтті. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Тапсырманың бұдан да сыни ойлантатын тұсы болғанда ықпалы зор болар ма еді. 2: Бағалаудың өзге түрлерін ойлап табу керек сияқты болды. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? Деңгейлік тапсырманың бірін таңдап жазуда бір-екі оқушы үлгере алмай, қосымша сабақта аяқтады.Келесіде ол оқушыларға жеке тапсырма даярлау керек деп жоспарлап отырмын. |
||||||||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген