Материалдар / Климаттық белдеулер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Климаттық белдеулер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жер шарының климаттық белдеулері. Климат қалыптастырушы факторлардың әсер ету жағдайын сипаттайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
698
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Климаттық белдеулер

Оқу мақсаттары : 8. 3. 2. 3. Климаттық белдеулерді талдайды

Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жер шарының климаттық белдеулерін біледі.

Басым бөлігі: Климат қалыптастырушы факторлардың әсер ету жағдайын сипаттайды.

Кейбірі: Негізгі және өтпелі климаттық белдеулерді атайды, ерекшеліктерін сипаттайды, кескін картаға түсіреді.

Бағалау критерийі • Жер шарының климаттық белдеулерін біледі;

Климат қалыптастырушы факторлардың әсер ету жағдайларын сипаттай алады;

Негізгі және өтпелі климаттық белдеулерді ажыратады және картадан көрсете алады;

Тілдік мақсаттар Оқылым – айтылым: Мәтінді оқи отырып, климаттық белдеулердің ерекшеліктерін және орнын картадан көрсетеді.

Тыңдалым – жазылым: Ойларын ортаға салады, бір - бірінің пікірін тыңдайды, кескін картаға климаттық белдеулерді түсіреді.

Пән бойынша сөздер мен терминдер: климаттық белдеулер, климат түзуші факторлар

Құндылықтарға баулу: Оқушылар топтық жұмыста достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары, өмір бойы оқып - үйрену.

Пәнаралық байланыс Тарих – жер бедерінің қалыптасу жағдайы;

Биология – негізгі және өтпелі климаттық белдеулердегі жануарлар мен өсімдіктер.

Алдыңғы білім Атмосфераның құрамын сипаттайды;

Температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын - шашын, ылғалдылығын зерттейді.

Жоспар

Сабақтың басы

2 минут Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу. Топ ережесін еске салу.

«Досыма сыйлық»атты шаттық шеңберін құрады:

Конвертке салынған субэкваторлық, субтропиктік, субарктикалық деген қима тапсырмаларды бір – біріне жақсы лебізін жеткізе отырып береді. Оқушылар өз топтарына топтасып отырады.

1 – топ «Субэкваторлық»

2 – топ «Субтропиктік»

3 – топ «Субарктикалық»


«Миға шабуыл» әдісі бойынша бір - біріне сұрақ қою арқылы үй жұмысын қайталау сұрақтарына жауап береді.

Сабақтың ортасы

27 минут Тақырыпқа байланысты сурет көрсету арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыта, жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Әрі жаңа тақырыпқа қатысты жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушының алдыңғы білімін жинақтау.

1 – тапсырма (топтық жұмыс)

«Дана үкі» әдісінде оқушыларға оқулықтағы мәтін бөлініп беріледі, мәтінді оқып, топ ішінде терең талқылайды, дәптермен жұмыс жасайды және ортаға шығып әр топтың дана үкісі өздерінің мәліметтерімен бөліседі.

1 – топ. Климаттық белдеулер атын атап, белдеулердің географиялық орналасуын анықтау.

2 – топ Экваторлық, тропиктік климаттық белдеулердің географиялық орнын, ауа массаларын, климат ерекшеліктерін анықтау.

3 – топ Қоңыржай, арктикалық климаттық белдеулерінің ауа массаларын, климаттық ерекшеліктерін анықтау.

Дескриптор

Климаттық белдеулерді атайды, белдеулердің географиялық орнын анықтайды.

Экваторлық, тропиктік климаттық белдеулердің ауа массаларын, климат ерекшеліктерін атап картадан көрсетеді.

Қоңыржай, арктикалық климаттық белдеулердің тұрақты немесе маусымдық желдерінің бағытын анықтайды, картадан көрсетеді.


Өзара топтық бағалау:

«Түртіп алу» арқылы берілген жауаппен өзін бағалайды.


2 – тапсырма (жұптық жұмыс)

«Ақпарат жинау» әдісі арқылы оқушылар дүниежүзінің климаттық картасын пайдаланып, климат қалыптастырушы факторлардың әсер ету жағдайын сипаттап, жауын - шашын мөлшерін, температурасын анықтау. Осылайша оқушылар «климатология», «негізгі климаттық белдеу», «өтпелі климаттық белдеу», «теңіздік және континенттік климат» терминдерінің анықтамасын айтады.


Дескриптор

Климат қалыптастырушы факторлардың әсер ету жағдайын сипаттайды.

Жауын - шашын мөлшерін анықтайды.

Температураларын көрсетеді.

Климаттық факторларды біледі, оларды талдайды.

Термин сөздерге анықтама береді.


Өзін - өзі бағалау:

«Қошемет» көрсету арқылы бағалайды.


3 – тапсырма (топтық жұмыс)


«Бір минуттық әңгіме» әдісі арқылы оқушылар негізгі жәнеөтпелі климаттық белдеулерді атау, ерекшеліктерін сипаттау, қандай градустық ендікте жатқанын анықтау және кескін картаға түсіру.


Дескриптор

Климаттық картаны, физикалық картаны және қосымша деректерді пайдаланып, негізгі және өтпелі климатық белдеулерді көрсетеді, атайды.

Негізгі және өтпелі климаттық белдеулердің ерекшеліктерін сипаттайды.

Барлық белдеудің қай градустық ендікте жатқанын анықтайды.

Кескін картаға түсіреді.


Қалыптастырушы бағалау:

«Жылы лебіз» арқылы бағалау, «тамаша, жарайсың!» «алғыр екенсің, керемет!», «сенің қолыңнан бәрі келеді, жақсы!»

Сабақтың соңы

5 минут Кері байланыс

«Круиз» әдісі арқылы оқушылар сабақта өздерінің қаншалықты деңгейде білім алғандығын әрбір

«түсініксіз арал»,

«белгісіз арал»

«көңілді арал»

«керемет аралы»

«шабыттану аралы»

«қанағат аралына» сапар шегу арқылы білдіреді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!