Тақырып бойынша 29 материал табылды

КМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Үшбұрыштардың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы (қайталау)
Материалдың қысқаша нұсқасы

fh

7-сыныптағы геометрия курсын қайталау

Педагогтің аты-жөні:

Хасанова К.З

Күні:

11.09.2026ж

Сынып: 8-Д

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Үшбұрыштардың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы (қайталау)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.1.1.12 үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу;

Сабақтың мақсаты:






(Негіздеме: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың ІІ,ІІІ, ІV отырыстарында берген тапсырмасы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №123 бұйрығы)

Құндылықтар:

1. Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын ажырату

2.Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын есеп шығаруда қолдану

3. Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларына қорытынды жасау


Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Еңбекқорлық: тапсырмаларды мұқият орындап, есеп шығаруда шыдамдылық танытады.

Кәсіби білік: дәл есептеу, логикалық ойлау және математикалық тілде дұрыс жауап беру арқылы кәсібилікке қадам жасайды.

Апта дәйек сөзі:

Білім - қымбат қазына, қанағат тұтпа азына

Сабақ барысы:

Уақыты/

кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-

тыру кезеңі


5мин

Жұмыс түрі: топтық
Әдіс: «Сөйлемді жалғастыр» айдары.
оқушылардың бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлауына жағдай жасап, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруды ұйымдастырады. Арнайы ұяшықтар арқылы оқушылар құндылықтарды даралап көрсетеді. 

-сабақтың мақсатымен таныстыру

Жасанды интеллект көмекшісін тыңдап, құндылықтарға қатысты сөйлемдерді жалғастырады.

-Еңбекқор адам тапсырманы орындағанда ...
- Мен есеп шығару барысында еңбекқорлық таныту үшін ...

- Кәсіби біліктілігі жоғары адам ...

-Есеп шығару кезінде дәлдік сақтау ...

-Мен өз білімімді жетілдіру үшін ...

Сабаққа белсенді қатысуға дайындалады.

Жасанды көмекші арқылы оқушылар өздерін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалауы


Google AI studio Veo 3 жасанды интеллектісі арқылы жасалынған бейне



Сабақтың

басы

10 минут

Өткенді қайталау тапсырмасы

Жасанды интеллект (ЖИ) блогы

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды; көмек керек болса мұғалім көмегіне жүгінеді

Мактау мадақтау арқылы бағалау:


Жарайсың!

Өте жақсы!

Жақсы!

Керемет!

https://терминыгеометрия.my.canva.site/cavp6amhejcndgwy


Сабақтың

ортасы


25минут

1 . А деңгейлі есептер

«Кім жылдам?» әдіс тәсілі

ABC үшбұрышында AD – медиана,

BC = 16 см.

Табыңдар: BD және DC.

Жауабы:
BD = DC = 8 см.

Медиананың анықтамасын еске түсіріп ,қарсы қабырғаны тең екі бөлікке бөлетінін анықтап,BC қабырғасын екіге бөліп, BD және DC кесінділерінің ұзындықтарын есепте йді . Жауабын жазады.

Дескриптор:

-Оқушылар жеке орындап болған соң дайын жауаптар мен дескрипторлар бойынша бағалайды.

-Мұғалім оқушылар жұмысын бақылап, оларға кері байланыс береді.


Үшбұрыш элементтерінің дайын сызбалары, үлестірме карточкалар, интерактивті тақта, геометрия оқулығы


В деңгейлі есептер

«Ойлан» әдіс тәсілі

ABC үшбұрышында CH – биіктік.

Табыңдар: CHB.

Жауабы:
CHB = 90°.


-Биіктіктің анықтамасын еске түсіріп,биіктіктің төбеден қарсы қабырғаға түсірілген перпендикуляр екенін анықтап,CHB бұрышының мәнін табады;

-Жауабын математикалық тілде жазады.

Дескриптор:

-Биіктіктің анықтамасын тұжырымдайды;

-Перпендикуляр түзулер қасиетін қолданады;

-Бұрыштың мәнін дұрыс анықтайды.

Жеке жұмыс парағы, сызбалар жинағы, флипчарт, маркер, бағалау парағы



С деңгейлі тапсырмалар

«Дәлелде және түсіндір»

(оқушы өз шешімін негіздейді).

Берілгені:

BC = 24 см;

A = 80°.

Табыңдар:

  1. BD және DC кесінділерінің ұзындықтарын;

  2. BAE және EAC бұрыштарының шамаларын;

  3. AHC бұрышының шамасын.

Жауабы:

  1. BD = DC = 24 : 2 = 12 см;

  2. BAE = EAC = 80° : 2 = 40°;

  3. AHC = 90°.

Нәтиже бойынша саралау:

Қолдау көрсету, нәтиже және тапсырманың күрделілігі бойынша саралау жүзеге асырылады. Қажет ететін оқушыларға анықтамалар мен сызбалар ұсынылады, ал қабілеті жоғары оқушылар бірнеше геометриялық қасиеттерді байланыстырып, шешімін дәлелдейді және қорытынды жасайды.

Берілген есептің шартын мұқият оқиды;

-Медиана, биссектриса және биіктіктің анықтамаларын еске түсіріп,медиананың қарсы қабырғаны тең екі бөлікке бөлетінін қолданып, BD және DC ұзындықтарын табады.

-Биссектрисаның бұрышты тең екі бөлікке бөлетінін қолданып, BAE және EAC бұрыштарының шамаларын есептейді.

-Биіктіктің қарсы қабырғаға перпендикуляр екенін қолданып, AHC бұрышының шамасын анықтайды;

-Шешу жолын түсіндіріп, өз жауабын дәлелдеп,қорытынды жасап, жауабын математикалық тілде сауатты жазады.

Дескриптор:

-медиананың қасиетін қолданып, BD және DC ұзындықтарын табады;

-биссектрисаның қасиетін қолданып, бұрыштарды есептейді;

-биіктіктің перпендикуляр екенін анықтайды;

-барлық есептеулерді дұрыс орындайды;

-жауабын математикалық тілде сауатты жазады.







Күрделендіріл ген есеп жазылған жұмыс парағы, презентация, интерактивті тақта, геометриялық модельдер, постер


2.Жұптық жұмыс

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Мұғалім оқушыларды тапсырманы мұқият орындауға, жұптық жұмыста белсенді қатысуға және қиындықтарға қарамастан есептің шешімін табуға ынталандырады.. Әр тапсырманы соңына дейін орындау, қателерін түзету және дұрыс жауапқа ұмтылу еңбекқорлық құндылығын қалыптастырады.


  1. AD – медиана, BC = 20 см. BD = ?

  2. AE – биссектриса, A = 50°. BAE = ?

  3. CH – биіктік. CHB = ?

  4. DE – орта сызық, BC = 14 см. DE = ?

Диалог және қолдау арқылы саралау. Оқушылар жұпта бір-біріне түсіндіреді, қабілеті жоғары оқушы серіктесіне бағыт береді.

- Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі және орта сызығының анықтамаларын еске түсіріп, әр элементтің қасиеттерін анықтап,есептерді жеке орындайды;

-Жұбымен жауаптарын салыстырып, талқылайды;

- Өз шешімін сынып алдында түсіндіріп,дұрыс жауапқа қорытынды жасайды.


Оқушылар бір-біріне көмектесіп, өз ойларын дәлелдеп түсіндіру арқылы жауапкершілік пен табандылық танытады Бірлесіп жұмыс істейді, жауапкершілік танытады, өз ойын дәлелдеп жеткізеді

Дескриптор:

-Медианаға байланысты есеп шығарады;

-Биссектрисаға байланысты есеп шығарады;

-Биіктікке байланысты есеп шығарады;

-Орта сызық қасиетін қолданады.

Жұптық жұмыс парағы, Интерактивті тақта немесе презентация;


Геометриялық фигуралардың дайын модельдері;


Маркер, сызғыш, қарындаш;




3.Функционалдық сауаттылыққа есеп шығару

«Ең қысқа құбыр» (Биіктікті табу)

Саябақ жұмысшылары суару жүйесін орнату үшін C төбесінен қарсы жатқан ABқабырғасына ең қысқа су құбырын тартты (яғни биіктік жүргізді).

Сұрақ: Гүлзардың ауданы S = 216 м^2, ал AB = 18 м екенін біле отырып, осы су құбырының ұзындығы неше метр болатынын есептеп тап.

Шешуі:

Үшбұрыштың ауданын табу формуласына берілген мәндерді қояды:

Жаубы:24м


Саралау (қолдау көрсету арқылы):
Қажет ететін оқушыларға үшбұрыштың аудан формуласы, сызбасы және есепті шешуге арналған жетекші сұрақтар ұсынылады. Мұғалімнің бағыттаушы көмегі арқылы оқушылар биіктікті табу жолын анықтайды.

-Есептің шартын мұқият оқып,үшбұрыштың ауданы мен биіктігі арасындағы байланысты анықтап, үшбұрыштың аудан формуласын еске түсіреді;


-Берілген мәндерді формулаға қойып, биіктікті табу үшін теңдеу құрады және шешеді;


-Су құбырының ұзындығын есеп,

шешу жолын түсіндіріп, жауабын дәлелдейді.Нәтижені өмірлік жағдаятпен байланыстырып, қорытынды жасайды.

Оқушылар тапсырманы орындау барысында дайын дескрипторлар арқылы максимал 6 баллдық жүйемен бағаланады:

-Медиананың қасиетін дұрыс қолданғаны үшін — 1 балл;

-Биссектриса теоремасын пайдаланғаны үшін — 1 балл;

-Биіктікті аудан формуласы арқылы дәл есептегені үшін — 2 балл;

-Элементтердің қолданылуын өмірмен байланыстырып талдағаны үшін — 2 балл.

Мұғалім оқушылардың жұмысын «кілт» (дайын жауап) арқылы тексеріп, парақшаларына нақты балл қою арқылы кері байланыс береді.






МОДО, TIMSS, PISA тапсырмаларының жинақтары және әдістемелік материалдары.

Қорытынды жұмыс


«Геометрия жарысы.» ойын ұйымдастыру

Жасанды интеллект (ЖИ) блогы

6 оқушы қатысады. Әр оқушы кезекпен сұрақтарға жауап беріп, дұрыс жауаптары үшін балл жинайды. Ең көп балл жинаған оқушы жеңімпаз атанады.


Қарқын бойынша саралау:

Сұрақтарға жауап беру барысында кейбір оқушылар геометриялық ұғымдардың анықтамаларын айтып жауап береді, ал жылдам әрі қабілеті жоғары оқушылар есептің шешу жолын түсіндіріп, өз жауаптарын дәлелдейді және қосымша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі қарқынмен жұмыс жасап, балл жинайды.

-Кезек бойынша сұрақты таңдап,берілген уақыт ішінде ойланып, жауап береді;

-Жинаған ұпайларын есептеп отырады;

-Ойын соңында өз нәтижесін бағалап, қорытынды жасайды.

«Ұпай жинау» әдісі

Дұрыс жауап – 10 балл


https://терминыгеометрия.my.canva.site/cavya0vmf87w1p32


Сабақтың

соңы

5

минут Рефлексия.


Тақтаға нысананың (мишень) суреті ілінеді.

Оқушылар сабақ соңында өз есімдері жазылған стикерлерді нысананың тиісті аймағына жабыстырады:

-Ортасына (10-дық): «Тақырыпты толық түсіндім, есептерді өзім шығара аламын».

-Екінші шеңберге (5-дік): «Медиана мен биіктікті түсіндім, бірақ биссектриса теоремасында сұрақтарым бар».

-Сыртына (0): «Есептерді шығару маған қиын болды, көмек керек».

Сабақты қорытындылау:

Оқушы сабақ бойы орындаған тапсырмаларын (анықтамалар, гүлзар есебі, формулалар) еске түсіріп, өз білімінің деңгейін

-толық түсіндім

-ішінара түсіндім

-түсінбедім

іштей саралайды.

Үйге тапсырма:№12

1-10 баллдық жүйеде бағаланады.


мишень суреті (плакат), стикерлер немесе түрлі түсті белгілер.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12