Материалдар / Кмж 2 сынып дене ш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кмж 2 сынып дене ш

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге керек қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2020
479
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Педагогикалық жаңашыл көзқарас



Нұр құйған шәкірттің санасына,

Әр үйдің үміт артар баласына

Көрінер шуақты күн, мейірімді жүз,

Білімді ұстаздық данасында

дегендей біз жас ұрпақтың білімді, жан-жақты жетілген тұлға болып қалыптасуына еңбектенуіміз қажет.

«Білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, еліміздің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдістемелік құжат болып табылады» деп көрсетілген.

Адам тәрбиесінің жаңа методологиясы екі сатыдан тұрады.

Біріншісі, биологиялық индивид делініп, одан жүрек тәрбиесі жүйе қалыптасады.

Екіншісі «сананы жетілдіру», одан ақыл тәрбиесі қалыптасады.

Адам тәрбиесінің осы екі жүйесінен оның жеті түрлі негізгі тек физиологиялық кезеңдерге сүйеніп жасалады. Осы ілім ұсынған жаңа технология арқылы Абай ғұлама армандаған «толық адам нұрлы, ақылды» келешек ұрпаққа енші болады.

Мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне оқытуда білім беру реформасы табысының басты өлшемі – білім мен біліктілік, әлемнің кез-келген елінің қажетіне жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі қажет екенін бәріміз білеміз.

Х1Х ғасырда дүниежүзілік өркениеттілікке қол жеткізу жолында білім берумен қатар тәрбие ісін гуманистік дәрежеге көтеру мақсаты – әрбір ұстаздың міндеті.

Оқулықты басып шығарған педагог ғалымдар болашақта мынаны ескерсе деп ойлаймын. «Қазақ тілі» оқулығының /авторлары Асыл Ұ, Жұмажанова Т, Алматы, «Мектеп» баспасы, 2006ж-256 бет/ өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретуде мазмұн сапасында біршама қиындықтар туғызады. Оқулық «таза қазақ тілінде білім беретін мектепке» арналған оқулықтың көшірмесі сияқты. Соншама бай ұлттық тарихымызды жүйелеп оқытсақ, білім сапасын заман ағымына сай жүргізуге, жаңа білім стандартына сай, оқушы меңгеруіне жеңіл болар еді.

Қазақстан Президентінің үш тұғырлы тіл жөніндегі тапсырмасын басшылыққа алып жаңа технология әдістемесін насихаттаушы да, оқушымен үлкен жауапкершілікпен, шеберлікпен, шығармашылықпен еңбек ететін де – ұстаз қауымы. Ұлтына, нәсіліне дініне қарамастан, қай республикада тұрмасын, сол елдің мемлекеттік тілін үйренуге әрбір азамат міндеті.

Білімсіз елдің ертеңі қараң екендігі ертеден белгілі болғандықтан Елбасы білім беру мәселесін назардан тыс қалдырмайды.

Жалпыхалықтық мәселе – мемлекеттік тіл екендігіне назар аударған Елбасы: «Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың бағдарламалары мен әдістемелерін енгізу қажет. Қазақ тіліндегі оқулықтарды басып шығарып, және осы бойынша тендерді жеңіп алатын бір-екі баспа ғана бар. Қазақ тіліндегі кітап саудасын жақсарту үшін бәсекелестік болуы тиіс емес пе? Ал біздің оқулықтарды қарап отырсаңыз, керісінше, қазақ тілінен безуге жол беретіндей»

«Қазақтар бір-бірімен қазақша сөйлессін деп мәселе көтердік. Әкесі мен баласы үйде қазақша сөйлеспесе, мектеп пен жоғары оқу орнында қазақша оқытпаса, ол баладан «қазақша тіл біл!» деп қалай сұраймыз. Оның жазығы не? Сондықтан да мемлекеттік тіл мәселесі – жалпыхалықтық іс» дейді Президент .

Тілтаным мен дүниетаным тұтас тілдік, философиялық ұғымдар.

Ұлт тілі мен ұлт ойы да өзара біртұтас, бір-бірімен тығыз байланысты. Ал тіл мен ойлау – сол ұлттық өкілдеріне тән ойлау жүйесін бере алады. Қазақ тілін оқытуда топтық, блоктық, деңгейлік жүйелерді үйлестіріп қолданамын. Жылдар бойы тәжірибе көрсеткендей іс нәтижесінде оқушының білім сапасы молая түседі, тәрбиелік санасы толысады, пәнге қызығушылығы артады, жан-жақты ізденуге мүмкіндік туады.

Топтау әдістерінде оқушыны білім деңгейлеріне қарай бөлуге, үздіктер, жақсы меңгергендер, орташа және үлгерімі төмендер.

Бұл әдістің тиімділігі сол, оқушылардың бір-біріне достық қарым-қатынастары артады. Белсенділік қабілеті артып, бір-бірлеріне бар көмегін көрсетуге бейім тұрады. Оқушының өз бетінше ізденісі туындайды, оқулықпен жүйелі жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.

Білімін бағалай білуге мүмкіндік туады. Блоктық жүйеде әр оқушыға жеке бірнеше тапсырмалар дайындалады, оқушыда ерік-жігерін өз еркіне бағындыратындай мүмкіндік туады. Білім өз өміріне қажет екеніне көзі жетеді.

Жеке тапсырмалар сұралады. Бұл сабақты өзіндік жұмыс, бақылау жұмысы, сайыс сабағы, тақырыпты қорытындылау сабағы, педагогикалық шеберхана сабағы, тестік жүйе, т.б. сабақтар түрінде өткіземін.

Блоктық жүйенің тиімділігі сол, оқушы бөлімді толық меңгеруіне мүмкіндік туып, тек баға үшін емес, білімді толық меңгеруге көзі жетеді де, оқуға, түсініп оқуға ұмтылады.

Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында болғандықтан, егемендік алған жаңа даму кезеңінде, оның дүние жүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мәдени қатынастардың қалыптасуы үшін, мемлекеттік тілдің рөлін көтеруді қажет етеді.

Педагогикалық жаңашыл көзқараспен әр сабаққа жаңа ізденіспен келіп, жаңашыл еңбекке ұмтылайық, ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді сезініп, білімді де білікті шәкірт даярлауға атсалысайық, деймін әріптестеріме.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!