Ортаңғы «Ақ ерке» тобындағы
ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің
конспектісі
Күні: 25.11.2021ж.
Білім беру
саласы: Қатынас
Таным
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Көркем әдебиет
Құрастыру
Тақырыбы:
«Шалқан» (орыс халық
ертегісі)
Мақсаты: Балалардың үлкендер еңбегін
құрметтеуге, отбасында бір-біріне көмектесуге, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу. Балаларды әдеби киіпкерлердің
әрекеттерін бақылауға жаттықтыру. Жүріс-тұрысын талдауға,оларға
қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге
үйрету. Балалардың тіл байлығын
арттыру.
Қажетті көрнекі
құралдар: атрибуттар,хрестоматия.
Қостілділік
компонент: шалқан-репка, немере
қыз-внучка.
Ұйымдастырылған оқу
қызметі.
І Ұйымдастыру
кезеңі.
Шаттық
шеңбері:
Арайлап таң
атты
Алтын сәуле
таратты
Қайырлы таң
достарым
Қайырлы таң
апайлар
Балалар шеңбер бойына тұрып
орындайды.
II Негізгі
бөлім:
Слайдпен жұмыс Күз
туралы.
Жұмбақ жасыру.
Жер
астында жез қазық,
Жеуге
болар ас қазық.
(Сәбіз)
Қалың
киімді ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады.
(Пияз)
Үстіне
тігіп көк шатыр,
Астында
қызғылт дәу жатыр.
(Қызылша)
Бұл не деген көп
киім,
Жетпіс қабат көк
киім.
Жаңбыр одан
өтпейді,
Қабат-қабат тоңы
бар,
Түймелеуге
жетпейді.
(Орамжапырақ)
Тақпақ
атамыз:
Ерасыл:
Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз
Зарина:
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Жел тынымсыз гуілдеп!
Злата:
Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып!
Денис:
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.
-Балалар, бүгін біз ашық оқу
қызметінде «Шалқан»ертегісін қоямыз.. Шалқан үлкен болып өсіпті ата
оның желегінен ұстапты,тартыпты-тартыпты, ата кемпірін
шақырыпты.
Әже атаның белбеуінен ұстап
тартыпты- тартыпты тартып суыра алмапты, көмекке немере қызын
шақырады, күшігін, мысығын, тышқанын шақырып барлығы тартып суырып
алыпты.....
Жақсы бала еңбекшіл
Ер
азамат болады.
Қиындықты жеңсе кім,
Құшағы гүлге толады.
Еңбекшіл осындай
Болайықшы,досым-ай.
Рөлге бөлініп сахналайды.
.Сұрақ-жауап арқылы
әңгімелеу.
-Балалар қандай кейіпкерлерді
естеріңде сақтай алдыңдар?
-Шалқан қайда
өседі?
-Атай көмекке кімді
шақырады?
-Әжей кімді
шақырады?
-Немере қыз кімді
шақырады?
-Күшік кімді
шақырады?
-Мысық кімді
шақырады?
-Сонымен, бәрі бірігіп не
істейді?
Сергіту
сәті:
Тербеледі
ағаштар
Алдымнан жел
еседі
Кіп кішкентай
ағаштар
Үп-үлкен боп
өседі:
-Ендеше,балалар,осы ертегідегі
кейіпкерлердің егіп өсірген шалқанын фетрдан
құрастырайық
IIIСабақты
қорытындылау.
Қазақтың мақал-мәтелдерін
айтқыза отырып, оқу қызметін аяқтау. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
демекші, бірліктің арқасында шалқанды жұлып алды. Құрастыру
сабағында балалар шалқанды тез және жақсы құрап шығарды.балаларды
мактау
Қош сау болыныздар апайлар
балалар,
.
КМҚК «Салтанат»
бөбекжайы
Ашық
сабақ
Ортаңғы «Ақ ерке»
тобы
Білім беру саласы:
« Қатынас
Таным»
Пән: «Көркем әдебиет
Құрастыру»
Тақырыбы:
«Шалқан»
Тәрбиеші: Муканова
Ж.Е
2021-2022 оқу
жылы
Бекітемін
КМҚК
«Салтанат»
бөбекжайы
меңгерушісі: А.А.
Баймбетова__________
Ашық
сабақ
Ортаңғы «Ақ ерке»
тобы
Білім беру саласы:
« Қатынас
Таным»
Пән: «Көркем әдебиет
Құрастыру»
Тақырыбы:
«Шалқан»
Тәрбиеші: Муканова
Ж.Е
2021-2022 оқу
жылы

Тақырыбы: Тұңғыш Президент
және менің Отаным.
1- жүрг.
Бар әлемге шын танылдық міне,
біз,
Елін сүйген Елбасы деп
білеміз.
Тең аталып Қазақстан -
Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр
егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш
жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға
естіліп.
Елбасыны құрметтейтін
ерекше
Армысыздар, ақ пейілді
көпшілік!
2 -жүрг.
Азаттық пен елге қонды тосқан
бақ,
Қазақ елін мойындауда дос
таңдап.
Елбасының еңбегімен
нұрлана
Қазағымның мерейі тұр
аспандап.
Елі үшін олжа салып
қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық,
қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын
көпшілік
Елбасының құрметіне
жиылған!
1
жүрг. Қазақстан
Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты
жиын ашық деп жариялансын. ҚР Гимні
орындалсын.
2-
жүрг. Қазақстан Мемлекетінің
Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз бөбекжай
меңгерушісі Баймбетова А.А сөз
беріледі.
1-жүрг. Келесі сөз кезегі бөбекжай әдіскері
Айтпаева Ж.К. сөз
беріледі.
1-жүрг.:
Ел тынысын тереңінен танып
кең,
Шарапаты бар адамға дарып
тең.
Елбасының есімі бұл
тарихта
Қалар анық өшпес алтын
әріппен.
Жүргізуші.
Қымбатты бүлдіршіндер, Сіздер, бақытты
заманның бақытты бүлдіршіндерісіздер. Қазақ елі өз тұңғыш
Президентін сайлады. Бейбіт ел көгінде Елбасымыздың өзі
мәтінін жазған Әнұранымыз шарықтап , Көк байрағымыз
қалықтады, Елтаңбамыз бар мемлекет атандық. Осы бағытта мен сізге
сөзжұмбақ дайындаған болатынмын. Кәне, тыңдап
көрейік.
1. Қазақстанның тұңғыш Президентінің
аты - жөні.
2. Қазақстанның қазіргі Президентінің
аты - жөні.
3.Рәміздерді
атайық
4. Әнұранның авторы
кім?
5.Қазақстанның бас қаласы қалай
аталады?
6.Бәйтерек қай қалада
орналасқан?
7.Тұңғыш Президентіміздің жұмыс орны
қай қалада , қалай
аталады?
8.Қазақстанда қандай ұлт өкілдері
тұрады?
9. Қазақстан елінің Көк Байрағында ненің
суреті бейнеленген?
10. «Көк Тудың желбірегені»әнінің бір шумағын
орындап бер
11. «Атамекен» әнінің бір шумағын
орындап бер.
12.Қазақ елі туралы тақпақ
оқы
13. Қазақ халқының бойындағы ең асыл
қасиеттерді ата
Ән. «Көк Тудың желбірегені»
(Барлық бала бірге
орындайды)
1-бала.
Қазақ елі
–Қазақстан
Болашаққа үн
қосқан
Жақсы күнге
жетелер
Елбасым менің
–
Назарбаев Әбішұлы
Нұрсұлтан!
2-бала.
Елбасым бар халқым өзі
сайлаған
Бар үмітін елбасына
арнаған
Бүгін міне сол үміттер
ақталып,
Орындалды алдан күткен ақ арман!
3-бала.
Елбасым менің Нұрсұлтан
Әбішұлы
Қазағымның өзі сүйген адал
ұлы
Желбіреп көкте көкбайрағым
қалықтап,
Елімнің бүгін Биіктеді
шоқтығы
.
4-бала.
Менің елім-Қазақстан құт мекен
Бүкіл әлем бізге қарап көз
тіккен
Елбасымыз Нұрағамның арқасы
-
Әрбір таңды қарсы алсақ
жеңіспен!
5-бала.
Менің елім - Қазақстан құт
мекен!
Арнаймын жыр өзіңе шын
жүректен!
Елбасымыз Нұрағамның
арқасы
Елім бүгін көрінсе асқар
биіктен!
6-бала
Менің тұңғыш Президентім
–