400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көбейту жəне бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған білім бағдарламасы бойынша жасалған сабақ жоспары.3-сыныптың қазақ тілі пəнінен жазылған.Жас мамандар өздерінің ашық сабақтарында қолданады деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Көбейту және бөлу

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпы мақсаттар

1.Білімділік-есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару (тәсілдерін), дағдыларын қалыптастыру, үш таңбалы сандармен жазбаша есептерге қатысты білімдерін бекіту.

2.Дамытушылық-есептеу және есте сақтау, логикалық ой-өрістерін дамыту.

3.Тәрбиелік-жылдам, шапшаң ойлап есептей білуге үйрету өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау


Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру

Қызығушылықты ояту

Психологиялық ахуал

«Бір бірімізге амандасайық» әдісі

Бір біріміге бұрылып, көздеріңізге қарап күлімдеңіздер!

Сізге:

Табыс (Бас бармақ)

Шаттық (сұқ саусақ

Қуаныш (ортаңғы саусақ)

Мейірімділік (аты жоқ саусақ)

Сәттілік (шынашақ)

Тілеймін ! (алақан)


«Ой қозғау» әдісі арқылы сұрақ жауап алу

1.Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )
2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен
кем сан шығады? ( үтір )
6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы
бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
10. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )

Мағынаны тану


Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.

1-топ №1,2

2-топ №2,3

3-топ №4,5

№6 тапсырманы тақтада орындау.

ҚБ : « Торт кесектері»

Бүтін торт-керемет

Жарты торт-тырыс

Бір тілім торт-ойлан

.

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.





Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

Мектеп - бақшаға 300 кг жемістер әкелінді. Алма мен алмұрт 230 кг, алма мен апельсин 200 кг. Мектеп – бақшаға әрқайсысынан неше кг әкелінді?
Жауабы: 300 кг – 230 кг = 70 кг (апельсин)
200 кг - 70 кг = 130 кг (алма)
300 кг – 200 кг = 100 кг (алмұрт)




ҚБ:“Үш шапалақ”





Кері байланыс. «Желкенді қайық»

-Тапсырманы сәтті орындасаң, желкенді сары түске боя.

-Сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді жасыл түске боя.

-Тапсырманы орындау қиын болып, мұғалімнің көмегіне жүгінсең, желкенді қызыл түске боя.



Рефлексия.

1.Бүгінгі сабақтан алған әсерім?

2.Маған не ұнады/ не ұнамады?

3.Тапсырманы орындаудағы қиыншылықтар?




Үй тапсырмасы

№7,8 10-бетте

Күнделіктеріне жазады





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі